2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет33/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Ұрлаудың криминалистикалық сипаты.

  2. Оқиға болған жерді қарау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген


26 лекция. Алаяқтықты тергеу.

Мақсаты: алаяқтықты жасауға итермелеген жағдайлар мен себептерді анықтау және мұндай қылмыстардың алдын алуға қатысты шаралар қабылдау.

  1. Алаяқтықтың криминалистикалық сипаттамасы.

  2. Алғышқы тергеу әрекеттері және олардың жедел іздестіру шараларының ұштасуы.

  3. Тергеуді жоспарлау ерекшеліктері.

Алаяқтык, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе мүлікке күқыкты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу меншікке бағытгалған кылмыстар катарына жатады.

Меншікке карсы кылмыстардың ішінде алаяқтык, қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның өсу қаркыны бірден кезге түседі. Алаяктың коғамға қауіптілігі күннен-күнге өсуде: бүл тектес қылмыстык әрекетгер мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, коммерциялык құрылымдарға және азамат-тарға үлкен материалдық зиян келтіріп, саяси тұрақсызданды-руға апаратын факторға айналып отыр. Көбінесе алаяқтык әрекетгі жүзеге асырғанда қылмыстық кол сүғушылык заты болып ақшатабылады. Кейбір жағдайларда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бұйымдарды, енер тауарларын иемденеді.

Алаяқтық қылмысы әр түрлі тәсілдерімен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің көптен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады: карта, басқа да әуесқой, құмар ойындарды («рулетка», «сүйек-бөтелке» айнаддыру т.б.) ойнағанда әр түрлі айла қолдану; жасанды асыл бүйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған акша ку-пюраларының эквивалентті емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және кұкык корғау және т.б. органдарының кызмет-керлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау.

Алаяқтар жоғары кәсіпкойлығымен, техникалык жағынан толық жабдыктануымен ерекшеленеді. Карта ойнайтындар ойын-ға қатысушылардын картасын керу үшін телекондырғыларды Қолданған жағдайлар да кездеседі.

Алаяктар коғамда болып жаткан әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге жылдам назар аударып, карапайым тұрғындар мен коммерсанттардын жеткілікті кұкыктык білімінің және нарык,-тык катынастарға сәйкес тәжірибелерінін жоктығын ескере отырып, нарыктағы бағалы кағаздармен, шетелмен коммерция-лык байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толык инвес-тициялармен, несиелік-банктік қызметпен байланысты әр түрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда. Қазіргі кездегі алаяктык әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар занды тұлғаның атынан азаматтык-кұкықтык, мәмілелер жасап және кдржылық-шаруашылык операцияларды жүзеге асыруында.

Кейінгі жылдары алаяқтык кылмыстарының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қара-жатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, арендаға, кепілге беру) үшін жалған күжаттар жасау; банкоматтан акша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудін немесе қолдан жасалған пластикалык карточкаларды қолдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, камтамасыз етілмеген акцияларды және кұнды қағаз-дарды сату барысында жалған құжаттарды колдану және т.б.

Басқа тәсілдерге токталатын болсақ: 1) мемлекеттік және қоғамдык материалды күндылыкты қоймалардан, базалардан және басқа да объектілерден жалған қүжатгарды пайдалану ар-қылы алу; 2) жалған күжатгарды пайдалана отырып мемлекетгегі күжаттарды, мемлекеттік зейнетақыларды немесе әлеуметтік камсыздандыру органдарынан басқа да төлемдерді заңсыз жол-мен иелену; 3) мемлекеттік және коммерциялық банктерден әр түрлі жалған чектік құжатгарды колдану жолымен көп мөлшер-дегі қаражаттарды иелену; 4) мемлекеттік мүлікті жалған қүжат арқылы несиеге алу немесе қалған қарызды төлеуден жалтару.

Алаяқтардың ақшалай каражаттармен жасаған кылмыстык тәсілдері банктік есеп айырысуда толык қүрылымды және күрделі болып келеді. Алаяқтар қылмыстық іске кіріспес бүрын, міндетті түрде дайындык жұмыстарын жүргізеді. Олар алдымен катан есептегі банк құжаттарын қолға түсіріп, ұрланған акша-ны аударатын ұйымдарды аныктайды және күжаттарды жеткізу (жіберу) әдістерін шешеді. Баска да қажетті мәліметгер мен банк кодтарын, шифрларын, т.б. алдын алааныктап біледі. Сонымен катар, дайындык жұмысына кылмыскердін көздеген тиісті ком мерциялық банктердің қызметкерлерімен алдын ала сөз байла-сып келісулері жатады. Үрлық кылмыстары күжаттарды белгі-ленген жерге жіберіп, онын банкке өтуін кдцағалау мен есеп бойынша аударылған үйымнан түскен акшаны алу жолымен жүзеге асады. Мүндай кылмыстық іс ақша айналымын кұрай-тын күжаттарды (жалған мәміле, шарт, келісімдер және т.б.) тексеру арқылы ашылады.

Азаматтардың жеке мүлкіне кол сұғушылык, кезінде алаяқ-тар әр түрлі тәсілдерді қолданады: акшаны жоғары пайызбен карызға алу және оны қайтармау; сатылатын заттың өзін емес оған ұқсас затты беру; сауда жасағанда, ақшаны айырбастаған-да, майдалағанда аддау; алтын бұйымдардың орнына мыстан жасалған бұйымдарды сату; жалған акша беру; көмек көрсетемін деп ақша алу немесе белгілі бір кызмет көрсетуге тауарларды алу; пал ашу, тәуіпшілік, емшілік жасау арқылы акша алу; та-уарларды және басқа да материалдық кұндылыктарды алу мақ-сатында баска адамның атын иеленіп жалған шарттар жасау нәтижесінде ақша алу; жалған мәмілелер жасау.

Алаяктык қылмысын жасау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлері: алаяктар бір бума ақшаға ұксас жалған акшаларды жолға тастап, оны бөлген кезде жәбірленушінің шын ақшала-рымен ауыстырып алу, сонымен катар алаяқтардың бөтеннің мүлкін иелену мақсатымен некеге тұру; атақты әншілердің аты-нан концерттер қою, өнер туындыларын қолдан жасау және сату сияқты тәсілдері жиі кездеседі.

Жәбірленушілерді алдау, олардың тікелей байланысқа түсулері аркылы жүзеге асырылатывдықтан, соңғылары барлық уақытга өздерінің қылмыстык, іс-әрекетінің ізін жасыруды ой-ластырады. Осындай максатта картадан ұтылған жәбірленушіге акшанынжартысын ұтып алуына, жалған құжатжасауына, жал-ған алиби құрастыруына, шетелге қашуына мүмкіндіктер беріп, сырт көзге занды болып керінетіндей барлық шараларды кол-данады.

Алаяқтық қылмысы колданылатын тәсілдері мен баска да жағдайларға байланысты көшеде, жеке пәтерде, дүкен, фирма мекемелерінде жасалады. Алаяктардың жеке басын зерттеу кезінде олардың жоғары кәсіби деңгейі, кұкықтык білімдері, ой-өрісінің жетіктілігі анықталады.

Алаяктардың ішінде рецедивистер көп, соның 30 пайызын әйеддер қүрайды.

Соңғы жылдары кылмыстын жекеленген түрлері бойынша мамандандырылып ұйымдаскан топтарды кұру кеңіңнен тара-луда. Бұл топтардың ішінде кылмыскерлер аткаратын рөлдерін өзара бөліседі. Әдетге әр түрлі әуесқой ойындарды өткізген кез-де біреулері азаматтарды ойынға тартады, ал басқалары ойын үстінде жәбірленушіге психологиялык әсер етеді, үшіншілері ойынды жүргізеді, төртіншілері операцияның қауіпсіздігін кам-тамасыз етеді. Топтың мүндай түрі техникалык жабдыктылы-ғымен, шапшаңдығымен, басқа топ қылмыскерлерімен тұрак,-ты байланысымен ерекшеленеді. Олардың ішінде кейбіреулері нақты белгіленген, танымал ұлттық-аумактык, атакка ие.

Жәбірленушілердің ішінде касақана занды бұзатын адамдар көп кездеседі. Оларды көбівде алаяқтар пайдаланады. Мұндай түлғалар тәртіптен тыс визалар, шетелдік паспорттарды алуға, банктік несиелерді пайдалануға, шетеддік келісім шарт жасауға, шетел азаматтарынан келіп түскен жүктерді кеденнен өткізуге, өздерінің мүлік-заттарын валютаға сатуға тырысады. ' Занды мүлтіксіз орындайтын азаматтардың көбісі алаяқтар-дын аддауына ұшырап, кылмыс кұрбаны болуда. Алаяқтар кыл-мыстық әрекеттерін кебінесе тұрғын үйі бар жалғыз басты карт-тар, психикалык, аурумен ауыратын адамдар, көп балалы жан-ұялар, кәмелетке жасы толмағандарға жасайды.

Алаяктық кылмыстарын жасау тәсілдері туралы мәліметтерді олардың калдырған іздері ғана аркылы ала аламыз. Олардын катарына: жәбірленушілер мен басқа да адамдардан алаяк, және оның әрекеті жайында мәліметтерді алу; жәбірленушіде калған кылмыс кұрадцары (жасаңды ақша, колхат, жалған күжаттар мен бағалы кағаздар, жасанды зергерлік бүйымдар, заттар және т.б.); кылмыскерлердің алаяқтык әрекетіне дайындығын накты көрсе-тетін түпнүскалык кұжаттарды (телеграмма, келісім-шарттар) және т.б. жаткызуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет