2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет18/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

объектілер.

Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді карау деген түсінігіне талдау жасайык.

Криминалистикалык оқулыктарда бұл тергеу әрекетінін ма-ғынасына әр түрлі түсінік, үғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасак, бүларда негізінен тек редакция-лык айырмашылыктары бар екендігі байкалады. Негізінен берілген түсініктерде бүл тергеу әрекетінін мағынасы, онын міндеттері және маңызы, сонымен катар тергеу әрекетін жүргізу үстінде колданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және кандай максатпен жаса ғандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстык. іс бойынша тергеу жүргізгенде бұл мәселелерді аныктау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселе-лер жалпы тергеудін алдында түрған міндет, олар бірнеше тер-геу әрекеттерін жүргізу аркылы шешіледі. Сондыктан бүл мәселелерді шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни окиға болған жерді карауға жүктеуге, әрине болмайды.

Кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауға катысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтканда, жүргізілетін жүмыстар катарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жаткыза-ды. Жедел-іздестіру жұмыстары процессуальды әрекеттер қата-рына жатпайды, оны аныктаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудін бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жал-ғасады. Сондықтан мүны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау үғымына кіргізу орынсыз. Әрине, окиға болған жерді карау үстінде жедел-іздестіру жүмыстары да жүргізіледі, бірак бұл іздестіру жұмыстары окиға болған жерді қараумен шектел-мейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді.

Айтылғандарды тұжырымдай келіп, бұл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: окига болған жерді қарау дегеніміз іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табуға, оларды бекітуге, алуға және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жа-салган қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Осы түсінікте окиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау үстівде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі криминалистикалык әдістер мен тәсілдер, арнайы кұрал-саймандарды пайдалану аркылы ізделіп, бекітілуі зерттелуі керек. Сонымен қатар қарау үстінде объектілердін орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қыл-мыстын мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді карауда бүл мәліметтердің маңызы зор. Окиға бол-ған жерді карау тергеудің ен бастапқы кезенінде, кылмыс бол-ғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу аркылы ете кұнды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Кдрау мезгілінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер аркылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анык-тауға, кылмысты жасауға катынасқан адамдар жөнінде және істің баска да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек кана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада караған жағдайда ғана мол мүмкіндік туады. Егер оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, заттай дәлелде-мелер ауа райы және баскд да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп калуы мүмкін, тіпті олардын жойылып кетуі де ыкти-мал. Міне, осыған байланысты тергеуші хабар алысымен, тез арада кылмыстың болған жеріне баруға, оны кешіктірмей қарауға әрекет жасауы тиіс. Окиға болған жер түнде де карала-ды. Егер мұндай кезде жарык, нашар болып, окиға болған жерді егжей-тегжейлі үкыпты карап шығуға мүмкіндік болмаса, бұл жер жарык түскеннен кейін каралуы керек.

Жасалған кылмыстың түрлеріне орай окиға болған жерді караудын өзіндік ерекшеліктері бар. Бүл ерекшеліктер жеке кылмыстарды тергеу әдістемесінде карастырылады.

Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.

Тергеушініңдайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең — тергеушінің окиға болған жерге шыкпай түрып, окиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындык, жұмыстары. Бұл ' бірінші кезенде тергеуші мына төмендегі дайындык жұмыста-рын атқарады:

  1. өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сактап калу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтканда, полиция қызметкерлеріне нұскду береді;

  2. окиға болған жерді карауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жүмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;

  3. окиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалык күрал-саймандарды және басқа да кажетті жабдыктарды дайындайды.

Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап калу жөнінде нұскду берумен қатар полиция кызмет-керлеріне кылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды аныктау және баска да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді.

Окиға болған жерді карайтын тергеу тобын кұрғанда тергеу-ші қарауға кандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперт немесе арнайы медициналық білімі бар адам кдтыстырылуы керек. Іздерді және баска да заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерт-теу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Кдрала-тын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да маман-дардың қатысуы мүмкін.

Карауға пайдаланылатын кұрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы кажет.

Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі да-йындык жұмыстарын жүргізеді:



  • жәбірленушінің хал-жағдайы аныкталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;

  • оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;

  • полиция қызметкерлерінің және баска да лауазымды адамдардың баяндауынан окиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың кандай себептен болғанын аныктайды;

  • қылмысты көзімен керген куә адамдарды сұрау аркылы, окиға жөнінде деректі мәліметтер алады;

  • керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нүсқау береді;

  • қарауға катынасатын куәгерлерді анықтап, оларды занда көрсетілген кұкыктары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нүсқау береді;

  • тергеу әрекетін карауға катысы жок бөтен адамдардын бүл жерден кетуін талап етеді;

  • жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану аркылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны үстауға нүскау береді.

Жоғарьща көрсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туын-дайтын баска да дайындык жұмыстарын бітіріп, тергеуші окиға болған жерді карауға кіріседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет