2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет36/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Жалған ақша жасау әрекеттерінің криминалистикалық сипаттамасы.

  2. Ақшаларды қарау, сараптама тағайындау.

  3. Құнды қағаздарлы дайындап өткізуді тергеу ерекшеліктер

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

29 лекция. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеу.

Мақсаты: Экономика саласына байланысты жасалатын кылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын түсініктеме беру және тақырыпты талқылау.


  1. криминалистикалық сипаттама

Қазіргі кезде экономика саласындағы кылмыстар кеңінен тарап өсуде және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалык контрабанда, жалған кәсіпкерлік, заңсыз банк кызметімен айналасу және т.б. Кылмыстық-кұкыктык көзкараспен карастыратын болсак экономика саласындағы кылмыстарға мыналар тән: бұл қыл-мыстьщ объектісі болып экономикалык маныздағы коғамдык кдрым-катынастар; экономикалык залалдың болуы және де онын ірі көлемде немесе аса ірі көлемде болуы; өндірісте жаса-латын және айналадағы ортаға негативті әсер ететін қылмыс-тарды коспағанда барлык уакытта ниеттің қылмыстык істен орын алуы.

Экономика саласына байланысты жасалатын кылмыстардың криминалистикалык. сипаттамасы төмевдегідей ерекшеліктер-дентұрады.

Біріншіден, экономика саласында жасалатын кылмыстар -мүліктік катынастарға бағытталған накты бір материалдағы (өндірістерге, зауыт, фабрика, рудниктер, теле-радио коммуни-кациялары, акциялар мен акшалай каражаттарына, валюталар-ға, сондай-ақ жер және жер койнауларына, мұнай мен газ өнім-деріне, астык және дайын өнімдерге) кол сұғушылық болып табылады;

Екінші ерекшеліті, экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар кез келген экономикалык кылмыстарды жасаған субъектілер, бұл кылмыстарды көбівде осы салаға бай-ланысты бір лауазымды кұзыреттілік берілген тұлғалар жасавды;

Үшіншіерекшелігі, экономикалык қылмыстарды жасау жағ-дайларына байланысты. Бұл кылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылык ортасында, атап айткаңда: өнеркәсіптік неме-се ауылшаруашылык, сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады. Бұл жерде міндетті түрде мынандай операциялар жүргізіледі -қаржылықжәне материалдык есеп-шоттар, мүнда міндетті түрде мамандар, қызметкерлер және сол сияқты басқа да түлғалар болуы тиіс.

Тертіншіден, барлык шаруашылык және каржылық опера-циялартиісті құжаттарменрәсімделеді. Сондықтан да кылмыс-кердің экономикалык кылмыстардан көрініс табатын кез кел-ген әрекет немесе әрекетсіздіктері әркашан да жазбаша ресми құжаттарда электрондык түрде немесе мәлімет беретін кұжат-тың алғашқы нүскдсында бекітіледі. Мұнда кылмысқа катысты кез келген құжаттар нақты дәлелдемелер болып табылады.

Бесіншіден, экономикалык кылмыстар негізінен жасырын (латенттік) сипатга жасалады. Қылмыскердің білімділігі — қылмыстын ізін жасыруға байланысты әр түрлі шараларды ойлап табуына, оларды камтамасыз етуге алдын ала әр түрлі айла-әдістерді, әрекеттерді жасауына мүмкіндік береді. Сондыктан да кылмьістык істі қозғауға байланысты накты әрі толык негіз алу үшін көп жағдайларда тергеу әрекеті жүргізілмес бұрын алдын ала тексеру жүмыстары жүргізілуі тиіс.

Экономикалык кылмыстарға тән ерекшеліктердін тағы бір түрі, яғни алтыншы ерекшелігі, қылмыскердің жасаған әрекет-тері бірнеше қылмыс түрлерімен байланысты болуында. Мыса-лы: несиені заңсыз алу қылмыстары жалған кәсіпкерлік қыл-мыстарымен байланысты болуы мүмкін.

Ал өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету қыл-мыстары бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу; жалған банкрот-тык кылмыстары аукциовдарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі; пара алу қылмыстары кызметтік өкілеттігін теріс пайда-лану және сол сияқты басқа да қылмыстармен байланысты бо-луы мүмкін. Экономикалык контрабанда кылмыстары көбінде кылмыскерлердің салык төлеуден (кеден төлемдері мен алым-дарын телеуден) бас тартуына байланысты жасалады.

Жетінші ерекшелігі, экономика саласындағы кылмыс сипа-ты кепшілігінде ұйымдасқан түрде жасалатындығында. Қыл-мыстык әрекетке қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет деңгейіндегі кұқык корғау қызмет-керлері де қатысады. Кейде экономика саласындағы қылмыс-тарды ұйымдасқан топ болып жасауға жоғары кызметтегі шенеуніктер катысады. Олар бұл қылмысты Қазақстан Респуб-ликасынан тыс жакын және алыс шетел азаматтарымен байла-ныста бола отырып ұйымдасып жасаулары мүмкін.

Экономикалык кылмыстарға тән соңғы ерекшеліктерге қылмыскердің көп керіністік және ұзак уақыт аралығындағы әрекеттері жатады. Экономика саласына байланысты бір факт бойынша бір күн немесе апта ішівде жасалған кылмыс түрі тәжірибеде әлі кездескен жоқ.

Осы ерекшеліктер экономика саласывдағы кылмыстарды тергеудін киындығымен, тергеушінің өзге де кызметтермен ты-ғыз байланысымен, тергеу процесінің материалдык-техникалык жағынан қамсыздануымен және тергеушінін кәсіби дайынды-ғымен байланысты.

Экономикалык. кылмыстарды тергеу әдістемесі кұрылысы Жағынан — ұрлык, адам өлтіру, жолкөлік окиғасы кылмыстарын және басқа да кылмыстарды тергеу әдістемесінен айырма-шылығы айтарлықтай көп емес. Баска қылмыстардағыдай эле-менттер экономикалық кылмыстарынан да көрініс табады, яғни кылмыстық-кұкыктык, кылмыстык-процестік актілер ескері-леді, сол схемалар бойынша ұсыныстар жасалады.

Барлық жеке әдістемелер алдымен экономикалык кылмыс түрінің нақты бір кылмыстык-кұқыктық сипаттамасына сүйе-неді. Қылмыстык-процессуальдық негіздер — тексеру әрекеті кезеңінен бастап кылмыстык істі козғауға дейінгі және айып-тау қорытындысын жасау кезеңін аяқтай отырып жеке әдісте-менің барлык кезендерін өткізеді.

Экономикалық кылмыстардың әрбір түрінің типтік белгілері, кылмыстың накты бір түрі мен тобына байланысты кримина-листикалық маңызды ақпараттар жүйесі криминалистикалық сипаттама сияқты жеке әдістеме элементтерінде беріледі. Бүл ұғым қылмыстық әрекетгердің негізгі элементтерін қамтиды. Мұнда қылмысты жасаған түлғаға байланысты типтік мәлімет-тер, қылмысты жасау тәсілдері, қылмысты жасауға дайындық әрекетгері мен оның ізін жасыру әдіс-тәсілдері жалпы қоры-тылған түрде беріледі. Экономикалық қылмыстар бойынша кылмыскердің жеке басы және қылмысты жасау тәсілдерімен байланысты кылмыстын механизмі туралы мәліметтер крими-налистикалык сипаттамалардан көрініс табады.

Қылмыс жасау тәсілі міндетгі түрде қылмыскердің қызметтік және өндірістік-шаруашылык қызметіне кіреді. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың каржы-шаруашылық күжаттарынан, мекеме, банктердің рәсімдеу, орындау қүжаттарынан, цех, қойма, офис-тер мен көлік және компьютерлік-техниканы пайдалану тура-лы жазбаша қүжатгардан көрініс алады.

Экономикалық қылмыс механизмінің ерекше белгілері қыл-мысты жасауға дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсіддері, мысалы: салык төлеуден бас тарту кезінде жасалған қаржылык есеп жасаумен байланысты болуы мүмкін.

Қылмыстын барлык түрінің механизмі қылмыскердің көпте-ген куәлерді - күзетшілер, хатшы, машинист, программист, жүргізуші, коймашы, жұмысшы, технолог, бухгалтер, инженер, инспектор, аудитор, ревизор және басқа да тұлғаларды қылмыс-тык әрекеттерді (немесе көбінде әрекетсіздіктерді) жасауға итермелейтіндігімен сипатталады.

Экономикалык қылмыстардың барлык түрлері бойынша кылмыскердің жеке басының типологиялык касиетгері, онын жоғарғы әлеуметтік жағдайынан, мамандығынан, іскерлігінен, коғамдағы көптеген әлеуметгік топтармен тамыр-таныстык бай-ланыста болуынан көрініс табады. Көбінде олар өздерін қыл-мыскер ретінде санамайды. Оларға тергеу процесіне карсы әре-кет етуге мүмкіндіктер беретіндей қаржы жағынан тиімді жағ-дайлар, еркіндік, суыққандылык тән.

Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстык әрекеттердің өзіне тән ерекшеліктері криминалистикалык си-патгамадағьщай жеке әдістеменің ұғымы мен элементінен көрі-ніс табады. Барлык жеке әдістемелердің кұрылысында тергеу әрекетінен басталуы мүмкін жағдайдын сипаты мен вариантта-ры міндетті түрде айқындалады. Субъективтік факторлардың ыкпал етуіне қарамастан, бүлар объективтік жағдай болып та-былады.

Осы немесе басқа да экономикалык кылмыстарды тергеу кезінде болуы мүмкін типтік ситуациялар жөнінде сөз қозға-лып отыр. Шын мәнінде тергеушілер накты бір қылмысты тер-геу кезінде тәжірибеде айкындалатын әр түрлі ситуацияларға байланысты басқа да жағдайларға кезігуі мүмкін.

Типтендіру үшін барлық факторларды қамту мен олар бо-йынша үсыныстар жасау мүмкін емес.

Экономика саласында жасалатын кылмыстық әрекеттің езіндік қасиеті келесідей әрекеттерді жүргізуден тұрады — к,ыл-мыстық әрекетгің белгілерін карастыру киын болғандыктан алдын ала тексеру әрекеттерін жүргізу кажеттілігі туындайды, содан кейін ғана тергеудің алғашкы, кейінгі және қорытынды кезендері басталады. Барлық жеке әдістемелердегі ұсыныстар алғашкы шараларды жүргізу мен басқа да кезендері бойынша шектеледі.

Тергеудің бастапқы кезеңінде кейінге қаддыруға болмайтын және жедел әрекеттер жүргізіледі. Жорамадданған қылмыскерді анықтағанша тергеуші кызу түрде жұмыс жасайды. Кейінгі кезеңінде негізгі жұмыс оның кінәлі екендігін дәлелдеуге бай-ланысты жүргізіледі. Корытынды кезең айыптау корытынды-сын жасаудан түрады.

Экономика саласына байланысты жасалатын кылмыстарды тергеу барысында әр түрлі формадағы арнайы білімдерді пай-Далануға тура келеді. Сондықтан да тергеу (қүжаттарды қарау, компьютерлік техникаларды карау, тінту, жауап алу және т. тағайындау; сот-сараптамасын тағайындау; мамандармен кеңес жасау талап етіледі.

Тәжірибелер көрсетіп отырғандай тергеушінің — жедел-іздестіру кызметкерлерімен, Экономикалық және сыбайлас жемкорлыкпен күрес жүргізу агенттігімен, Кеден комитетімен, Статистика агенттігімен, Ішкі істер министрлігі, Бас прокура-тура, Казақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ин-терпол Үлттык орталык бюросы және т.б. акпараттык орталық кызметтерімен езара қарым-катынасынсыз экономикалық қыл-мыстарды жылдам әрі толык ашу мүмкін емес.

Жеке әдістеменің кұрылысы келесідей элементтерден тұрады:

— қылмыстык-кұкыктык негіздерден;

экономикалык кылмыстардың криминалистикалык сипаттамаларынан;

типтік ситуациялардан және тергеудің алғашкы кезеңінен;

— тергеудің кейінгі кезеңінен;

экономикалык кылмыстарды тергеу кезінде арнайы білімдерді колданудан;

тергеушінің әр түрлі қызметтермен өзара карым-катынас жасауынан.

Экономикалык, кылмыстар бойынша өнделген әрбір жеке әдістемелерден аталған барлык элементтер көрініс табады.

Бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе талан-таражға салу қыл-мыстарын карастырып өтейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет