БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Алаяқтықтың криминалистикалық сипаттамасы.
Алғышқы тергеу әрекеттері және олардың жедел іздестіру шараларының ұштасуы.
Тергеуді жоспарлау ерекшеліктері.
ӘДЕБИЕТТЕР:
УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген
№27 лекция. Тонау және қарақшылықты тергеу.
Мақсаты: Тонау және қарақшылық белгілеріне талдау жасай білушілік.
Тонау және қарақшылықтың криминалистикалық сипаттамасы
Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу
тергеуді әрі қарай жоспарлау.
Тонау - бұл бөтеннің мүлкін ашык, түрде ұрлау, яғни осы мүлікті иемденуші тұлғалардың және басқа азаматтардын көзінше ұрлау. Мүлік иелері және баска тұлғалардың катысуын ұрлаушы түсінеді, бірак саналы түрде ескермейді.
Қарақшылык - бұл бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға үшыраған адамның өмірі мен денсаулығына кауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш колданамын деп қоркытумен үштасқан шабуыл жасау.
Тонау мен қарақшылық бір объектіге, яғни меншік иесінің мүліктік кұкығына қол сұғу. Қарақшылық кезінде, сонымен қатар қол сұғу объектісі болып, иелігіндегі мүлікті иемдену мак-сатымен шабуыл жасалатын түлғалардың әмірі және денсау-лығы табылады.
Тонау да, қаракшылық та жай (қарапайым) және сараланған болып бөлінеді. Тонаудын жай формасында мүлікті ұрлауда күш қолданбайды. Ал сараланған түрінде күш керсетумен немесе оны колданамын деп коркыту әрекетгерін жасауы мүмкін. Алай-да қарақшылықтан айырмашылығы, бұл күш көрсету жәбір-ленушінін өмірі мен денсаулығына кауіпті болып табылмайды.
Қаракшылықпен шабуыл жасау кылмыстарының ауырлата-тын жағдайларда жасалуы: адамдар тобының аддын ала сөз бай-ласуы аркылы; кару немесе кару ретінде пайдаланатын заттар-ды колданумен; тұрғын, кызметтік, өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кірумен жасалған кдракшылык; ұйымдаскан топпен; денсаулыкка ауыр зиян келтірумен абайсызда жәбір-ленушінің өліміне әкеп соккан қаракшылык,- Сонымен катар, қарақшылық аса кауіпті рецидивиспен жасалған және қайта-лап жасалынған қарақшылык, мүлікті ірі мөлшерде ұрлау жа-тады.
Занда аталған тонау мен қарақшылык, белгілеріне талдау жасау осы қылмыстарды бір-бірінен ажыратып қарастыруға негіз ғана болмай, сонымен бірге тергеу барысында шешілетін мәселелер шеңберін аныктауға негіз болады.
Ен алғаш шешілетін мәселеге — кылмыстың барлық болған жағдайларын аныктау жатады. Қарастырылып отырған қылмыс-тарға қатысты бұл ең алдымен карау жүргізіліп жатқан себепке байланысты кандай окиға орын алғанын (тонау немесе карақ-шылык па, жай немесе сараланған түрі ме және т.с.с.), бұл оқиға кандай нақты көрініс тапканын анықтау керек.
Аталған мәселелерге сәйкес, алдын ала тергеудің алғашқы кезеңінде іздестіруге, бекітуге және алынуға жататын іздердің сипаты анықталады. Оларға мына іздер жатады: тонауды неме-се каракшылық шабуылын анықтайтын немесе жоқкд шығара-тын іздер, сонымен бірге, окиға болған жерді карау кезінде ин-сценировкаланған қылмыстың үйымдастырылғанын көрсететін іздер; кылмыскердін әрекет жасау тәсілін, ашык түрде мүлікті ұрлаудын немесе қарақшылық шабуылдың мазмұнын сипаттай-тын; кылмыстык іс-әрекет жасау кезінде күш колданғаны не-месе колданамын деп қоркытуын сипаттайтын; тонау немесе қарақшылық шабуыл жәбірленушілерге катысты жасалғанын сипаттайтын және жәбірленушінің тонау мен шабуыл кезінде жасаған іс-әрекеттерін сипаттайтын; тонаудың немесе қарақ-шылық шабуылдың мақсаты болып нақты не табылды, қандай заттар мен кұндылыктар тонадцы, олардьщ кейінгі тағдыры қан-дай екенін аныктауға мүмківдік беретін; тонаудын немесе қарак-шылык шабуылынын катысушыларын, сонымен қатар, өздерінің әрекетгерімен қылмыс жасауға мүмкіндік туғызған немесе оның ашылуына кедергі келтірген түлғаларды керсе-тетін; ұйымдасқан кылмыстықтопты көрсететін: түрақтылығый, каруланғандығын, кылмыстық іс-әрекеттерді бірнеше рет жа-сағандығын және жауапкершілікке тартылатын кылмыс-керлердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай-ларды көрсететін іздер. Тонау немесе карақшылык шабуылдың нақты орны мен уакыты туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды аныктау кажет. Мұндай мәліметгер қыл-мысқа кінәлі айыпталушынын жалған алибиін әшкерелеуге маңызды болып есептелінеді.
Тонау мен кдракшылык шабуыдцары кылмыстарын ашуға мүмкіндік туғызатын дәлелдемелермен катар, осы кылмыстар-дың жасалуына әсер еткен себептер мен жағдайлар туралы коры-тынды жасауға негіз болатын дәлелдемелерді және оларды бол-дырмау шараларын анықтау керек.
Баска кылмыстармен салыстырғанда тонау мен қаракшылык шабуылдың біркатар ерекшеліктері бар:
әдетте бұл кылмыстар топпен жасалады; алдын ала дайындык жұмыстары жүргізіледі; жылдам, дөрекі және қатаң түрде жасалады; окиға болған жерде заттай дәледдеме ретінде танылатын
заттардың көлемі шектеулі болып келеді.
Бұның барлығы тергеуге өз әсерін тигізеді. Кдрақшылық шабуылдың бір топ адамдармен алдын ала дайындалып жаса-луы осы қылмыстарды ашу мен алдын алу максатында жедел-іздестіру шараларын белсенді түрде колдануға мәжбүр етеді. Қарақшылык кенеттен, кдру-жарак колданып жасалғандықтан жәбірленушілер көбінесе қылмыскерлерді толык аныктап, көре алмайды, бұл кейіннен оларды іздестіру мен тану үшін көрсету кезінде қиындыктарды туғызады. Осыған байланысты тонау мен қарақшылық қылмыстарын тергеу біркатар талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс:
тергеудегі жылдамдық пен жеделділік;
тергеу барысындағы тергеу әрекеттері мен жедел шаралардың өзара байланыстылығы; криминалистикалыктехникатәсілдерінбелсенді колдану;
• қылмыстық тіркеу мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
Тонау және қарақшылык шабуыдцы жасау кезінде кылмыстық кол сұғушылықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік, қоғамдық және азаматтардың жеке және өзіндік меншіктері табылады. Белгілі бір көлемде заттардың бірлігі (мүлік) осы қылмыстардың жасалу әдістері мен оларды тергеу әдістемесінің ұқсастықтарын көрсетеді.
Аддын ала дайындық жұмыстарын жүргізу — аталған қыл-мыстардың көбісіне тән касиет. Қылмыскерлер адцын ала қыл-мыс жасау орнын (дүкен, қойма, пәтер) немесе шабуыл жасауға ниеттенген түлғаны белгілейді (инкассатор, сатушы, күзетші), кылмыс жасауға қажетті күралдарды дайындайды (бүзу кұрал-дарын, атыс немесе суық каруларды), көлік қүраядарын дайын-дайды, өзара рөдцерді бөледі, үрланған заттарды жасыру мен өткізу жерлерін іздестіреді.
Тонау және қаракшылык шабуылдар, тәжірибе көрсеткен-дей, көбінесе екі-үш немесе төрт адамнан тұратын топпен жа-салады. Қарақшылыкпен жасалатын топтар көбінесе түракты болып келеді және олармен бірнеше кылмыстар жасалады. Бүл топтарды бүрын сотталған трасологияның, дактилоскопиянын, баллистиканың мүмкіндіктерін, ауызша суретгеудің маңызын білетін кылмыскерлер басқарады. Кеп жағдайларда қылмыскер-лер беттеріне сыртқы белгілерін жәбірленушілер мен куәларға аныктап керуге кедергі келтіретін маскілерді киеді (шүберек, беторамал, көзге арналған тесігі бар шұлықтар), кылмыс жаса-ған орнында саусак іздерін калдыру мүмкіндігін болғызбайтын колғаптарды пайдаланады, қылмыс жасағандарын әшкерелейтін заттай дәлелдемелерді табуды киындататын арнайы қару-жарак-тарды немесе үрланған заттарды сақтайтын жабдықтарды да-йындайды.
Дүкен, банк кызметкерлеріне, инкассаторларға шабуыл жа-сауға мұкият дайындалады: кылмыскерлер өнеркәсіптің, меке-менін, үйымныңжұмыстәртібін, инкассаторлардың, кассирдің, банкке акшаны жеке өзі өткізетін сауда орындары кызметкер-лерінін козғалыс маршрутын байқап зерттейді. Кджетгі мәлімет-терді алғаннан кейін олар шабуыл жасау орны мен уақытын, топтың күрамын аныктайды, көлік құрадцары мен қару-жарак,-тарын дайындайды, қылмыс жасағаннан кейінгі кету жолдарын ойластырады, ұрланған заттарды жасыру үшін орын дайындай-ды. Мұндай қылмыстар күндізгі уақытта немесе электрлік жа-ғынан жаксы жарықтанған жерлерде (адамдар көп жүретін кешелерде, ғимараттарда) жиі жасалатындыктан, өздерін тануға қиындык туғызатын жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Алдын ала егжей-тегжейлі дайындығы жоқ тонау және қаракшылық кылмыстары жиі кездеседі. Оларға қылмыстык кол сүғушылык ушін алдын ала белгіленген объектінің болмауы тән болып табылады. Мысалы, кылмыскерлер бірнеше пәтерлерді аралап, коңырау соғады, егер есікті қарт адамдар немесе бала-лар ашса, оларға шабуыл жасап (ұрып-соғады, байлайды) кұңцы заттарды ұрлайды. Мұндай қылмыстар әдетте күндізгі уакытта, демалыс немесе мейрам күндері, яғни тұрғындардын көпшілігі жүмыста, кала шетінде, пәтерде ешкім болмаған кезде немесе балалар және кдрт адамдар калған кезде жасалады. Әдетте, бүл кылмыстарды бас бостандығынан айыру орындарынан енді ғана босап шыккан кылмыскер-кезбелер, сонымен катар басқа аудандарда түратын, яғни танылып калудан кауіптен-бейтін кез-дейсок тұлғалармен жасалынады.
Қылмыскерлердің жеке басына сипатгама беретін болсақ, олардың типтік психологиялык портреті — жүмыс жасамайтын, аморальды өмір сүретін, жүйелі түрде алкоголь, есірткі затгар-Ды қодцанатын ер адамдар жатады. Олардын басым көпшілігі бұрын осындай кылмыстар үшін сотгалған болып келеді. Кылмыскерлер әр уакытта тонау және қаракшылық шабуылдарын кенеттен жасауға талпынады. Пәтер тұрғындарына немесе күзетшілерге шабуыл жасауда олар үй-жайға кедергісіз кіру мақсатымен өздерін жеке меншік пәтерлер кооперативтерінің (КСК), газ қызметкерлері, энергия жабдыктау, полиция, ерт пен сақтандыру кызметінін өкілі ретінде, жәбірленушінің отбасы мүшесі жұмыс істейтін өнеркәсіптің өкілі ретінде атайды. Егер кылмыс ашык жерлерде жасалынса, шабуыл кенеттен артқы жағынан немесе торуылдан (кұрылыстың бұрышынан, бұталар-дан немесе жекелей тұрған ағаштардан) жасалады. Жәбір-ленушіге күдік тудырмай касына келу үшін кылмыскерлер шылым тұтатып алуға, жолды көрсетіп жіберуді немесе өзге де назарын аударатын сүрақтарды кояды. Әнгіме басталып кеткен уақытта олар жәбірленушіге жакындап, шабуыл жасайды.
Тонау және карақшылык шабуылдын күрбандары көбінесе әйелдер немесе мас күйінде болып қарсылык, көрсете алмай-тын ер адамдар болады.
Тонау және каракшылык шабуылдарда әдетте теріден жа-салған бұйымдар, бағалы заттар, ақша, хрусталь, суретгер, ан-тиквариатты бүйымдар, түрмыстыктехника және жоғары сүра-ныстағы затгар мен қүндылыктар үрланады.
Әлбетте тонау және каракшылык. шабуылдарын жасайтын түлғалар алғашкы кылмысы ашылмай калғаннан кейін және жазаланбайтындығын сезінгеннен кейін түрақты топтарға бірі-геді және үзак уақыт бойы көрші региондардың аумақтарында тонау мен кдракшылык. шабуылдарын жасайды. Сондыктан тергеушілердің көрші криминалдық полициямен тығыз карым-катынаста болуы және осындай қылмыстардың жасалғандығы туралы уақытылы бір-біріне мәлімет беріп отыруы маңызды болып табылады.
Осы кылмыстарды тергеу барысывда тонау және қаракшы-лык шабуылдарын инсценировкаланған жағдайлары да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |