Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Өндірістік кәсіпкерліктің мәні
2. Өндірістік кәсіпкерліктің маңызы
3. Консультативтік кәсіпкерліктің мәні
4. Консалтингтік қызметтер
5. Өдірістік кәсіпкерліктің негізгі экономикалық көрсеткіштері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің әртүрлі жіктелімдері бар:
* мазмұны бойынша;
* меншік иелерінің саны бойынша;
* ұйымдастырушылық байланыстар бойынша;
* құқықтық қатынастар бойынша.
Экономикалық қызмет, көбею циклінің кезеңдерімен байланысты (өндіріс, бөлу, айырбастау, тұтыну). Осыған байланысты кәсіпкерлік қызмет мынадай түрлерде болуы мүмкін:
* өндірістік;
* коммерциялық;
* қаржылық;
* сақтандыру;
* делдалдық немесе кеңес беру.
Өндірістік кәсіпкерліктің түрі, егер де кәсіпкер:
* өндіріс факторларын тікелей қолданса;
* тұтынушыларға, сатып алушыларға, сауда ұйымдарына тікелей сату үшін тауарлар, қызметтер және жұмыстарын өндірсе;
* пайданы, тауарды сату бағасы мен өндіріс шығындары арасындағы айырмашылықтан туындайтын болса, орын алады.
Өндірістік кәсіпкерліктің негізін материалдық және зияткерлік өндіріс құрайды.
|