2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет12/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыстану ғылымилық негіздері

  2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі

  3. Адам сырт келбетін «ауызша портрет» әдісімен суреттеу ережелері.

  1. Адам сырт келбетін сипаттайтын киім кешек пен басқа да заттарды суреттеу.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген


9 лекция. Криминалистикалық тіркеулер.

Мақсаты: Қылмыспен күрестің тиімді түрі ретіндегі криминалистикалық тіркеулердің алатын орнының ерекшелігін анықтау мен белгілеу.

  1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі.

  2. Криминалистикалық тіркеудін түрлері

  3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары

Қылмыспен күрес жүргізу мақсатында біздің дәуірімізге дейін де тіркеу әдістері колданылған. Әдетте мынандай екі түрлі әдіс қолданылды: танбалау және мертіктіру, яғни тану мен жа-залауды катарынан жүзеге асыру (б.д.д. II ғасырдағы ежелгі үнді «Ману заңы» және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы). Қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипаттап қоймай, сонымен катар канша кылмыс жасағандығын да айқын әшкерелеп көрсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сезді адамнын бетіне, болмаса денесінін баска бөлшегіне күйдіріп түсірді. Таңбалау кылмыскерлерді ұстауға біршама көмегін тигізді, бірак, оның кайда, қашан және не үшін жазаланғандығын, сондай-ақ таң-басы аркылы онын жеке басын аныктауға мүмкіндіктер болма-ды. Англия мен Францияда «Идентификациялық салтанаттар» —деген атпен камаудағы кылмыскерлердің ішінен полициялар бұрын көрген қылмыскерлерді тануға байланысты тексерулер жүргізді.

Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашкы рет XIX ғ. аяғында (1882 ж.) А. Бертильон кылмыскерлерді тіркеудіңантропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фуддс, Ф. Галь-тон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу ар-қылы калыптастырған. Кдзіргі уақытта да криминалистикалық оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі «кылмыстық тіркеу» — деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі танда криминалис-тикалык тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавитгік, дактилоскопиялык және т.б. тіркеу түрлері.

Криминалистикалық тіркеу түрінен онын формасын ажы-рату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Кри-миналистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әр түрлі: си-паттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялык болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің аралас түрлері де жиі колда-нылады: үсыныстар-альбомдармен, суреттермен; ал акпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялык кар-та және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.

Криминалистикалықтіркеуді оқып білудің негізі - бізді қор-шаған әлемді, материаддық танымды, диалектикалык зандар мен таным теориясын білуге неізделеді. Криминалистикалык тіркеудін дамуы — криминалистикалык идентификация теория-сымен, іздердің пайда болу тетігі жөніндегі ілімдермен, және кылмысты жасау тәсілдерімен, дәлелдемелі акпараттарды бекітумен табиғи байланыста болып келеді.

Криминалистикалык тіркеулер қылмыстык процессуальдык зандарда тікелей қарастырылмаған. Бірак та криминалистика-лык тіркеуді жүргізу тәртіптері Кылмыстык іс жүргізу кодек-сінің талаптары негізінде анықталады. Олар Кылмыстык іс жүргізу кодексінін баптарында бекіту тәртібіне катысты заттай дәлелдемелерді сактау және алу; салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу; маманды катыстыру; сот сараптама-сын тағайындау және жүргізу көрсетілген. Сонымен катар, по-лиция мен жедел-іздестіру кызметі туралы нормативтік актілері де криминалистикалыктіркеудің кұкыктык негізі болып табы-лады.

Тіркеудін материалдарын жинау рәсімдері Қазакстан Рес-публикасының Ішкі істер бөлімінің зан актілерімен, Бас про уратураның жеке бүйрыктары және инструкцияларымен белгіленеді.

Жеке тұлғаларды тіркеуге төмендегілер жатады:


  • камауға алу сиякты шараларды колдану туралы, сондай-ак айыпкер ретінде кылмыстык іске тартуға байланысты прокурордың, тергеушінің немесе аныктама жүргізушінің шығарған каулылары;

  • соттың үкімі немесе шешімі;

  • түлғаларды іздестіруді жариялауға байланысты шығарылған каулылар;

  • сезіктіні ұстау хаттамасы.

Тергеу әрекетінін хаттамалары қылмыстық окиғамен байла-нысты басқа да объектілерді тіркеудің занды негізінін біріне жатады.

Алынып отырған объектілердің ерекшелігі мен оларды тіркеу кезінде сипаттайтын белгілеріне байланысты — тіркеу: «жедел-анықтамалык,, жедел-іздестірудегі» — деп бөлінеді. Осы түрлер-дің барлығын криминалистикалық деп атауға болады.

Жедел-анықтамалық тіркеуге — адамдардың, заттар мен бұйымдардың белгілерін көру аркылы кабылдап бекітуді жат-кызамыз. Мысалы, бейне және дыбысжазба аппаратуралары, шығарылған уақыты, орны, кай заводта дайындалғандығы көрсетілген немірі мен белгісі бар сағаттар және сол сияқты басқа да бұйымдар. Мұндай тіркеу объектілерінің белгілеріне тергеушілер мен жедел орган қызметкерлері сипаттама береді (объектілердің акпараттык. белгілерін арнайы зерттеу немесе сараптама жүргізу жолымен анықталған кездегі криминалис-тикалық тіркеуді коспағанда).

Жеде/І-іздестірудегі кейбір тіркеу объектілері әр түрлі кате-гориядағы заттар мен түлғаларды іздестіру мәселесін арнайы Қамтамасыз ету максатындағы криминалистикалык тіркеуге де Қатысты болып табылуы мүмкін. Осы объектілер кылмысты тер-геу мен ашуға ерекше кызмет көрсетеді. Бүл жерде тергеуден Және соттан бой тасалап жүрген түлғалар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мәйітгер; нөмірленген заттар және г.б. осы сияқты объектілер жөнінде сөз болып отыр. Жоғарыда <өрсетілген әр түрлі белгілеріне байланысты бұл объектілердің бір бөлігін криминалистикалық, ал бір бөлігін жедел-анықта-малық тіркеуге жатқызамыз.

Анықтамалық-көмекші тіркеуге: қылмыстық оқиға мен тер-геуге себепті байланысы жоқ объектілер жатады; ал тіркемелік белгілері көріп кабылдау арқылы, болмаса арнайы зертгеулер жүргізу көмегімен анықталады. Бұл тіркеудің түрі сараптама-лық мекемелерде жүргізіледі.

Әкімшілік деңгейіне байланысты тіркеу жергілікті, аймақ-тык және орталык (центральный) болып бөлінеді.



Жергілікті тіркеуді — Ішкі істер министрлігінің аудавдық бөлімдерінің криминалистикалык бөлімшелері жүргізеді.

Аймақтық тіркеуді — қалалык, және облыстык ішкі істер бөлімдерінін криминалистикалыкбөлімшелері және кұкықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады.

Орталық тіркеуді— Қазакстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратуранын кұкыктык, статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады. Бұлардың көпшілігі жергілікті орталыктандырылған болып табылады және де көрсетілген барлық деңгейді қамтамасыз етеді.

Криминалистикалык тіркеуге келесідей объектілер алына-ды: белгісіз кылмыскерлер - жазадан бас тартып тергеуден не-месе соттан бой тасалап жүрген; камауға алынған айыпкерлер; қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты үсталған түлға-лар; кылмыс жасаған, бірак коғамдык ыкпал немесе жағдайдын өзгеруі бойынша шаралар колдануға байланысты кылмыстык жазадан босатылған түлғалар; сотталған адамдар; хабар-ошар-сыз кеткен тұлғалар; өзі жөнінде мәліметтер беруге жағдайы жоқ, балалар және қарттар үйіндегі, емдеу мекемелеріндегі нау-қас адамдар; танылмаған мәйітгер, қылмыс салдарынан және аяк асты кайтыс болған тұлғалар; ұрланған, жоғалған, алынған және өз еркімен өткізілген атыс кдрулары; ашылмаған кылмыс-тык істер бойынша оқиға болған жерден табылған қару-жарак-тар, патрондар, оқтар, бытыралар, гильзалар; үрланған және іздестірілмеген, сондай-ақ үсталған түлғалардан алынған зат-тар; қылмыспен байланысты нөмірленген заттар (фотоаппарат-тар, бейнекамералар, сағаттар, ұялы телефондар және т.б.); аныкталмаған автомотокөлік құралдары; жалған ақшалар; бас-паханалык әдіспен, компьютерлік және баска да көбейткіш «.үралдарымен жасалған жалған күжаттар (диплом және т.б.); есірткі немесе күшті әсер ететін емдеу дәрілерін алу үшін жа-салған жалған рецептер; жасырынудағы қылмыскерлерге тиесілі күші жойылған, ұрланған кұжаттар; оқиға болған жерден алын-ған иіс іздері; үрланған және іздестірудегі, болмаса кылмыскер-лерден алынған, сондай-ак каңғып жүрген малдар; ашылмаған кылмыстар бойынша оқиға болған жерден табылған кол іздері; осындай істер бойынша табылған бұзу құралдары мен карулар-дын іздері; теміржол көліктеріндегі жүктер мен заттарды ұрлау фактілері; ашылмай калған қылмыстарды жасау әдістері және баскалары.

Криминалистикалық тіркеу жүргізу кезіндегі бекітудін, негізгі әдістеріне - ауызша суреттеу, фотосуретке түсіру және дактилокөшірілімдерді жасау кіреді. Соңғысы тіркелетін тұлға-лардың кол саусақтарының бедер іздерін алу аркылы жүзеге асырылады. Тіркеу ақпараттарын сақтау үшін колданылатын әдісіне байланысты - картотекалар, фотоальбомдар, іздердің коллекциялары пайдаланылады.

Қазіргі кезде қылмыстық тіркеуге электронды-аныктауыш техникалары да колданылады. Оны пайдалану кезівде тіркемелік мәліметтер белгілі бір кодпен жазылады және олар компьютер-ге енгізіледі.

Тіркеу бойынша тексеру кезінде мынандай мән-жайлар анықталады. Криминалистикалық тіркеудің міндеттеріне келесілер жатады:

а) көрсетіліп отырған тұлға тіркеуде тұрған жок па, егер түрса, оның жеке басын (түрғылықты мекен-жайы, бүрын сотталғандығын, кылмыс жасау түрі мен әдісін, жазасын өтеу мерзімі мен орнын, ісі кысқартылғандығын, іздестіруде жүргендігін, кайыр тілеу мен босқындап жүргендігі үшін үсталғандығын, сыртқы белгілерін, шұғылданған кәсібін, баскд да бейімділігін, мысалы: есірткіге немесе ішімдікке) сипаттайтын мәліметтер;

ә) қандай да бір тәсілмен жасалған, бірақ ашылмаған кыл-мыс ретінде тіркеуде тұрған жок па; сезікті туралы кандай да бір мәліметтер бар ма;

б) атыс каруы кімнің атынан тіркелген; ол үрланған емес пе; Кьілмысты жасау кезінде пайдаланылған жок па;

в) бұл карудан атылған ок және табылған гильза немесе патрондар тіркеуде тұрған жок. па; олар кашан, кайдан және кімнен алынды;

г) осы адаммен калдырылған және ұсынылып отырған қол саусақтарының іздері тіркеуде тұрған жок па; бұл адам туралы қавдай да бір мәліметтер бар ма;

д) танылмаған мәйіт тіркеуде тұрған жок па, хабар-ошарсыз кеткен тұлғамен кімнің және қандай адамның сырткы бейнесі ұқсас;

е) осындай әдіспен жасалған және ұсынылып отырған жалған ақша белгілері тіркеуде тұрған жоқ па; оларды жасаушылар туралы кандай да бір мәліметтер бар ма;

ж) автомотокөлік кұралының нақты иесі кім; автокөлік иесіз емес пе; автокөліктің кдндай да бір жол-көлік окиғасына катысы бар ма;

з) ұрланған ретінде көлік құралынын техникалық кұжаты тіркеуде тұрған жок па, егер тұрса ол кімнің атында тіркеуде тұр, ұрлануы туралы кдндай мән-жайлар бар;

и) жүргізуші қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысты емес пе, ол әкімшілік жауаптылыққа тартылған жок па;

к) белгілі бір куәлік ұрланған куәлік ретінде тіркеуде тұрған жок, па; бұл куәліктің иесі іздестірілуде ме;

л) мұндай баспаханалық құжат немесе осы әдіс бойынша есірткі затгарын алу үшін жасалған рецепт тіркеуде тұрған жок па; кұжаттарды жасайтын накты тұлғалар туралы мәліметтер бар ма;

м) белгілі бір немірленген зат немесе оның бөлшегі (бейне-камера, фотоаппарат, ұялы телефон, автокелік двигателі және т.б.) тіркеуде тұрған жоқ па; оның иесі жайлы кандайда бір мәліметтер бар ма;

н) қандай да бір сыртқы белгілері бойынша жеке басы анық-талмаған адам науқас ретінде тіркеуде тұрған жок па; кандай да бір белгілері бойынша жеке басы анықталмаған науқас тұлға хабар-ошарсыз кеткендер катарында тіркеуде тұрған жок па; бұл жеке басы аныкталмаған тұлға кім (онын кол саусақтары-ның іздері дактилоскопиялық картотекаларда бар ма);

о) теміржол транспортымен тасымалданған жүктер ұрлан-ған заттар катарында тіркеуде тұрған жок па, егер тұрса, олар-дың: ұрланған уакыты, табылған жері, ұрлау тәсілі, онын (буып-түйілуін қосқанда) нақты сипатгамасы, кылмыстык істің нөмірі, істі козғаған орган, заттардың қайдан табылғандығы және кімнен алынғандығы туралы мәліметтер бар ма.

Тексеруге байланысты жіберілетін сұраулар тиісті акпарат-тык-іздестіру картасынын тіркеу бланкілеріне тексерілетін объект жөніндегі мәліметгері толык көрсетіле отырып жазылады.

Кейбір жағдайларда заттарды тексеру үшін міндетті түрде тексерілетін объектінің өзін жібереді. Мысалы: ақшалай белгілерді, кару, патрон, ок, гильзалар, саусак іздері және т.б.

Сұрауларды күрастыру кала (аудандык) ішкі істер органдар-дағы тіркеуді жүргізетін, сонадай-ак кылмыстық-іздестіру белімшелерінде жұмыс істейтін тиісті полиция қызметкерлеріне тапсырылады. Тіркеу орталығы дұрыс нәтиже бере алмаса, сүрау-лар жергілікті тіркеу бойынша тексеруге жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет