2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет20/39
Дата16.05.2020
өлшемі1.02 Mb.
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Тінті және алу түсінігі мен міндеттері

  2. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту

  3. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары

  4. Тінтудің алудан айырмашылығы

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген


.
14 лекция. Жауап алу және беттестіру тактикасы.



Мақсаты: Жасалған кылмыстын мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар кылмысты ашуға пайдаланылуының маңызын түсіндіру.

  1. Жауап алу мен беттестірудің түсінігі және мәні

  2. Жауап алу мен беттестіру тактикасының жалпы қағидалары

  3. Жауап алу және беттестірудің түрлері

Жауап алу дегеніміз - занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол аркылы жасалған кылмыстын мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар кылмысты ашуға пай-даланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір-ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол кылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, манызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын артгыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қол-данылады. Бірак, ол каншалыкты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген тәртіпке кайшы келмеуі керек.

Жауап алғанда кылмыстык оқиғаға катысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамнын кдтысқа-ны, істеген кылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және кылмыстык окиғанын басқа да мән-жайлары анықтала-ды. Бүлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей катысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ак, жауап алу аркылы тікелей кылмыстық оқиғаға катысы жоқ, бірак. кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, кылмыскердің кайда жүр-генін, оның мекен-жайын білу үшін кылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралыктүрінің, кылмыстыкоқиғағатікелей қатысы болмасада, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын аныктауда үлкен манызы бар.



Жәбірленушінің, куәнін жауаптары істегі баска деректерді нактылап, тергеушінін, соттын окиғаның мән-жайына толық канығып, тиісті шешім кабыддауына зор септігін тигізеді. Де-генмен, болған кылмыстын мән-жайын кылмыскердің өзінен артык. ешкім білмейді. Сондыктан кылмысты мойындап, өз кателігін дүрыс түсінген кылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірак оны асыра бағалап, оған ерекше сенімді лікпен карауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінін артыкшылығы жок. Сон-дықтан кылмыскердін кылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен карау керек. Тіпті, кей жағдайларда кылмыскердін жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсак кылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр кылмыстарынан кұтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлык деректердің тұжырымды корытындысына ғана негізделуі тиіс.

Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінін осы тергеу әрекетін өткізу адцывда жүргізген дайындық жүмыс-тары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не кылмыскер-ден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, кұжат-тарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толык танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында кандай мәселе-лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге кандай сұрак кою керек екендігін және осы сүрактарды қандай кезекте кою керек екендігін алдын ала анык-тап, белгілеген жөн.



Жауап алуға дайындық үстівде қажет адамнын мінез-күлкы, моральдык және зияткерлік (интеллектуалдык) қасиеттері женінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.

Дайындық жұмыстарын еткізу барысында жауапты кай уакытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шеш-кенде, жауап алуға шақырылатын куәнін денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап бе-руге азғырып, көндіруі мүмкін деген кауіп туса, одан уақыт еткізбей дереу жауап алған жөн.

Жауап алу уакытын белгілегенде тергеуші бұған өзінін бос уакыты бар ма, жок, па соны мүкият ескеруі тиіс. Бүрын баска тергеу әрекеттері жоспарланған, баска да жұмыстар қат-кабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шар-шап жүргенде өткізілген шаранын сапасы, әрине, төмен болады.

Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарла-нады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жүмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Кылмыскер камауда отырса, тергеуші одан жауапты кебінесе сол камау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, камау орнының әкімшілігі тергеушінін жүмыс бөлмесіне жеткізеді.

Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы тол-маған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің калауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да катысады.

Дайындык жүмысы жауап алу жоспарын күрумен аяктала-ды. Жауап алынатын әр адамға арнап кұрған жоспарда, оған койылатын сүрақтар жазылады, істегі кандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді кавдай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар күру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте кажет. Көп көріністі істерде мүндай жоспар істің мән-жайын толык зерттеп, аныктауға көмектеседі.

Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қан-дай көлемде және кавдай мәлімет алуға болатынын білу үшін, куәнің, жәбірленушінің ойында жауаптың калыптасу ерекше-ліктерін есепке алуы керек.

Жауаптың калыптасу процесі бірнеше кезеңнен күралады. Бірінші кезең - окиғаны, не істің баска бір мән-жайын қабыл-дау (көру, есту), екінші - осы кабыддап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге ай-тып жеткізу кабілеті.

Болған окиғаны қабылдап алу, оқиғаға катысты мәлімет-тердің толык қабыддануы белгілі бір себептерге байланысты. Бүл себептер объективті және субъективті болып екі топқа бөлінеді. Объективті себептер — көруге, естуге бегет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің кабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер окиғаны шұғыл, ты-ғыл таяң уақытта кдбылдау, жарықтың түсу жағдайының на-шар болуы, катты шудан нашар естілу, болып жаткан окиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, кар не жауын жауып түрғанда окиғаны кабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анык керіп, естіп кабылдауына бегет жасайды, оқиға жөніндегі акпаратгың толыктығына, сапасына кері әсер етеді. Сондыктан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.



Кабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамның қабыддау мүшелерінің кемісті-гімен, есту, көру мушелерінін кабылдау кабілетінін төмендігімен бірге, окиғаны толык және анык қабыддауға жауап беруші адам-ның мамандығы, жасы, интеллектуалдык. кабілеті, ол окиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жок па, міне, осы-ның бәрі әсер етеді. Айталык, жол-көлік окиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік. Куәлардың біреуі — айта-лык карт адам, екіншісі — автокөлік жүргізушісі. Екеуі де окиғаны бір жерден бірдей кдшықтыктан көрді дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәнін кайсысынан оқиға жөнінде толык мәлімет алуға болады? Әрине, окиғаны бірдей жағдайда көргенімен толык мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машина-ның маркасын, түрін ғана айтып қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсалды, сабырлы адамның окиғаны кабылдау кабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға карағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал аңғалак адамдар-дан мүны күту киын. Сондай-ак, әсіресе, жасы толмаған, куә есебінде жауап алынатын балалар, көрген окиғаға киялында-ғысын косып, асыра айтуы, сейтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондыктан тергеуші жас балалардан жауап алғанда олардын осындай психологиялык ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Жауаптың толыктығына, шындығына, сонымен катар куә-нін, жәбірленушінің болған оқиғаны үмытпай, ойында сактау кабілеті де әсер етеді. Ал, ондай қабілет әр адамда әр түрлі -кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетті есте жақсы сақтайды, екінші біреу - көрген жерін ұмытпайды, сондай-ақ естігенін есте жақсы сақтайтын, керісінше, өте ұмытшақ адамдар бар. Тергеуші жауап алғанда осынын бәрін ескеріп, кажеттілік туса үмытылған жайттарды еске түсіру үшін колайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек.

Болған окиғаны есіне түсіріп, жауабын толык айтып жеткізу кабілеті де әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұкият ескерілуі тиіс. Жауап куәнің, не жәбірленушінін болған окиға-нын мән-жайын еркін баявдауынан басталады. Куә, не жәбірле-нуші, езінің өтініші бойынша, жауап бергеннен кейін, жауа бын өз колымен жазуына кұкығы бар. Тергеуші толык жауапты естігеннен кейін, жауап беруші адамға косымша сұрактар койып, істін кейбір мән-жайын нактылайды.

Косымша сұрак бергенде тергеуші заңда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек:

  • койылған сұрақтардын анык және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс;

  • жетектеуші сүрақтарды қоюға болмайды;

  • берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, корлауға, коркытуға бағыггалмауы керек.

Жауап алғанда тергеу әрекетін жүргізуге колайлы, тиімді жағдай жасалуы тиіс. Егер куә асып-сасып, ренжіп, кобалжып отырса, оның көңілін жуатып, жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Әрине, жауап алғанда куәнің, не жәбірленушінің мінез-күлкын, мінезінін психологиялык ерекшеліктерін (мақтаншак, кызба, сабырлы) ескерудің маңы-зы айрыкша. Себебі мұнын бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалық бағыт ұстауына негіз бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет