БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Криминалистикалық тактиканың жалпы қағидалары.
Криминалистикалық тактика санаттары.
Криминалистикалық тактиканың түсінігі.
Тактикалық тәсілдер, оларды қолдану шарттары
Тактикалық комбинацияны: түсінігі, жіктемесі, шектіліктің жалпы жағдайы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген
№11лекция. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлар.
Мақсаты: Қылмыстын тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінін істі тергеуге байланысты жұмысынын мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты криминалистикалық болжамдар мен тергеуді жоспарлаудың маңыздылығын саралау.
Криминалистикалық болжамдар түсінігі мен мәні.
Болжамдарды құру және тексеру, оларды құру негізі.
тергеуді жоспарлаудың түсінігі және негізгі қағидалары.
Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
Қылмыстын тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінін істі тергеуге байланысты жұмысынын мақсатты және ұйымдас-қан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргі-зілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс козғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сүрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нактылы кандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және бас-ка да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.
Сұрактар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысты болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сүрақтар осы кылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған кылмыстың қалай, қандай жағдай-да болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қыл-мысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыс-тын қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, онын бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылык, талдау процесінің үстінде кылмыстың кандай жағдайда болғандығы, кылмысқа катынаскан адамдар және де қылмыстык, оқиғаның баскд да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеу-шінің бүл ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сүрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логи-калык гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу бол-жауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне — жүмыс гипотезасына жатады.
Болжаудың мазмүны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. ЖалпьР болжау - ол нақты кандай кылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталык, окиға болған жерде мәйіт та-былған жағдайда тергеуші осы окиға жөнівде мына төмеңдегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасакдна өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айткднда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжау-лар жасалады. Мысалы, кылмысты белгілі бір адамның жаса-ғандығы, қашан, кай мезгілде және қавдай кару пайдаланған-дығы жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашы-лык талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі кажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қай-сысы дүрыс екенін біліп анғаруға болмайды. Сондыктан жасал-ған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп аныктау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыкка жатады деп екінші элементі болып саналады. Жоспарға кірген сұрактартер-геу әрекеттерін, жедел-іздестіру және баскд да жұмыстарды жүргізу арқылы аныкталып, шешілетін болғандықтан, орында-латын тергеу шаралары жоспардын үшінші элементі болады.
Жоспарланған жұмыстарды кім және кай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардын төртінші элементі болады. Кей жағдайларда тергеу шараларын орындай-тын лауазымды адамның аты-жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен кұралады.
Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек, ол төрт кей-де бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар бірімен-бірі тікелей байланысып, бірінен-бірі туындайды. Осын-дай жоспар бойынша тергеушінін кылмысты тергеуге байланыс-ты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі.
Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тер-геудің бастапқы кезеңінде кылмыстык іс бойынша мәлімет-терд^ң аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді кажет ететін тергеу әрекеттері жос-парсыз да жүргізіледі. Айталык, кылмыс жөнінде хабар алысы-мен тергеуші окиға болған жерге барып қарайды және кдрау-дың корытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәлел-деме деректерді талдап, оларды айқындап, анықтау аркылы тер-геу болжауларын жасап, болжауларды тексеруді жоспарлайды.
Тергеу тәжірибесінде тергеу жоспарынын бірнеше түрі бар. Жұмыстың дүрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген эле-менттердің бәрі де жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрде жасалады.
Кестеде көрсетілген әр болжау бойынша жеке жоспар жа-сауға болады. Кейбір көп көріністі істерде әр көрініске жеке-жеке жоспарлар да жасалады.
Жалпы тергеу жоспарына косымша, оны толықтыруға ба-ғьітталған, жиналған айғак мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері колданылады. Мысалы, көп керіністі істер бойынша тергеп отырған қылмысқа катынасы бар әр айыпкерге «жеке есеп» карточкесі толтырылады. Онда әр айыпкерге инкриминацияланған қылмыстык, әрекеттер және оның осы қылмыска катысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапка тартылған кылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп көріністі істерді жоспарлаудын «шахматгы ведомость» деген түрі де жиі қолданылады.
Мұндай жағдайда бірінші бағанға әр іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерлердің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға кылмыстың жеке-жеке көріністері жазылады. Ай-ыпкер қай қылмысты көрініске катынасты болса сол бағанға «х» деген белгі қойылады. Бұл жоспарлау тәсілін төмендегі кес-те аркылы көрсетуге болады.
Кейбір өте үлкентер бойынша күрделі, бірнеше торлы бас-қару жоспары да жасалады. Мұндай көп торлы кестеде тергеу-шінің бірнеше бағытта істейтін жұмыстары көрсетіледі. Оның ішіндегі неғұрлым маңызды жұмыстарды, кай бағытта және қан-дай тергеу шараларын орындау үстінде кандай кедергілердің, киыңдыктардың кездесетіндігін алдын ала белгілеп алуға болады.
Тергеудің әр кезеңінде істелетін жұмыстарды жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Тергеудің бастапкы кезеңінде кідір-тілмейтін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары-ның жүргізілуі жоспарланады. Тергеудің кейінгі кезендерінде жоспарға кіретін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыс-тары негізінен айыпкердің жауабынан туындайтын мәселелерді тексеруге бағытталады. Ол үшін айталык, сот-сараптамасын та-ғайындау, тергеу экспериментін жүргізу, айғақтарды оқиға бол-ған жерде тексеру мен нақтылау, тағы баска да тергеу әрекет-терін өткізу жоспарланады.
Жалпы қылмыстык іс бойынша жасалатын тергеу жоспары-мен кдтар кейбір күрделі тергеу әрекеттерін, атап айтканда, жауап алу, тергеу экспериментін жүргізу де жоспарланады. Мүндай жоспарда тергеу әрекетін жүргізгенде анықталатын сұрақтар, оны жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер, сонымен катар тергеу әрекетінің нәтижелігін артты-ру үшін өткізілетін баска да ұйымдык жұмыстар көрсетіліп, белгіленеді. Мұндай тергеу әрекетгерінің жоспары жалпы тер-геу жоспарынын бір элементі есебінде саналып, осы жоспар-дағы мәселелерді шешуге бағытталады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші занда көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғал-ған іс бойынша қылмыстың мән-жайын анықтап, жасалған кыл-мысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші тек заңда көрсе-тілген әрекетгерді жүргізу аркылы, өзінің күшімен ғана бүл заң-да көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеу-шінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың кызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған кылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде арнайы нұскаулар беру жайындағы өкілеттігі занда көрсетіліп, бекітілген. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында аныкталған мәліметтерді және осы орган-нын баска да мүмкіншіліктерін толык пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарынын бірлесіп істеуі ар-қылы кылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті заттай дәлелдемелерді толык жинап алуға бо-лады. Кдндай кылмысты тергегенде болсын бұл екі органның аддында тұрған тағы бір міндет - ол қылмысты аддын алу, кыл-мысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қоддану. Ортак міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айткан да, бір мекеме шеңберінде болуы олардын қылмыска карсы күрес саласындағы ұйымдык, тактикалық жүмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.
Сонымен тергеу және аныктама жүргізуші оргаңдардың тер-геу үстінде калыптасатын карым-қатынасының түсінігі — кыл-мыстык істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарынын кылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскер-лікпен істейтін жұмыстары. Бірак, мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың кызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бүдан бұрынғы жедел-іздестіру жүмыс-гары жөнінде занда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтыл-ған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөнін-дегі заң кабылданғандықтан бұл органнын өкілеттігі зан жүзінде толык бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен катар әзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның ішінде негізгісі - қылмыстыңбелгілерін, іздерін тауып, оған катысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің аддына заң жүзінде койылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілетгігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу аркылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын аныктау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, кандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу аркылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.
Тергеуші мен аныктама жүргізуші органдардын арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұракты және бір жолғы. Түрақты кдтынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарынын кызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ күрып тергейді. Қарым-қатынас кылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс коз-ғалмай тұрып-ак калыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бүл мәліметтер тергеушінің кыл-мысты козғау кезенінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстык іс қозғалғаннан кейін жедел топ кұрылып, оған тергеуші және кылмыстын түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының кызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының кызмет керлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нактылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдай-да тергеуші өз аддына жоспар жасап, жедел-іздестіру органда-рының кызметкерлері езінше жоспар жасаулары мумкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда да көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Аныктама жургізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәлімет-терді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу барысында алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың кызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, же-дел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, кылмыс дер кезінде ашылады. Мұны екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада тусінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп еткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болған жерді қарау устінде тергеуші оқиға болған жерді карап жатқанда, аныктама жүргізуші оргавдардың кызметкерлері кылмыскердің кім екенін анықтап, оны устауға, осы болған кылмысты көрген адамдарды табуға және баска да кылмыстың мән-жайы женіндегі мәлімет-терді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жумыстарын жургізеді. Жедел топка кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке еткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу устіндегі түракты қарым-каты-насы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын күру-мен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп еткізумен сипатталады.
Тергеу барысында осындай турақты катынаспен бірге, көбінесе жеңіл кылмыстарды тергегенде, керіністік, былайша айтканда, бір жолғы карым-қатынас та калыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстык заңға сүйеніп тергеуші істін кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу аркылы анык-тап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталык, кылмыс-ка сезікті адамның турмыс жағдайын, кіммен карым-катынаста екендігін, кімнін үйіне және кай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру орган-дарынын кызметкерлеріне тапсырылады. Сонымен катар, тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру ушін жедел-іздестіруші органның кызметкерлерін шакырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру орган-дарынын кызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі тер-геу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |