2. ДӘріс тезистері


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет4/24
Дата19.05.2022
өлшемі123,79 Kb.
#144106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері (2)

Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1. Спорттағы дене жаттығуларынңы қазіргі кездегі жіктелуі.
2. Спорттық дене күйлерінің және статикалық жүктемелердің физиологиялық сипаттамасы.
3. Стандартты динамикалық және ациклді қимылдардың физиологиялық сипаттамасы.
4. Стандартсыз қимылдардың физиологиялық сипаттамасы.


Тақырыбы: Биоэнергетика (Қуат алмасуы)


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Тірі жүйелердегі қуат алмасуы. Тірі ағза — ашық жүйе.

  2. Биоэнергетика туралы түсініктер және биоэнергетика заңдары.

  3. Тірі ағзалардың қуат көзі. Тотығу — тірі жүйелердегі қуат өндірілуінің негізгі жолы. Тотығу реакцияларының үш түрі: оттегінің тікелей қосылуы, сутегінің бөлінуі, электрондар тасымалдануы.

4. Аденозинүшфосфат қышқылы (АҮФ) - ағзадағы универсалды қуат көзі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тірі ағзалар – бұл ашық жүйелер: олар қоршаған ортадан қажетті заттарды алып, сол жаққа қорытылған заттарды шығарады.
Биоэнергетика (қуат алмасуы) термині грек тілінен аударғанда: βιος (өмір) и energetic (қимыл әрекетке қабілеттілік) дегенді білдіреді. Алғаш рет бұл терминді 1956 жылы Нобель сыйлығының лауреаты А. Сент-Дьёрди енгізді.Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында биоэнергетика өз алдына жеке ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, химия, биохимия, биофизика, молекулярдық және клеткалық биология, генетика мен микробиология сынды ғылымдарда қол жеткізген жетістіктерін біріктірді. Қазіргі кезде "биоэнергетика" термині ілімнің мынадай мағыналарда қолданылады:

  1. Биоэнергетика — биохимия мен биологияның түйісінде, организмдердің сыртқы энергияны пайдалы іс-әрекетке айналдыру үдерістері мен клеткадағы энергиялық үрдістерді зерттейтін ғылым.

  2. Биоэнергетика — биожанармайларды қолдануға негізделген электроэнергетиканың бір саласы.

Энергияның ағзадағы айналысы, жансыз табиғаттағыдай, энергияның сақталу заңының әрекетіне байланысты, бірақ тірі жүйелердегі энергия алмасуының кейбір ерекшеліктері болады. Макроэргиялық байланыстардың энергиясы қуаттың басқа түрлеріне айналуы мүмкін, солайша, жылу қалыптастыру фазасын өтіп кетіп, бұлшық еттің механикалық жұмысына айналуымүмкін.
Биоэнергетиканың 1 заңы: Тірі клетка пайдалы жұмыс атқару үшін қоректік заттардың энергиясын тікелей пайдаланбайды. Алдымен олардағы энергияны АТФ-ке немесе биологиялық мемебранадағы протондық немесе натрийлік потенциалға айналдырады. Осы энергия көздеріндегі қуат белгілі бір жұмыс атқаруға жұмсайды.
Биоэнергетиканың 2 заңы: Тірі клеткада әрқашанда қуат жинақталған 2 энергия көзі бар: АТФ және биологиялық мемебранадағы протондық немесе натрийлік потенциал қуаты.
Биоэнергетиканың 3 заңы: Клеткадағы қуат көздері біріне бірі айнала алады, нәтежиесінде қоректік заттардан алатын энергия біреуінде жинақталса, клеткадағы тіршілік үрдістері жүре береді.
Клеткаларда белок, май, көмірсу, оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайтадан өндіріледі. Қоректік заттардың тотығу нәтижесінде бөлініп шығатын қуаттың мөлшері сол заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэфициенті деп атайды. Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, азығына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде тәулігіне 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс кезінде бұл мөлшер істеген жұмысқа сай 2-3 есе артады.
Өзінің құрамында қуатты көп жинайтын денедегі тамаша зат ол - АҮФ (немесе АТФ). Бұл аэробты ортада болатын, яғни тотығу арқылы қуатты жинау жолы. Қуаттың өндірілетін тағы да бір жолы - көмірсулардың анаэробты ортада ыдырауы (гликолиз). Аэробты катаболизмді (оттегінің қатысуымен жүретін) үш негізгі сатыға бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет