2 Дәрiс. Тақырып: Ашыту өндiрiсінің негiзгi шикiзаты. Құрамында крахмалы бар шикізат



бет2/10
Дата07.02.2022
өлшемі111,15 Kb.
#97039
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ba0f43ba-3250-11e3-9d7d-f6d299da70eeлекции брод 3 курс каз

Дәнді-дақылдар культурасы.
Ашыту өндiрiстерінде шикiзат арасында дәндi-дақылдардың біршама салмағы бар. Сыра қайнату өндірісінде арпа негiзгi шикiзат болып табылады. Спирт өндірісінде жүгерiнi, арпаны, сұлыны, тарыны, қара бидайды өңдейдi. Дәнді-дақылдардың маңызды құрамды бөлiгi - су. Жинау шарттарына байланысты ылғалдылық 12-20% аралығында ауытқиды. Дәнді-дақылдарда судың орташа құрамы 14%. Су құрамының көп мөлшері құрғақ заттардың азаюына әкеп соғады. Арпа дымқыл болған жағдайда жаман сақталып, иістенеді, шығымдылығын жоғалтады, баяу өседі, микроорганизмдермен оңай зақымдалады. Мұндай дәнді-дақылдар жазда тез қызады, қыста – біріңғай массаға айналып қатып қалады.
Су құрамына байланысты арпаның дәнi төмендегiдей классификацияланады: құрғақ (14%-ке дейiн); орташа құрғақтық (14-15,5%); дымқыл (15,5-17 %) және шикi күйiнде (17%). Арпаның ылғалдылығы 15,5 %-кризистiк. Ылғалдылығы кризистiк мөлшерден жоғары болған жағдайда дәнді-дақылдарды кептiредi.

Арпа сапасының физико-химиялық көрсеткiштерi: Зерновые культуры





Көрсеткіштердің аталуы

Мағынасы

1-ші класс

2-ші класс

Ылғалдылығы, %, артық емес

15,0

15,5

Ақуыз, %, артық емес

12,0

12,0

Жиынды қоспа, %, артық емес, оның ішінде: зиянды қоспа

1,0
0,2

2,0
0,2

Дәнді қоспа, %, артық емес

2,0

5,0

Кіші дәнді-дақылдар, %, артық емес

5,0

7,0

Ірі дәнді-дақылдар, %, кем емес

85,0

60,0

­­­­Өсу қабілеті, %, кем емес (жиналғаннан кейін 45 күннен кейін жеткізілетін дәнді-дақылдар үшін)

95,0


90,0


Тіршілікке қабілеттілігі, %, кем емес (жиналғаннан кейін 45 күннен кейін жеткізілетін дәнді-дақылдар үшін)

95,0


95,0


Дәнді-дақылдардың зиянкестермен зақымдануы

жіберілмейді, (1-ші дәрежелі) кенемен зақымданғаннан басқа (20 шт./кг)

Ақуыздың көп мөлшері қажет емес. Ақуыздың құрамы 1%-ке жоғарлағанда уыттың экстрактивтілігін орташа 0,7%-ке; еру дәрежесі 0,3-0,5%-ке; Кольбах санын – 0,4-2,0 %-ке төмендетеді. Ақуыздың құрамы 9%-тен кем болғанда көбіктендіру және дәм толықтыру үшін қажетті азотты заттардың мөлшері азайтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет