2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет24/39
Дата16.05.2020
өлшемі1.02 Mb.
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні мен мақсаттары.

  2. Тергеу экспериментінің түрлері.

  3. Тергеу экспериментін жүргізу тәсілдері мен тактикалық жағдайлары.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

17 лекция. Тану үшін ұсыну тактикасы.

Мақсаты: жәбірленушіге, куәге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету аркылы, осы объектіні онын бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер керген болса, кашан және кандай жағдайда кергендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитывдығын айырып, шешу үшін жүргізілетін занда көрсетілген тергеу әрекетін анықтау.


  1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты мен түрлері.

  2. Тану үшін ұсынуға дайындық.

  3. Тану үшін ұсыну жағдайларын дайындау.

Қылмыстық істерді тергегенде кей жағдайда жеке адамнын, заттардың, бүйымдардьщ және баска да объектілердің осы тергеліп жатқан кылмыскд байланысын анықтау үшін оларды жәбірленушіге, куәге тану мақсатымен ұсынып, көрсетуге тура келеді. Бұл объектілерді тану үшін көрсету тергеу әрекетінін кылмысты ашуда, іске керекті дәлелдемелерді тауып, жинауда маңызы зор. Себебі осы әрекет арқылы кылмыс жасаған адам-ның кім екені аныкталады, іс бойынша қажетгі заттай дәлелде-мелер табылады. Бүл тергеу әрекетінің мағынасы — ол кылмыс-қа байланысты бұрын көрген объектіні танушы адамның өзінін ойында калған осы объектінін белгілері бойынша танып, айы-руы. Яғни, психологиялык жағынан алғанда бүл да кримина-листикалық идентификациялау процесінің бір түрі. Мұнда да танушы адам өзіне керсетіп отырған объектідегі белгілерді, өзінің бұрын көрген объектіні ойында калған белгілерімен са-лыстырып, теңдестіріп, сол бойынша мына көріп тұрған объектісі бұрын көрген объектінін нак езі, немесе ол еместігін айырып, шешуі керек.

Тану үшін көрсетілетін объектілер катарына жататындар: адамдар, мәйіт, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бір жерлер де көрсетілуі мүмкін.

Тану үшін көрсету дегеніміз ол жәбірленушіге, куәге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету аркылы, осы объектіні онын бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер керген болса, кашан және кандай жағдайда кергендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитывдығын айырып, шешу үшін жүргізілетін занда көрсетілген тергеу әрекеті

Бүл тергеу әрекетін өткізудін кажеттігі тергеу үстінде алын-ған жауаптан туывдайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетінің жа-уап алумен көп ұксастығы бар. Тіпті, бұрынырак бұл тергеу әрекеті жауап алудың бір түрі есебінде саналып жүрді. К,ыл-мыстық іс жүргізу кодексінде бұл тергеу әрекеті адамның кім екені, яғни, заттарды танытқанда жауап алу деп аталып, жауап алудың бір түріне теңестірілді. Бірақ бұл тергеу әрекетін еткізудің психологиялық процесіне талдау жасасак, ол крими-налистикалык вдентификациялау процесінің бір түрі ретінде идентификациялык кдғидалар түрғысында өткізіледі. Бұл тер-геу әрекеті объектілерге тән белгілерді тендестіруге негізделеді. Әдетте, көзбе-көз көріп түрған белгілерді салыстыру арқылы идентификациялык сүрак шешілмейді. Салыстыруға негіз есебінде алған белгілердің бір тобын танушы адам көзбе-көз көріп тұрса, салыстыруға қолданатын екінші белгілер, олардың бейнесі жанағы танушы адамның ойында. Сол ойында қалған белгілерді көріп тұрған белгілермен салыстыру аркылы тану-шы адам осы салыстырып отырған объектіні бұрын көрген не көрмегендігін шешеді. Тануға байланысты мүндай психология-лык процеске әр түрлі факторлар, себептер әсер етеді. Айта-лық, танушы адам осы тану үшін керсетіліп отырған объектіні қандай жағдайда, қавдай кашыктықта көрді, көргенінен бері қанша уакыт етті, осыны көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционалдык жағдайы кандай болды және т.б. Осылардың бәрі тану мүмкіндігіне көп әсер етеді. Сондыктан тану үстінде осы жағдайлардың бәрі ескерілуі кажет .

Объектілерді тану үшін керсетер алдында тергеуші біраз да-йындык жұмыстарын жүргізу керек. Осы жүмыстардың ұқыпты, мүқият жүргізілуіне бұл тергеу әрекетінің сапасы, нәтижелілігі, қорытындысының объективтігі тікелей байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, объектілерді тану үшін көрсетудің керектігі бұдан бұрын куәдан, жәбірленушіден, не айыпкерден алынған жауаптарынан туындайды. Сондықтан бүл тергеу әрекетін өткізу кажеттігін, оны өткізу мүмкіндігін шешер ал-дында тергеуші осы адамдардың объектіні қандай жағдайда көргендігі, оныңсол объектіні кандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша тани алатындығы жөнінде жауап алады. Бұдан соң бұл тергеу әрекетін кашан және қай жерде өткізу керектігін, өткізетін жерін, уақытын тағайындайды. Бұл мәселелерді ше-шуде тергеушінін объектіні тануға неғүрлым тезірек көрсету керектігін қатаң ескертуі тиіс. Өйткені уакыт өткен сайын куәнің (жәбірленушінің) ойында керген объектінің бейнесі, белгілері үмытылып, көмескіленуі мүмкін. Сонымен бірге бұл жүмысты асығыс өткізуге де болмайды. Себебі дайындык кезіндегі асығыстык тергеу әрекетінің сапасына керісінше өсер етеді.

Тергеу әрекеті объектілерді көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде өткізілуі қажет.

Дайындык жүмыстарының ең бір күрделісі — көрсетілетін объектіге ұқсас объектілерді табу. Айталык,: адамды тану үшін көрсетуде осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні, келбеті жағынан үксас дублерлерді, ал затгарды тану үшін керсету кезінде жал-пы белгілері сәйкес келетін үксас затгарды табу қажет.

Бұл тергеу әрекетін жургізгенде бүған белгілі бір мамандар-ды қатыстыруға тура келеді. Айталық: мәйітгің кім екенін тану үшін оны көрсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы ма-манды, ал объектіні танушы жасы жетпеген куә, жас бала болса педагогті катыстыру керек.

Дайыңдық үстінде тергеуші керек құрал-саймаңдарды, ғылы-ми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы тиіс. Суретке не бей-нежазбаға түсіру керек болса, фото-бейне аппаратын дайындап оны қолданып, түсіретін адамдарды тағайындау қажет.

Тану үшін көрсетілетін объектілерге байланысты тергеу әрекеті бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтканда: адамның кім екенін тану, заттарды тану үшін көрсету, мәйіттщ кім екенін, оның аты-жөнін білу үшін тануға көрсету. Малдарды тану үшін көрсету, белгілі бір жерді, не бөлмені, тұрғын-үйді тануға көрсе-ту. Объектілердің түрлеріне байланысты оларды көрсету так-тикасында да ерекшеліктер бар.

Адамдардын кім екенін таныту үшін танушы адамнан алдын ала танылатын адамның сырткы бейнесі, пішіні, киімі туралы, оны қандай жағдайда кергені жөнінде асықпай жауап алу кджет. Тану үшін көрсетілетін адам, өзіне ұксас, кем дегенде екі адам-ның арасывда, калаған орында тұруы керек. Танушы адам тану үшін керсетілетін адамды тергеу әрекеті басталғанша көріп кой-майтындай жағдай жасалуы тиіс. Танылуға тиісті адам кем де-генде екі адамнын арасынан өзі калаған орын алғаннан соң, та-нушы адамды кіргізіп: «Алдыңызда түрған адамдардын ішінен кімді танисыз? Кандай нақты белгілері бойынша ол кісіні тани-тыныңызды түсіндіріңіз және кандай жағдайда кездескеніңізді айтып беруіңізді сұраймыз?» деп тергеуші үсыныс жасайды.

Танушы адам осы екі кісінің ортасында тұрған адамды тиісті жасалған кылмысқа байланысты белгілі бір жағдайда калай көргенін, оны қандай белгілері, сыртқы бейнесінін кандай ерекшеліктері бойынша танығанын айтуы керек. Уакыт өткен-нен кейін көрсетілген адамнын сырткы бейнесінде, әрине өзгерістердің болуы мүмкін. Сондыктан көрсетілген адамды танығанмен онын бейнесінде кандай өзгерістер бар екенін де танушы адам толык айтып беруі тиіс.

Осы тергеу әрекетін жүргізгенде танушы адамнын өзіне көрсетілген адамды тануы сол адамнын бейнесінде, пішінінде бар белгілерге негізделеді. Сол ойында калған белгілерді, көріп түрған адамның пішініндегі белгілермен танушы адам ойша са-лыстырады.

Бұл сыртқы бейне және пішін белгілері криминалистикада — екі түрге бөлінеді. Біріншісін анатомиялык белгілер, ал екіншісін функционалдык не динамикалык, белгілер дейді.

Анатомиялык (статикалык) белгілерге адамның бойы, дене күрылысы, бет әлпеті және дене мүшелерінің баска ерекшелік-тері жатады (басы, мандайы, мүрны, аузы, еріні, иығы, қол, аяғы, т.б.).

Функционалдык (динамикалык) белгілерге — дауысы, тіл ерекшеліктері, жүрісі, аяк алысы және баска да дене кимылы-нын ерекшеліктері жатады.

Адамдарды кім екенін тану үстінде, сонымен катар кейде косымша белгі есебінде онын киімі, көзілдірік киісі, сақал, мұрт коюы, тағы баска да жалпы бейнедегі барлык ерекшеліктері пайдаланылады.

Тану үшін көрсету жүргізілгенде осы көрсетілген белгілер бойынша белгілі адам танылса, оны бейнелеп, сипаттап айту кейде танушыға өте киынға түседі. Осыған байланысты тергеуші криминалистикада қолданылатын әдісті - «ауызша суреттеу» әдісін колдануы керек, яғни адамның келбетін, ауызша бейне-леу. Мысалы, бойы — биік, орташа, аласа бойлы; басы — улкен, кіші; шашы - кою, сирек, кара, жирен; беті - жалпак, сопак; мандайы - биік, кен мандайлы, шот маңдай, төмен, т.б. Дене мүшесінде анатомиялык кемістік болса, олар ерекше белгілер есебінде есептеледі.

Кісі тануда әр адамға тән, қалыптаскан дене кимылдары да жеке белгі есебінде пайдаланылады. Атап айтқанда: оның дауы-сы, сөйлеу мәнері, тіл ерекшелігі, журісі, аяк алыс ерекше-ліктері. Кей жағдайларда осы белгілерге ғана негізделіп кісіні тануға көрсетуге болады. Бірак бүл динамикалык белгілерді өте^ онай өзгертуге болатывдыктан, мүндай көрсету көбіне тиісті нәтиже бере алмайды. Себебі танылатын адам даусын да, журісін де көрсету үстінде өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл белгілер, әдетге, анатомиялык белгілермен коса көрсетіліп, пай-даланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет