ДГ субстраттан сутегін, гидрид ионын (Н-), электрондарды (е-) бөліп шығару арқылы тотығу реакцияларын катализдейді.
сутекті (электронды) беруші зат – сутектің (электронның) доноры,
сутекті (электронды) қосып алушы зат – сутектің (электронның) акцепторы.
Реакция барысында Н немесе е- жоғалтқан қосылыс тотығып, қосып алған қосылыс тотықсызданады.
ДГ-ң саны 150-ден асады.
Негізгі өкілдері:
Пиридин ферменттері (ПФ);
Флавин ферменттері немесе флавопротеиндер (ФП).
Пиридин ферменттері (ПФ)
ПФ – екі компонентті ферменттер.
Ко:
никотинамидадениндинуклеотид (НАД)
никотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ).
ПФ-нде апофермент пен кофермент Zn2+ арқылы әлсіз байланысқан.
ПФ коферменттерінің құрамы:
НАДФ -ң НАД -н айырмашылығы: АМФ –ң құрамындағы рибозаның 2/ ОН тобына фосфор қышқылы қалдығы қосылған.
НАД-ң құрамы:
Никотинамид (РР вит.);
рибоза;
фосфор қышқылы;
АМФ.
НАД
НАДФ
Митохондрияда кездеседі
Цитоплазмада, микросомада кездеседі
Биологиялық тотығуға (БТ) қатысады, тіндік тыныс алуды, энергия бөлінуін қамтамасыз етеді.
Биологиялық тотығуға қатыспайды, тотықсыздандырғыш ретінде:
май қышқылдарының,
холестеролдың,
стероидты гормондардың синтезіне;
улы заттардың детоксикациясына,
гемнің ыдырауына қатысады.
ПФ тотыққан және тотықсызданған формада болады.
ПФ – біріншілік ДГ, яғни субстратты тікелей тотықтырады.
ПФ құрылысы жағынан күрделі болғанымен, іс жүзінде никотинамид қана тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысады. Қалған бөлігі реакция барысында коферменттің тұрақтылығын сақтап, реакцияның ақаусыз жүруін қамтамасыз етеді.
Никотинамид субстратты тотықтырады, өзі тотықсызданады, яғни субстраттан бөлінген Н атомын С4 орнына, ал 2е--ды 1-ші орындағы азот ионына қосып алады.
Нәтижесінде никотинамидтегі 3 қос байланыс 2 қос байланысқа, ал азот атомы бейтарап күйге тотықсызданады. Кофермент пен апофермент бөлініп кетеді:
SH2 S ПФ (НАД) НАДН2 + АпоЕ тотыққан тотықсызданған