2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет31/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Денсаулыққа зақым келтіруге байланысты қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

  2. Алғашқы тергеу әрекеттері.

  3. Жәбірленуші мен куілардан жауап алу.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

24 лекция. Жыныстық қылмыстарды тергеу.

Мақсаты: Жыныстық қылмыстарды тергеу барысында тиімді криминалистикалық шаралар мен тактикалық әдістердің қолданылуын жүзеге асыру.


  1. Жыныстық қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

  2. Алғашқы тергеу әрекеттері және олардың жедел іздестіру шараларымен ұштасуы

  3. Жәбірленушіден жауап алудың тактикалық ерекшеліктері

Жыныстық қылмыс, зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау. Зорлаудағы қылмыстық әрекет пәні болып нақты әйелдің жыныстық орнының қол сұғылмауы болып табылады. Сондай ақ, жәбірленушіге мұндай жағдайда физиологиялық, моральдық, материалдық залал келуі керек.

Зорлау туралы іс бойынша анықталуға келесі мән жайлар жатады:

- оқиға болған орын жыныстық деректерге ие ме, ие болса: қашан және қайда?;

- осы кезде зорлық болды ма, болса нақты қандай қалыпта болғаны( ұру, өліммен қорқыту, қамқорсыз жағдайға келтіру);

- жәбірленуші кім, оның физиологиялық немесе жүйке ауруымен ауырмай ма, жасы кәмелеттік жасқа толмаған ба, соны анықтау;

- зорлауды кім жүзеге асырды, осындац қылмыстарды ол бұрын жасаған ба, аса ауыр рецидивист емес пе; егер зорлау топпен жасалса- әрбір қатысушының кінәсі қандай;

- зорлау салдары қандай, олар аса ауыр қылмыс болып танылмайды ма;

- зорлау кезінде жәбірленушіге тиген материалды залал қандай;

- қылмыстық болуына қандай мән-жайлар себепкер болды.

Зорлау туралы іс бойынша тергеудің бастапқы сатысында пайда болған екі түрлі жағдайды бөлуге болады:



  1. жәбірленуші зорлаушы ретінде оған таныс тұлғаны атауы немесе сезіктіні анықтауда қиындық тудырмауы.

Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің шеңберімен жалғасу реті сипатталады: жәбірленушіні жауаптау, оның киімін қарау және алу; оны куәландыру, оның киімін қарау мен алу;жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасын тағайындау, сезіктіні ұстау, жеке тінту жүргізу, куіландыру, оның киімін қарау, куәгерлерді жауаптау;

  1. жәбірленушіге белгісіз іздестіру қиындыққа түсетін тұлғамен жасалған қылмыс.

Бұл жағдай үшін келесі әрекеттер сипаты: жәбірленушіні жауаптау және куәләндыру, оның киімін қарау және алу, оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіге немесе заттық дәлелдерге сот-медициналық сараптаманы тағайындау, криминалистикалық сраптаманы тағайындау, іздестіру іс-шараларын өткізу.

Зорлауды тергеудің бастапқы сатысында келесі түрлі болжамдар қозғалады:



  • зорлау арызданушымен көрсетілген жағдайларда орын алады;

  • зорлау болмаған, жәбірленуші қателесіп зорлау деп тапқан ерікті жыныстық қатынастарды орын алуы;

  • зорлау болмаған, жәбірленуші өзі сезініп біреуді кінәлауы.

Жәбірленушіге байланысты сот – медийиналық сараптамасының шешетін мәселелері:

  1. соңғы уақытта жәбірленуші жыныстық қатынаста болуы; болған жағдайда оның болу уақыты;

  2. жәбірленушіні қамқорсыздық жағдайға жеткізетін белгілердің болмауы;

  3. болған жыныстық қатынастың немес оған төнген қауіптің зорлық сипаты туралы шешім қабылдайтындай жәбірленушінің денесіндегі зақымдардың немес басқа белгілердің болуы; болған жағдайда оның пайда болуының орнықтылығы мен ескілігі;

  4. жәбірленушімен болған жыныстық қатынастың қатарына бірнеше рет қайталану белгілерінің болуы;

  5. жыныстық қатынас салдарынан зорлаушы жәбірленушінің аяғы ауыр болуы немесе оның денсаулығына зиянды залалдар тигізуі;

  6. жәбірленушіге венеорологиялық аурудың жұғуы, жұқса, аурудың қандай түрі және қашан;

  7. жәбірленушінің денесіндегі зақымдардың пайда болу себептері мен өту мерзімі оның жағдайы туралы көрсетпесіндегі сипаттамасына сәйкестігі;

  8. жәбірленушінің денесінде қылмыскер ұрығының немесе қан іздерінің болуы, олардың орнығуы қандай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет