НАДН2 НАД ФП (ФМН) ФПН2 (ФМНН2) тотыққан тотықсызданған ФП тотықсызданғанда диметилизоаллоксазин сақинасындағы 2 қос байланыстың орнына 1 қос байланыс түзіледі. Соның нәтижесінде 1ші және 10шы орындардағы азотқа (N1 және N10) сутек атомдары байланысады. Тотықсызданған ФП убихинон арқылы тотығады.
тотыққан (сары) тотықсызданған (түссіз) Кейбір ФП оттегімен тікелей әрекеттесіп, сутегінің асқын тотығын (Н2О2) түзеді. Реакцияның сипаты дегидрлену емес, оттегімен тотығу болғандықтан, оларды оксидазалар деп есептеуге болады. Мысалы, ксантиноксидаза, моноаминоксидаза (МАО), диаминоксидаза (ДАО).
Цитохромдар Цитохромдар деп жасушада және микроорганизмдерде кездесетін, биологиялық тотығу (БТ) тізбегінде электрондарды тасымалдайтын бір топ ферменттерді айтады. Олар сіңіру спектрінің ерекшелігіне қарай бөлінеді:
Цитохромдар (Цх) – екікомпонентті,
Ко – гем және оның туындылары.
Гемнің құрамындағы темір ионы ауыспалы валентті, сондықтан олар электронды қосып алып, тотықсызданған күйге (Fe2+) және электронды жоғалтып, тотыққан күйге (Fe3+) айналады.
тотыққан – ферри (Fe3+), тотықсызданған – ферро (Fe2+).