БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Тергеуге қарсылық білдіру түсінігі, мазмұны және субъектілері.
Қылмысты және оған қатысушылар, келген зардапты жасыру нысанындағы тергеуге қарсылық білдіру.
Тергеуге қарсылық білдіру жоюдың әдіс тәсілдері.
ӘДЕБИЕТТЕР:
УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген
№22 лекция. Кісі өлтіруді тергеу.
Мақсаты: Қылмыстың бұл түрі тергеу үшін күрделі болады. Себебі, Тергеу әдістемесін жасағанда кісі өлтірудің әдістерін зеттеу мен қатар, олардың қылмыстарын жасыру тәсілдерін де зерттеу болып табылады.
Қылмыстық істі қозғау.
Адам өлтіру кылмыстарын тергеу мен ашу
Адам өміріне қылмыстык кол сұғушылықпен күрес жүр-гізудің маңызы, кылмысты дер уакытында ашу мен оны жан-жакты тергеуде ерекше орын алады. Адам өлтіру бойынша істің ашылмай калуы, көбінде қылмыскерлердің кылмыстық әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсіддер қолдануларына байланысты, әсіресе тергеу барысында тергеу-шінің жіберген кемшіліктерінің, нақты айтканда: окиға болған жерге дер уакытында шықпауының (келмеуінің) немесе сол жерді карау жұмыстарын толык немесе мұкият жүргізбеуінің, ғылыми-техникалык құралдар мен тактикалык. тәсідцерді дұрыс қолданбауының садцарынан.
Адам өлтіру кылмысын нәтижелі тергеудің міндетті шарт-тарына: жедел-тергеу жұмыстарын тез, әрі дер уакытында жургізу; заттай дәлелдемелерді, сондай-ак кылмыскерлердің оқиға болған жерлерде қалдырған іздерін - іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар-ды дұрыс пайдалану; іс бойынша қүрылған болжауларды толык әрі жан-жакты тексеру; жұмыс жасау кезектілігін сақтай оты-рып, колданылатын тәсілдерді дүрыс тандап алу; оларды тергеу әрекеті барысында пайдалану шеберлігі жатады.
Адам өлтіру кылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті әрекет ететін топ кұрамының кызметкерлерінін топ-тық тәсілдерімен немесе арнайы күрылған жедел тергеу топта-рының үздіксіз жұмыс жасауларына байланысты жүзеге асы-рылады. Үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ кұрамына ба рынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігер-лер, жедел-іздестірушілер кіреді. Қасақана адам өлтіру бойын-ша жасалған қылмысты ашуға байланысты топ кұрғанда міндетгі түрде әр бір кызметкерлердін мамандандырылу деңгейі, білік-тілігі оның тәжірибелік стажы мен ептілігі ескеріледі. Жедел-тергеу топтарының жұмыстарындағы әдетте кетіп жатқан (кез-десетін) кемшіліктер, олардың күрамының әлсіздігі мен тұрак-сыздығына, топ құрамы мүшелерінің касакдна адам өлтіру кыл-мысымен байланысы жоқ баска шаралармен айналысуына, со-нымен катар қажетті техникалык құралдармен, жүмыс жасау үшін ғимарат орындарымен, көлік кұралдарымен қамтамасыз етілмеулеріне байланысты.
Үздіксіз (күнделікті) әрекет ететін жедел-тергеу топтары оқиға болған жерге шыққан сәттен бастап кылмыскер анык-талғанға дейін жүмыс жасаулары тиіс. Қылмыстык әрекеттер анықталғаннан кейін, ары карай кылмысты ашу жұмыстарын (әрекетгерін) тергеушілер жалғастыруларына болады. Қылмыс қоғамдык ортаны дүрліктіретіндей ауырлататын жағдайда жа-салған кездерде, тергеуді толық көлемде жүргізулері кажет.
Адам өлтіру қылмысын тергеуде «ізі суымаған» қылмыстар бойынша жедел-іздестіру топтары кылмыс болған жерлерге. пәтер-аулаларға жаппай тексеру жүмыстарын жүргізу жолымен іздестіру шараларын жүзеге асырады. Арнайы қүрылған кесте-ге байланысты шешілетін сүрактар тізімін тексеру кезінде жи-налған мәліметгер мен іздестірудегі түлғаның жүрген жері бо-йынша кұрылған кестені көзделген мақсатқа сәйкес талдау қажет. Қажет болған жағдайларда жәбірленуші мен кылмыска сезікті (кылмыс жасауы мүмкін деп жорамалданған) тұлғанын іс-әрекеттеріне (хронаметраж әдісімен) бақылау жүмыстарын жүргізу керек, оқиға болған жердегі ауданда куәлар мен окиғаны көзімен көрушілердің жүру мүмкіндігін ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |