2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет17/39
Дата16.05.2020
өлшемі1.02 Mb.
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Криминалистикалық болжамдар түсінігі мен мәні.

  2. Болжамдарды құру және тексеру, оларды құру негізі.

  3. тергеуді жоспарлаудың түсінігі және негізгі қағидалары.

  4. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

12 лекция. Тергеулік қарау және куәландыру тактикасы.

Мақсаты: Қылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, қүжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және кылмыстык істін мән-жайла-рын зерттеу максатында тергеушінін кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен түратын тергеу әрекеті туралы түсіндіру.


  1. Тергеулік қараудың түсінігі, мәні және міндеттері

  2. Тергеулік қарау түрлері, қағидалары және олардың жіктемесі

  3. Оқиға болган жерді караудың түсінігі, манызы және міндеттері

  4. Оқиға болған жерді қарау аддында жүргізілетін дайындық жұмыстары

Тергеу қарауы — қылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, қүжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және кылмыстык істін мән-жайла-рын зерттеу максатында тергеушінін кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен түратын тергеу әрекеті.

Кылмыстык іс жүргізу заңы бойынша карау — қылмыс ізін, өзге материалдык объектілерді аныктау, сондай-ақ іс үшін ма-нызы бар жағдайларды айқындау максатында тергеуші, ал ол жок болған жағдайда анықтаушы немесе кылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары кызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, қүжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.

Криминалистикалык окулықта тергеу қарауының келесідей максаттары керсетілген:

- тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы не-месе кешенін тікелей зерттеу;



— окиғаның, кылмыстын механизмі, жері орны, кылмыс-кердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстык іс бойынша аныктауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапкы акпарат-ты алу;

— қылмыстың суымаған ізі бойынша кылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;



  • тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;

  • тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау.

Тергеу қарауының түрлерін әр түрлі негізер бойынша жік-теуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бо-йынша, көлемі бойынша.

Қылмыстык іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері көрсетілген:

  • оқиға болған жерді;

  • заттай дәлелдемелер;

- мәйіт;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін карау.

Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан кдрау объектілеріне:

— қылмыстың қаруы және қүралы;

- құжаттар, фото-, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен катар, пошта-телеграфты хат-хабар;



  • жануарлар;

  • көлік кұралдары;

  • компьютерлер;

  • сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесі.

Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі түрін ажырата-мыз:

  • алғашқы;

  • қайталама.

Қайталама карауды жүргізу жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы карауды сапасыз жүргізу (колайсыз метеоро-логиялык жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), кажетті техника-лық кұрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайта лама карауды жүргізу кажет екендігін көрсететін мәліметгердің алынуы, алғашқы карауды толық, егжей-тегжейлі жүргізілмесе және дүрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен катар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нүсқауымен жүргізіледі.

Көлемі бойынша тергеу карауы негізгі және қосымша деп белінеді. Алғашкы қарау көп жағдайда негізгі карау болып та-былады. Сондыктан тергеуші караудың жан-жакты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша карау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы кажет. Бірақ кей жағдайларда косымша карау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі кдрау кезінде жеке-ленген учаскелерге, объект элементтеріне карау жүргізілмеген жағдайларда. Мысалы, бухгалтерлік күжаттарға карау жүргізу кезінде журнал-ордерлер, ведомстер зерттелінді, бірак, №10 ведомстің болмауы себебінен қарау жүргізу мүмкін болмады. Кешірек бухгалтердін үсынуымен №10 ведомстке карау жүргі-зіліп, қосымша кдрау хаттамасында бекітілген.



Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуаль-дык және тактикалык талаптар қойылады.

Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті катысуымен жүргізі-леді, ал оқиға болған жерді карау кезінде өзге жағдайлар да бо-луы мүмкін.

Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардын болуы кджет. Олардын міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куә-ландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, кри-миналист-маманның барлық әрекеттеріне бакылау жүргізуі ке-рек.

Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен катыстырта алады.

Кдрауға сонымен катар, тергеуші мамандарды шакыра ала-ды. Қаралатын объектініңтүріне байланысты криминалист-ма-ман, дәрігер (медицина қызметкері), экономист, инженер, хи-мик және т.б. шакыртылады.

Тергеу ситуациясына, каралатын объектіге байланысты участ-ковый, патруль, жол полиция қызметкерлері кдрауға қатысады.

Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалык нұскау-ларын үсынады:



1) караудың кейінге каддырылмай, дер кезінде жүргізілуі;

  1. максатты түрде жүргізілуі, караудын барысы мен нәтижесіне талдау жасау;

  2. криминалистикалыктехникаталаптары мен ережелерінің сақталуы;

  3. қараудың бір бастамамен жүргізілуі;

  4. тергеу қарауының барлык. нәтижелерін толык және объективті бекіту.

Қылмыстық істерді тергегенде әр түрлі объектілерді карауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және баскд да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар окиға болған жерді караумен қамтылады. Егер айтылған объектілер окиға болған жерден тыс жерде карал-са, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.

Мысалы, ауыр жаракат алып, халсіз жаткдн жәбірленуші ейханаға алып барғаннан кейін кайтыс болса, оның мәйітін қарау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қараумен камтылмайды.

Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоға-рьща айтылған объектілер окиға болған жерде қаралады.

Окиға болған жерді карау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмыстык іс козғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп кылмыс-тардың тергеуі окиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тер-геу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қыл-мысты ашуға керекті, өте кұнды дәлелдемелер жинап алуға бо-лады. Қылмыстық оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдар-дың белгілі бір әрекет-кимылдарынан тұратывдықтан ол айна-ладағы ортаға әсер етіп, сол кылмыс жасалған жерде көптеген іздер калдырады.

Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада колда-нылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (колдың ізі, аяккиімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кен ма-ғынада кылмыс іздері деген ұғымға окиға болған жерде калған заттар, кираған, сынған нәрселер және кылмысқа байланысты айналада болған езгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердін бәрін негізге ала отырып, оқиға болған жерді карау үстінде тергеуші окиғаның қалай болғанын, айталық, оньщ механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Окиға болған жерді караудын манызы, әрине мүнымен шектелмейді. Себебі, карау үстінде тергеуші осы кылмыска байланысты іздерді, заттай дәлелдемелерді, өте күнды деректерді тауып алып, оларды дәлел-деме есебінде пайдаланады.

Оқиға болған жерді караудын тергеу әрекеті есебіндегі ма-ңызын дүрыс үғу үшін алдымен оның түсінігіне токталайык. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын талдайык. Окиға болған жер деген түсінікке окиға болған жер және осы кылмыстың іздері табылған жерлер жатады. Сондык,-тан бұл үғымға тек кана кылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мүнымен катар бүл ұғымға қылмыс жасауға дайындык. жүмыс-тарын жүргізген жер, кылмыс жасауға қолданған кару және баска да заттай дәлелдемелер тапкан жер де жатады. Ол - жеке үй, пәтер, ашык алан, су айдыны, вагон, тағы баска да объектілер болуы мүмкін. Бір кылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны баска жерге апа-рып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, адамды өлтірген жер де, мәйітті белшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де окиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған кыл-мыс бойынша бірнеше оқиға болған жерді кдрауға тура келеді. Айта кететін бір жай, окиға болған жер деген түсінік пен кыл-мыстын болған жері деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке тергеліп отырған кылмыстың нактылы болған жері жатады. Ол — оқиға болған жер деген түсініктің қүрамдас бір

элементі.



Айтылғандарды тұжырымдайтын болсак, окиға болған жер дегеніміз қылмыстын жасалған жері және де сол қылмыстың іздері табылған ашық алан, пәтер, жеке үй және баска да



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет