Трансферазалар – атом немесе атом топтарын бір қосылыстан екіншісіне тасымалдау реакцияларын катализдейтін ферменттер класы. Көбі екікомпонентті, жасушалық ферменттер, тасымалдайтын топтарының ерекшелігіне қарай 8 топқа бөлінеді.
Аминотрансферазалар (трансаминазалар) тобы
Аминотрансферазалар амин қышқылдарындағы амин тобын кето қышқылдарына тасымалдап, жаңадан сәйкес амин қышқылы мен кето қышқыл түзеді. Екікомпонентті, Ко – пиридоксальфосфат (В6 витамині + Н3РО4):
Аминотрансферазалар катализдейтін реакцияларды қайта аминдену (трансаминдену) деп атайды, реакциялар –қайтымды.
Аминотрансферазалардың 20 -н астам түрі бар, 2 өкіліне тоқталамыз:
Аланинаминотрансфераза (АЛТ)
Аспартатаминотрансфераза (АСТ)
АЛТ және АСТ органдық арнайылығы бар ферменттер.
Бауыр ауруларында (гепатит, сарғыштану) қанда АЛТ активтілігі артады.
Миокард инфарктысы кезінде қанда АСТ активтілігі артады.
Сондықтан бұл ферменттерді анықтаудың диагностикалық маңызы бар.
Оксидоредуктазалар – организмдегі тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейтін ферменттер класы.
Екікомпонентті ферменттер, жасушаларда кездеседі.
90 тобы бар, негізгі 4 тобын қарастырамыз.
Оксидоредуктазалар Дегидрогеназалар (аэробты, анааэробты) Цитохромдар Каталаза, пероксидазалар Оксигеназалар