Суға сезімталдылық – арпаны ылғалдандыру қабілеттілігі. Пісіп жетілу кезеңінде дәнді-дақылдардың жетiлу стадияларына және табиғи жағдайларына байланысты болады. Дәнде өсу процесстерiн бөгейтін ферул қышқылы жинақталады. 10 %-ке дейін – ылғалдандырудың төменгі дәрежесі; 10-25 % - көп емес; 26-45% - нормалы және 45% - өте жоғары дәрежесі (арпа суға сезімтал болып есептеледi) болып саналады.
Қабыршақтылық - (мякин қабығы) гүл қабыршақтарының проценттi құрамы. Қабыршақтылығы үлкейген сайын крахмал құрамы және экстрактивтілігі азаяды. Қалың қабыршағының құрамында ащы заттардың көп мөлшері болады. Бұл көрсеткіш сыра қайнатуға арналған арпа үшін 7-9% аралығында болу керек, бірақ 10 % көп болмау керек.