2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет35/39
Дата16.05.2020
өлшемі1.02 Mb.
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Тонау және қарақшылықтың криминалистикалық сипаттамасы

  2. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу

  3. тергеуді әрі қарай жоспарлау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

28 лекция. Жалған ақша жасау әрекеттерін тергеу.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының акша каражат жүйелеріне қатысты жалған ақша жасау әрекеттерін тергеу әдістемелерін сабақ барысында анықтау.


  1. Жалған ақша жасау әрекеттерінің криминалистикалық сипаттамасы.

  2. Ақшаларды қарау, сараптама тағайындау.

  3. Құнды қағаздарлы дайындап өткізуді тергеу ерекшеліктері.

Кылмыстын, объектісі Қазақстан Республикасының акша каражат жүйелері болып табылады.

Қылмыстың заты — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен мәнеттері, мемлекеттік бағалы қағаз-дар, Кдзақстан Республикасының валютасындағы басқа қағаз-дар, шетел валютасы, -шетел валютасындағы бағалы кағаздар. Бұлар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсан-дағы "Валюталык реттеу туралы" занымен реттеледі.

Объективтік жағынан іс-әрекетгер мынадай екі нысан ар-қылы сипатталады:

1) жалған акша немесе бағалы қағаздарды дайындау; 2) жал-ған ақша мен бағалы қағаздарды сақтау; 3) жалған акша мен бағалы қағаздарды өткізу. Ақша немесе бағалы қағаздарды да-йындау толык немесе ішінара жүргізілуі мүмкін. Дайындау тәсілі қылмысты саралауға әсер етпейді. Дайындау әрекеттері қолдан немесе техника кұралдарын пайдалану аркылы (баспа-ханалықтәсілмен, ротапринт, ксерокөшірме аркылы суреттерін қолдан жасау т.б.) жүзеге асырылады.

Әрекетті Қылмыстык кодекстің 206-бабымен саралау үшін дайындалған ақша немесе бағалы қағаздар осы аталған заттар-дың түпнүсқасымен — көлемі, түсі, нысанірі, басқадай реквизиттері жөнінен бірдей, ұксас болуы кажет. Егер жалған акша немесе бағалы қағаз дөрекі әдістермен жасалып, онын түпнүсқасына көрінеу сай келмесе, нәтижесінде мүндай жал-ған дүниені жаппай таратуға мүмкіндік жойылса, онда кінәлының әрекеті накты жағдайларға байланысты алаяктык ретінде саралануы мүмкін. Жалған ақша немесе бағалы кағаз дардың біреуін болса да дайындау осы қылмыстың аяктал-ғанын білдіреді. Жалған ақша немесе бағалы кағаздарды ай-налымға шығару оны өткізу деп танылады. Сақтау деп дайын-далған жалған акша мен бағалы кағаздарды өткізгенге дейін өз иелігінде ұстап түруды айтамыз.

Өткізу — жалған акша немесе бағалы кағаздарды төлем кұра-лы ретінде пайдалану, айырбастау, сыйға беру, аткарылған жүмыс немесе қызмет көрсету ақысы ретінде телеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы көрініс табуы мүмкін. Осы керсетілген әрекеттердін біреуін істеу арқылы жалған акша немесе бағалы қағаздардың біреуін еткізсе кылмыс аякталған деп табылады.

Қылмыс тікелей касақаналыкпен және арнаулы мақсатпен істеледі. Кінәлы адам жалған акша немесе бағалы қағаздарды өткізу мақсатымен жасағанын, сактағанын немесе оны өткіз-генін біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі — жалпы субъект. 16-ға толған, есі дүрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 206-бабының 2-тармағында қылмыстың ауырлататын белгілері: ірі мелшерде жасалған; не жалған ақша мен бағалы қағаздарды дайындағаны немесе өткізгені үшін бүрын сотталған адам жасаған әрекеттер; ал осы баптың 3-тармағында осы кылмыс қүрамының өте ауырлататын белгісі: жоғарыда көрсетілген әрекеттерді үйымдасқан топ боп жасаған жағдайлар көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет