2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет37/39
Дата16.05.2020
өлшемі1.02 Mb.
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. криминалистикалық сипаттама

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген


30лекция. Парақорлықты тергеу.

Мақсаты: парақорлық сияқты қылмыспен күресуде қолданылатын тиімді шаралар туралы түсінік қалыптастыру.

  1. Парақорлық ұғымы

  2. Парақорлықтың криминалистикалық сипаттамасы.

  3. Тергеудің алғашқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері.

Парақорлық бұл лауазымды адамның өзі немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасалған іс әрекет немесе әрекетсіздігі үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс әрекеттер лауазымды адамның өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқта жалпы қамқоршылығы немес қызметі бойынша жол беруі, сондай ақ лауазымды адамға тікелей немес делдал арқылы пара беру.

Парақорлықты тергеуде келесі мән- жайлар анықталуға жатады:

- пара беру дерегінің алатын орын;

- парақорлық мәні қандай; пара ретінде құнды заттар немесе ол қызмет қалпында берілсе, онда заттың немесе қызметтің ақшалай құны қандай?

- пара беруші мен пара алушы кім?

- қылмыстың жағдай қандай?

- пара қандай мақсатта берілген?

- пара берушінің ойындағы әрекеттер орындалды ма, ол заңды сипатқа ие ме?

- парақорлық әрекеттерінде басқа қылмыс белгілері бар ма, болса қандай?

- қылмыскерлердің әрекеттерінде топталатын белгілер жоқ па?

- пара берушінің әрекеттерінде оны қылмыстық жауптылықтан босататын мән-жайлар жоқ па?

- парақорлыққа қандай мән-жайлар ықпал жасады.

Пара алушылықты тергеу кезеңінде бастапқы үш жағдай пайда болады:


  1. Пара берушінің арызы бар және ол пара алушыға әлі белгісіз, оны әшкерелеуге көмектесуге дайын.

Бастапқы тергеу кезеңіндегі тергеу әрекетінің шеңбері мен реті мынандай көрініс алады: пара берушіні жауаптау; пара алушыны болған жерде ұстау; пара алушыны жауаптау; пара алушының тұрғын орны бойынша тінту, оның мүлкін қамауға алу; құжаттарды алу және қарау; куәгерлердә жауаптау; беттестіруді өткізу.

  1. Пара беруші мен пара алушы келісіп әрекет жасайды; қылмыс туралы ақпарат жедел іздестіру көздерінен түседі,парақорлар ол жайында білмейді.

Егер пара беруші мен пара алушыны қоса әшкерелеу үшін бастапқы кезеңде мыналарды жүзеге асыру керек: парақорларды пара беру кезінде ұстау, жеке тіту жүргізу; Тұрғын және жұмыс орындарын тінту, олардың мүлкін қамауға алу; қызмет құжаттарын алу және қарау; куәгерлерді жауаптау.

  1. Пара алушылық деректері туралы мәлімет белгілі көздерден келуі; парақорларға олардың әрекеттері жөнінде құқық қорғау органдарының айналысуы белгілі.

Ондай жағдайларда куәгерлерді жауаптау; қызмет құжаттарын алу және қарау; сезіктілерді жауаптау; толық анықтама болғанда сезіктілерге тінту жүргізіледі. Оларға қоса жедел іздестіру іс шара кешені жүзеге асады.

Пара алушылық іс бойынша келесі сот сараптамалары жүргізіледі:



  • дактилоскопиялық сараптама – пара затындағы немесе қабындағы қылмыскерлердің ізін алу үшін;

  • сот- қолжазба танушы сараптама-құжатты, хатты, аноним арызды орындаушыны табу үшін;

  • құжаттарды техникалық – криминалистикалық зерттеуде құжаттағы жөндеу, қолжазбаны, мөрді жасауды анықтау үшін;

  • сот-бухгалтерлік сараптама-бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу мен өткізу тәртібінің дұрыстығын табу үшін;

  • трасологиялық сараптама және т.б.

  • фоноскопиялық сараптама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет