2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет8/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеуінің түсінігі мен шешетін міндеттері

  2. Жыртылған, жанған, әлсін көрінетін, түссізденген, үстіне сия төгілген мәтіндерді, қағаздарды, бояуларды және т.б. сараптамалық зерттеуден өткізу мүмкіндіктері

  3. Сараптамаға материалдар дайындау

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

8 лекция. Адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім.

Мақсаты: Әр түрлі керіністегі адамның сыртқы бейнесін зерттейтін және кылмыстарды ашу мен аддын алу мақсатыкда сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайда-ланудың техника-криминалистикалык құрал-жабдыктары мен әдіс-тәсіддерін жетілдіретін криминалистикалык техниканың саласы бойынша түсінік қалыптастыру.


  1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыстану ғылымилық негіздері

  2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі

  3. Адам сырт келбетін «ауызша портрет» әдісімен суреттеу ережелері.

  4. Адам сырт келбетін сипаттайтын киім кешек пен басқа да заттарды суреттеу.

Габитология - әр түрлі керіністегі адамның сыртқы бейнесін зерттейтін және кылмыстарды ашу мен аддын алу мақсатыкда сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайда-ланудың техника-криминалистикалык құрал-жабдыктары мен әдіс-тәсіддерін жетілдіретін криминалистикалык техниканың бір саласы болып табылады.

Адамнын сыртқы бейне белгілері бойынша танудағы кри-миналистикалык ілімді жете менгеру - білім жетістіктерін тәжірибеде кеңінен колданып қылмысты тергеу мен айыпкерді іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Адамдарды идентификациялау үшін криминалистикада әр түрлі әдістер мен тәсілдер жетілдірілген (өнделген). Идентифи-кациялауда кеңінен колданылатын әдістердің бірі - адамды сыртқы бейне белгілері бойынша салыстыру болып табылады.

Адамды сырткы бейне белгілері бойынша идентификация-лаудың әдістері мен ғылыми негіздері жаратылыстану ғылым-дарының жетістіктеріне: анатомия, физиология, сот-медицина-сы, математиканын кейбір бөлімдеріне, жедел-іздестіру және сараптама тәжірибелеріне суйене отырып ұзак жылдар бойы қалыптасқан.

Адамдарды криминалистикалык идентификациялауға мүмкіндіктін болуы, кез келген адамның сырткы бейнесінін ба-сқа адамда кайталанбайтын белгілерінің болуына байланысты. Әлемде сырткы бейне белгілері жиынтығы бойынша бірдей екі адам кездеспейді, тек бір-біріне ұксас адамдар кездеседі. Бұл кағида криминалистикалык. идентификация теориясы мәлі меттеріне және тікелей анатомиялык мәліметтерге негізделеді. Барлык материалдык дүние объектілері өзіне-өзі ғана тең, тіпті бір тектес объектілердің өзінде де бір-бірінен айыратын ерек-

щеліктері болады.

Адамнын сыртқы бейнесінін барлык. белгілері тұракты емес,

олар жиі өзгерістерге түсіп түрады.

Адамнын сыртқы бейнесінің ен мәнді өзгерістері ұзақ уакыт ішінде пайда болады. Олар әсіресе адам сүйегі қалыптаскан ке-зендерде көзге кдтты түседі, яғни балалык және бозбалалык кезендерде. Жасөспірімдердің өзгеріске үшыраған белгілерін бейнелеу немесе суретке түсіру және тендестіру жолдарымен бекіту аралығында айтарлыктай көп уақыт етпейтіндіктен кри-миналистикада ол белгілердің мәнді маңызы жоқ. Үзак жылдар өтсе де, кейбір белгілер кдтты өзгеріске ұшырамайды (адамнын күлак калканы, оның формасы, бөлшегі).

Адамнын сырткы бейнесі зақым алған жағдайда қатты өзгеріске үшырайды, бірак зақым көбінде адамнын бетінің жеке беліктеріне ғана түсуі мүмкін (тыртык, күйік), сондай-ақ ол салыстырмалы түрде аз кездеседі.

Сыртқы бейненін ең тұракты белгілері сүйекті-шеміршек негізімен байланысты, мысалы: адам бетінің формасы, мандай формасы мен оның орналасуы, мүрын арқалығынын формасы және онын орналасуы, күлак, калканы және т.б.

Адамды идентификациялауға пайдаланатын сырткы бейне

белгілері:

• тұракты (белгілі бір уақыт аралығында салыстырмалы өзгеріссіз) болуы тиіс;

салыстырмалы түрде сирек кездесетін;

салыстырмалы түрде басқа белгілерге тәуелсіз болуы керек.

Теңдестіру кезінде жиі кездесетін белгілерге карағанда си-рек кездесетін белгілердін манызы зор. Сырткы бейненің белгі жиынтығын дүрыс қолданған жағдайда ғана тендестіру нәтижелі

жүргізіледі.

Адамды сыртқы белгілері бойынша тендестірудін ғылыми әдістемесі 1880 жылдары калыптаса бастаған. Француз криминалисі Альфонс Бертильон қылмыскерлерді тіркеу жүйесін-алыптастырған, оның бір бөлімі адамның сырткы бейне белгічерін арнайы термин колдану аркылы суреттеуден тұрады.

гйнелеуді «ауызша суреттеу» немесе «сөздік портрет» деп айтады. Бұл әдіс бойынша адамнын сыртқы бейнесі накты сурет-телді. А. Бертильон адам бейнесінің 49 түрін аныктаған, оның көпшілігі кұлак калқанынын әр түрлі бөлшектерінен тұрады. Дактилоскопиялықтіркеу жүйесінің кеңінен таралуына байла-нысты А. Бертильоннын бұл жұйесі өзінің тәжірибелік мәнін жоғалтты. Дегенмен де ауызша суреттеу әдісі одан әрі дамып шаркына жетті. Кдзіргі уақытта ауызша суреттеу жүйесін кылмыскерлерді, танылмаған мәйіттер мен хабар-ошарсыз кет-кен адамдарды және т.б. тұлғаларды сырткы бейне белгілері бойынша идентификациялау максатында колданады. Сондай-ак ауызша суреттеу барлық жағдайда, яғни адамның жеке басы анықталмаған (төтенше жағдайлардын, апаттардың, табиғи апат-тардың болуына байланысты адамдар жаппай каза болған) кез-де немесе кылмыскер езінің шын атын кдсақана жасырған жағ-дайларда колданады.



Сырткы бейне белгілері бойынша сәйкестендіруді азамат-тык сот өндірісі (алимент өндіріп алу ісі бойынша жауапкерді інықтау) кезінде де колданылады. Адамның сырткы бейнесі бойынша идентификациялауды тарихшылар, өнертанушылар, әдебиеттанушылар және басқа да ғылым өкілдері пайдаланады. Қылмыскерлердің сырткы бейне белгілерін теледидар, газет және полиция мәліметтері бойынша хабарлануы, олардың тез арада ұсталуына көмегін тигізеді.

Адамның сырткы бейнесінің жекелігі (қайталанбауы) мен өзгермейтін белгілерінің жиынтығы адамның идентификация-сының ғылыми негізін кұрайды. Сыртқы бейнесі бойынша иден-тификациялау мен диагностикалаудың ғылыми негізі мен әдістемесі анатомия, адам физиологиясы, сот-медицинасы және математика мәліметтерін ескере отырып криминалистикада жетіддірілген.

Адамның сыртқы бейнесінін элементтерін және олардың белгілерін негізге ала отырып, адамның сыртқы бейнесінін белгі-лері мен элементтер жүйесі дәстүрлі түрде топтастыру аркылы қарастырылады. Адам денесінін қүрылыс белгілері мен элемент-тері және оның өмір сүру әрекетінің көрініс табуы — өзіндік белгілер деп аталады. Олар адамның өзіне ғана тән, онын сырт-қы бейнесі бөлінбейді, тек өзіне тиесілі. Адамның сырткы бейнесін толыктыратын белгілері мен элементтері ілеспелі бо-лып табылады. Олар адам денесінін күрылыс элементтеріне жатпайды, бірақ кандай да бір көлемде өзіндік белгілер мен элементтерді аныктауға (жасын, жынысын, әдет-дағдысын, жүрісін және т.б.) мүмкіндік береді.

Ілеспеліэлементтер мен олардық белгілеріне: киім, ұстап жүруге арналған үсақ заттар адамның сырткы бейнесі (немесе олардын бөлшегі) мен олардың белгілерін бейнелеуге қолданатын нәрсе-

лер.


Өзіндік элементтер мен олардын белгілері жалпыфизикалық, анатомиялык, және функционалдык, болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет