2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет21/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Жауап алу мен беттестірудің түсінігі және мәні

  2. Жауап алу мен беттестіру тактикасының жалпы қағидалары

  3. Жауап алу және беттестірудің түрлері

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген



15 лекция. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы.

Мақсаты: Кылмыстық істерді тергеуді тездету мен ашу мақсатында тергеушінің айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы арқылы жүзеге асыруының ерекшелігін ашу.

  1. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылаудың түсінігі жәнекриминалистикалық міндеттері.

  2. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылауға дайындық.

  3. айғақтарды тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.

Кылмыстык істерді тергеу үстівде кеп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердін берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді.

Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді окиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындықка жата ма, жоқ па деп сынап көреді.

Осындай карау устінде жауапта айтылған жерді, онда орна-ласкан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар жөнінде толык ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру аркылы, оқиғанын болу жолын, осы жердің ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндайда кандай іздер қалады, олар қай жерде калуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелде-мелер тауып алуы мүмкін.

1960 жылға дейін процессуальдык заңда мүндай тергеу әрекеті жок болатын. Бірак айғакты окиға болған жерге шығып анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде колданылатын, оны жауап алудын жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бүл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процессуальдык тергеу әрекеті есебінде занда көрсетіліп, тергеуде жиі кодданылатын болды. Әрине, бүл тергеу әрекетін жүргізгенде баска тергеу әрекетінін кейбір элементтері, әдістері де қодданылады. Бүл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді карау әдістері де колданылады, кей жағдайда тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бүл тергеу әрекеті жауап алу-мен де, окиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп ұксастығы бар. Бірак мүнда тергеу әрекетінің тек жекеле-ген кейбір әдістері ғана аралас колданатыңдықтан айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нактылау өзіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады.

Айталык, окиға болған жерде тергеудін жауап алудан айыр-машылығы мынада: окиға болған жерде тексеру айғак адамдар-дың катысуымен жүргізіледі, жауапта көрсетілген деректер окиға болған жерде кайтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәліметтерді кимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін көрсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айғакты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың ерекшелігі — танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілерді танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байкаған кейінгі өзгерістерді де баяндайды, езінің, кейде оқиғаға басқа да қаты-сушылардын жекелеген әрекеттерін қимыл үстінде көрсетеді.

Бұл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындыкты аныктай түсу, жаңа дәлелдемелер алу мак-сатында тергеуші оқиға болған жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні катыстыра отырып тексереді, егер қажеттілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пы-сықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер та-былса тергеуші оны да іске пайдаланады.

Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті ұрлағаны үшін жауапка тартылды. Тағылған айыпты мойнына алып, кылмыс жасаған жерін көрсетуге ыкыласын білдірді. Осыған байланыс-ты оқиға болған жерге келгенде А. есікті калай бүзғанын, құлып-ты қайда лактырғанын, ондағы заттарды қай жерлерден (шкаф-тан, серванттан, т.б.) алғанын пәтер жабдықтарының накты кай Жерде тұрғанын көрсетіп берді.

Айғақты окиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай-аК алдын ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыкка жата тынын не жатпайтынын аныктауға көмектеседі. Айталык, сезікті адам өзінін окиғадан бұрын осы жердегі алдында тұрған ордан секіріп, тоғай жакқа кетіп калғанын алдында берген жауабында айткан болатын. Оқиға болған жерге келіп, кдй ордан секіріп тоғай жакка кеткенін көрсетуге келгенде 4 м ордан секіріп ке-туге болмайтындығына көзі жеткен сон шындығын айтуға тура келді.

Куәден бе, жәбірленушіден бе, жок әлде айыпкерден бе кімнен жауап алынатынына орай айғакты окиға болған жерде тексеру мен нактылау үстінде әр түрлі әдістер қолданылады. Совдай-ақ, дайындык жұмыстары жүргізілгенде кодданылатын тактикалык әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге кірісер алдында тергеуші жоспар кұрған кезде мүны мұкият ескеруі тиіс. Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, кылмыстык істің жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материалдары мұкият зерттелуі тиіс.

Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы жұмыстың бүкіл барысын пы-сыктауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған катысушылар онда дер кезінде жеткізілетін көліктің түрлері әзірленіп, тексерудің қай кезінде кімді кдй жерге, кандай мак-сатта орналастыру кажеттігі айкындалуы кажет.

Дайындық кезінде жедел топтын құрамы белгіленеді. Онын құрамына тергеуші және жедел-іздестіру органдарынын қызметкерлерімен бірге ізге ит салатын кинолог, сондай-ак ма-ман-криминалист, сот-сарапшысы баскд да кажетті мамандар енгізілуі мүмкін. Содан соң куәгер адамдар қатыстырылады. Оларды іріктегенде тексерілетін істін күрделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар тексерудегі жағдайды түсініп, есте сактай алатын-дай, кейін қажеттілік туындаса жүргізілген әрекетгің мазмұны мен нәтижесін баяндап бере алатындай болуы керек. Егер қосымша куәгерлерді бір жерге бірнеше рет шақыру қажет бол-са, олардың екінші кдйтара шакырылмауын ескерген жөн.

Куәні немесе айыпталушыны окиға болған жерге олардын келісімімен ғана шығару керек.

Дайындык және тексеруді өткізу кезінде айыпталушының окиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға шын ниетімен көмектесуге ыкылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, кұтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен бай-ланыс орнатуға, окиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге не-месе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырыса-тынын естен шығаруға болмайды.

Аталған тергеу әрекетіне дайындык кезеңі әрекетке қаты-сушыларға тиісті нүсқау берумен аякталады. Онда тергеу әрекетінің максаты мен тәртібі, катысушылардын кұкығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, келесі мәселелерге айрықша назар аударылады:

а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне катысушылардың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бүрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді;

ә) барлык ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді;



б) жауабы тексерілетін адамға сүрақ тек тергеушінін рүксатымен беріледі, кандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады.

Тергеуші де өз әрекетіне өте мүкият карауы, яғни езіне икемдейтіндей әрекетген немесе сүрақтан сақтануы тиіс. Егер бүл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куә тергеушінін айтқанына ілесіп, оның сұрактарын макұлдай беретін болса тер-геу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тер-? геу кезінде тергеушінің акикдтқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде «нықтай» түсу кажет болғаңда ғана мұвдай әдістін колданылуы мумкін.

Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды өзі аныктап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек. Бұл белгілі бір объектілерді керсету-ге де катысты. Айталық, айыпталушы қылмыс жасаған бөлмеге оның қай терезесінен кіргенін көрсетуі тиіс делік. Мұндайда: «Сіз мына терезе аркылы кірдіңіз бе?» деп сүрақ коюға болмай-ды. Өйткені мұндай сұрақжауап берушіні тергеушінін ыңғайы-на қүлауына итермелейді де, акиқат толык ашылмай калуы мүмкін. Ал, егер тергеуші айыпталушының бөлмеге осы тере-земен кіргеніне сезік келтірсе, ол айыпталушыдан болған оқиғаны кайталап көрсетуін сүрайды. Мүндайда, айыпкер жал-ған жауап берсе, абыржып, айтканын дәлелдей алмауы немесе шындыкты мойындауы мүмкін.

Тергеу әрекетінің, бүл әдісінде де онын нәтижесі хатталады. Мұнда баскд да тергеу әрекеттеріндегідей ортак тәртіппен бірге аталған әрекеттің өзіндік ерекшелігі, яғни:

а) тексерудің, немесе дәлелдеменің оқиға болған жерде пысықталуының қандай максатпен жүргізілгенін түсіндіруге;

ә) жәбірленушінің немесе айыпкердін окиға болған жерге баруға өз еркімен келісім бергенін жазу;

б) айғақты окиға болған жерде тексеру мен нактылауға катысушылардың жүрген жолынын бастауы көрсетіліп, жауабы тексерілетін адамның түсініктемесі келтіріле отырып жазылған тергеу жолы;

в) оқиға болған жерді және ондағы заттарды танығаны бойынша барлык әрекеттерге берілген түсініктемелер мен баяндауларды келтіре отырып, жол үстінде токтаған жерлер мен оның соңғы бітетін түсын белгілеу;

г) түсірілген фотосуреттер, видеожазбалар, жасалған жоспар туралы жазбалар, т.б, ескерілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет