2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет30/39
Дата16.05.2020
өлшемі1.02 Mb.
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қылмыстық істі қозғау.

  2. Адам өлтіру кылмыстарын тергеу мен ашу

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген


23 лекция. Денсаулыққа зақым келтіруді тергеу.



Мақсаты: Адам денсаулығын корғау мәселесі — жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сондықтан адам денсаулыққа зақым келтіруге байланысты қылмыстарды тергеу ең негізгі және маңызды фактор болғандықтан, оған қатысты қылмыстарды ашу тактикаларын жетік меңгеру.

  1. Денсаулыққа зақым келтіруге байланысты қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

  2. Алғашқы тергеу әрекеттері.

  3. Жәбірленуші мен куілардан жауап алу.

Әрбір жеке адамның денсаулығы — ол адам өміріндегі айтарлыктай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы — оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын корғау мәселесі — жалпы мемлекеттің, қоғамньщ, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір коғам мүшесі денсаулыкты сактау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сактау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар колданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Казіргі кезде мемлекетімізде Казақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша Казакстан Республикасы Денсаулык сақтау министрлігі жұмыс істеп отыр. Қазакстан Республика-сы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабы-ның тармактарына сәйкес, Казакстан Республикасы азаматта-рының денсаулығын сақтауға кұқығы бар. Осыған байланыс-ты Қазакстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналык көмек көлемін тегін алуға кұкылы. "Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ак жеке медициналық практикамен айналысушы адам-дардан акылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі" делінген. Осыған орай азаматтардыа денсаулығын нығайту, айналадағы корша-ған ортаны сактау шараларын жүзеге асыру максатында, әсіресе өсіп келе жаткан жасөспірімдердін денсаулығын сактау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері занға сәйкес акылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жузеге асырып отыр. Осы арада денсаулық деген үғымға түсінік бере кетейік.

Денсаулык дегеніміз — адам ағзасының дұрыс әрі калыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған калпында сақталып, онын дүрыс әрі калыпты түрде белгілі бір кызметті аткаруы. Денсаулыкқа қар-сы қылмыстардың коғамға кауіптілігі — бұл қылмыстарды жа-саған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына каса-кана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлы коғамға кауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең кым-батты болып табылатын адам денсаулығына зансыз түрде кол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мем-лекет пен коғам алдындағы азаматтык міндеттерін аткару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мы-салы: адам денсаулығына зиян келуі — оның міндетті әскери кызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ак әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына кар-сы қылмыстарды жасау — тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де ұлкен залал бо-лып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жакын туыскандарына да белгілі бір келем-де материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адам-ды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғам-дағы еңбек және басқа да коғам кызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде каты-суына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы — адам өмірінің негізгі куанышы, негізгі байлығы болып табылады.

Енді адам денсаулығына қарсы кылмыстарды топтасты-райык. Қазакстан Республикасынын Кылмыстық кодексінде адам денсаулығына карсы қылмысқа кандай қылмыстар жата-тыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:

1) денсаулыкка касакана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыкка касакана орташа ауырлыкта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыкка касакдна жеңіл зиян келтіру (105-бап); 4) ұрып-соғу (106-бап); 5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыкка жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7) қажетті корғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыкка ауыр зиян келтіру (109-бап); 8) кылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыкка ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыкха абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) қоркыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын, тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұктыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұктыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тар-мағы); 16) науқасқа кемек көрсетпеу (118-бап); қауіпті жағ-дайда калдыру (119-бап).

Енді адам денсаулығына карсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.

Дене жаракатының объектісі — бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы кылмыстардьщ объективтік жағы — баска адамның денсаулығына, кұқыққа кайшы әрекеггер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жаракаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлы адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалык әсер ету арқылы (мүшелерге зақьш келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалык әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұктыру) арқылы, сонымен катар пси-хикалық әсер ету аркылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқы-лы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік аркылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауап-тылыктан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік кажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургия-лық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардап-тарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялык опе-рациялардан туатын салдарға карсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорт-тың нақты түріне қатысты жалпы ережені сактамау салдары-нан туған дене жаракаты денсаулыкка қарсы кылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрес-кел бұзған кінәлы бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыкка карсы кылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан түрады: 1) касакана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немкүрайдылық). Тікелей кдсакана дене жа-ракатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жаракд-тын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде максаттар жасауы, ал жанама қасаканалықта кінәлы сондай зар-даптын болуын тілемейді, бірак оған саналы түрде жол береді. Абайсыздык нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлы езінін әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жаракдтының болуын кере алады, бірақ ол салдар бола коймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрай-дылыктүрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмай-ды, бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына карсы кылмыстардың субъектілері туралы мәселеге тоқталайық.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-ба-бының 2-тармағында көрсетілген дене жаракатын салумен бай-ланысты мына кылмыстарды жасаған есі дүрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсау-лыкка қасакана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-бап-тың 2-тармағы).

Ал мына дене жаракаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыкка қасакана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайын-да зиян келтіру (108-бап); 5) кджетті корғаныс шегінен шығу кезінде денсаулықкд ауыр зиян келтіру (109-бап); 6) кылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыкка ауыр зиян келтіру (110-бап); 7) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-бап); 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап);

адамның иммун тапшылығы вирусын жұктыру (116-бап);

заңсыз аборт жасау (117-бап); 12) қауіпті жағдайда калды-


РУ(П9-бап).

Ал мына темендегі дене жаракаттарын салумен байланыс-ты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) заңсыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерінің езінің кәсіптік міндет-терін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарака-тын салған есі дүрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас.

Сонымен қатар дене жаракаты кылмысын жасайтын арнау-лы субъектілер де бар.

Енді ауыр дене жаракатын салу түсінігі мен түрлеріне ток-талайык. Жалпы денеге жаракат түсіру деп бөгде адамның ден-саулығына касакана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпа-лардьщ анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе баска жолмен оның ағзаларының дүрыс жүмыс істеуін бұзу аркылы зиян келтіруді айтамыз.

Денсаулыкка касақана ауыр зиян келтіру үғымына келетін болсақ, ол былай делінген: "Адамның өміріне кауіпті немесе көруден, тілден, естуден, кандай да болсын органнан айрылуға немесе органның кызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қал-пына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыкка касака-на ауыр зиян келтіру, сондай-ак өмірге қауіпті немесе еңбек кабілетінің кемінде үштен бірін тұракты түрде жоғалтуға ұштас-қан немесе кінәлыға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бүзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, ден-саулыкка өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру".

Осы 103-баптың 1-тармағынталдап, тоқталып өтейік: "Ден-саулыкка келтірілген зиянды сот-медициналык бағалау Ережесі" 1998 жылы 4 мамырда Казақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сактау Министрлігінің Денсаулык сактау комитетінің №240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ереже-ге сәйкес:

а) Адамның өміріне қауіпті зиянға — миға зақым келтіріл-местен бас сүйегіне келтірілген жаракат; бас сүйектерінің ашык немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; емірге қауіпті түрде миға кан құйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш қүрылысын, ас қорыту, зәр шығару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақат-тар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жо-ғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында түтастай көрсетілген. б) Касақана ауыр дене жаракатының салдарынан көруден айрылу — бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру сал-дарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы ке-рек, уакытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлыктағы дене жаракаты болып табылады.

Бір кездін көруін жоғалту ауыр дене жаракдты ретінде ба-уаланады. Бір кездің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызға тарылады және бинокулярлык көрудін бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді накты кабылдау кабілеттілігін киынға соқтырады немесе керудің мүмкіншілігін түпкілікті жо-ғалтады. Себебі, бір көзден айрылған адам мамандықтүрін таң-дағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де киын-шылыкты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздык жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздін көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашык-тыкта бармақтың санын көре алмауы денсаулықка ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.

в) Касақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу — сөйлеу кабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу кабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай
жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мелшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сейлей алмау нәтижесінен Адам коғамдағы қатынастарға активті түрде катыса алмайды, барлык уакытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулак жүреді, сондыктан да тілден айрылу адам
денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.

г) қасакана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде айыкпайтын керендік және зардап шегуші катты айтылған сөзді өте жақын жерден, құлағынан 3-6 см кашыктықта айтқанда ғана ести алатындай жағдайда калуы. Жалпы есту — адам ағзасының сезім органдарының бірі. Күнделікті карым-қатынас, жұмыс, дем алу уакыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі күлақтың есітпей қалуы — ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір кұлақтың есітпей қалуы — жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондыктан ол денсаулықтың бүзылуына әкеп соккан жеңіл жарақат деп бағаланады.

л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органнын кызметін жоғалтуға — аяктың, колдың физикалык тұрғьща денеден айрылып кдлуын немесе сал (паралич) қалпында калуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағала-нады. Жыныс қатынастарының кабілетін жоғалту, екі ені де закымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ак бала табу кабілетінен айрылу тұкымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жаракаты катарына жатады.

е) Сот медшинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жаракатын бағалау кезінде біркатар факторлар-ды: жаракат салған кезде онын адам өміріне кауіптілігін (ми шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің закымдануын және бет пішінінің калпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру ке-рек. Бет сикының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз — тыртык көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртыктардың әжімдерге, мойын кыртыстарына және т. б. ұксап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жаксы нәтижеге жеткізбей, закымдану-шыға косметикалык операциялар жасалса, жаракат операция-нын нәтижесіне карамастан калпына келмейтін жаракат деп каралады да ауыр дене жаракатына жатады, өйткені мұндай жағдайда орын алатын іш құса болып қатты кайғыруға бет-пішіннің езгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.

и) Еңбек кабілетінің кемінде үштен бірін тұракты түрде жоғалту деп — жалпььеңбек кабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек кабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек кабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жара-кат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгеріс-термен бірге байланысты. Енбек кабілетін жоғалту тек тұрак-ты болады. Жалпы енбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жаракаты ретінде бағаланады. Кәсіптік енбек кабілетін жоғалтуды аныктау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек кабілетінен айыруға ниеттенгендік аныкталатын жағдай-ларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамнын енбек кабілетін жоғалтуына апарып соғатын жаракаттар жас балаға, карт адамға, кәмелетке толмаған жаска, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жаракатының қаншалыкты ауыр екенін аныктағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін ол

Ю жаска толғанда еңбек қабілетін кдндай дөрежеде жоғалткд-ны көрсетіледі; 2) мүгедек адамньщ алынған жарақатқа бай-ланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сиякты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді. к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екікабат екендігінің мерзіміне карамастан, ол ауыр дене жара-қатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинеко-логиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші орга-низмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны аныкталуға тиіс.

ж) Жарақат алуға байланысты іш қүса болу (психикасының бұзылуы) ауыр дене жаракатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын кояншык (эпилепсия) осындай ауру. Іш құсаның диагнозын қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының қүзыретіне жатады.

з) Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақатын келтіру болып табылады. Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайык. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: а) екі немесе одан да көп адамға катысты жасалса; б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғам-дық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жа-қындарына қатысты жасалса; в) кінәлыға дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға үштас-кан адамға қатысты жасалса; г) аса қатыгездікпен жасалса; д) ұйымдасқан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж) бұза-кылық ниетпен; з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпен-ділік немесе араздық тұрғысында; и) жәбірленушінің мүшеле-рін немесе тінін пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасал-са немесе оны осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтірген адам жасаса,— деп атап көрсетілген.

Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы мұмкін. Ауыр Дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір Кұрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:

қасақана ауыр дене жарақатын келтіру,

абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру.

Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінін өліміне әкеп соғатын кінәлының әрекеттері тікелей баска адам-ның денсаулығына кол сұғуға бағытталады, сондықтан да жал-пы кінәлылық әрекеттері адам денсаулығына карсы кылмыска жатады. Жалпы кінәлының әрекеттерінің субъективтік жағын карастырсак, кінәлы өзінін каса&ана әрекеттері аркылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірак бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлы жәбірле-нушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немкұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салда-рынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру кылмысы құрамын кұрайды. Сонымен ауыр дене жаракатының салдарынан жәбірленушінің өлімі келген жағ-дайға байланысты жалпы заң бойынша 2 корытынды шығаруға болады: 1) Егерде кінәлы тікелей немесе жанама қасаканалық-пен өлтіруге бағытталган әрекеттерді жасап, мұның салдары-нан жәбірленуші өлсе, онда кінәлының әрекеті қасақана кісі өлтіру қылмысы құрамын кұрайды. Егерде кінәлының өлтіруге бағытталған тікелей касаканалық әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты са-лынса, онда кінәлының әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есептелінеді, ал жанама касаканалыкта—дене жаракаты ретінде багаланады. Жәбірленушіге елім келтіруді мақсат тұтпай жа-нама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты өлтіруге оқта-лу ретінде қарастырылмайды.

2) Егерде ауыр дене жаракатының салдарынан келген жәбірленушінің еліміне кінәлының тікелей немесе жанама " қасақаналык ниеті болмаған кезде, онда кінәлының әрекеті тұтасымен 103-баптың 3-тармағымен сараланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет