2. Дәрістік кешен 1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы



бет4/39
Дата16.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69041
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары.

  2. Криминалистикалық фотография және бейнетаспаға түсіру.

  3. Іздер туралы криминалистикалық ілім (трассология)

  4. Қару оқ-дәрі, жарылғыш құрылғылар және олардан қалған іздердің криминалистикалық зерттеуі.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген



4 лекция. Криминалистикалық фотография және бейнетаспаға жазу.

МАҚСАТЫ: Тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларынын барысын, онын жеке кезендері мен нәтижелерін және криминалистика-лық-сараптамалык зерттеулерді бейнелеп бекіту арқылы дәлел-демелік, жедел-іздестіру және сараптамалык ақпараттарды дәлме-дәл алуға болатын құралдар туралы түсінік беру.

  1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, манызы және жүйесі.

  2. фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.

  3. бейне және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану.

Тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларынын барысын, онын жеке кезендері мен нәтижелерін және криминалистика-лық-сараптамалык зерттеулерді бейнелеп бекіту арқылы дәлел-демелік, жедел-іздестіру және сараптамалык ақпараттарды дәлме-дәл алуға болады. Бекітудің мұндай кең тараған әдістері мен кұрал-жабдықтарына криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбалары жатады. Осыған сәйкес аталған құрал-жабдықтар мен әдістердін жиынтығы, яғни фотография, бейне- және дыбысжазбалары криминалистикалыктехниканын бір топтык тарауларын кұрады. Аталған тараулардың ішінде криминалистикалык фотография бөлімі бұрынырақ пайда бо-лып калыптасқан. Ал бейнежазбалары кейіннен пайда болып колдана бастады. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың криминалистикалық аспектілері әлі жеке бөлім ретінде калып-таспаған. Ол бейнежазбамен бірге қарастырылады.

Криминалистикалык фотография - фототүсірілімдердін жалпы және арнайы турлерін қолданудын қүрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалистикалық мақсатта колдану-дың ғылыми негізделген мәліметгеріне, сондай-ақ криминали-стикалык зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Кри-миналистикалыктехниканыңбөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әр түрлі криминалистикалык кызмет барысында қолданылатын фототүсірілім кұралдары мен әдіс-терінің жетілдірілген ғылыми жүйесін құрайды.

Осыған сәйкес фотографиялык күрал-жабдыктарға: крими-налистер ойлап тапкан барлык жаңа түсірілімдік және проек-циялықаппаратураларды, фото-жабдықтар мен фототүсірілім-дердің арнайы құрылғыларын, фотоматериалдарды және олар-ды өндеу үшін қолданьуіатын химиялык реактивтерді жатқыза-мыз. Аталған кұрал-жабдықтардын ішінде кейбір фотокұрыл-ғылар тек кана криминалистикалык мақсатта қолдануға арнал-ған. Мысалы: октың үстіңгі цилиндрлік қабатын фотоға түсіру үшін, фотографияға түсірудің осы берілген құрал-жабдықтарын криминалистикалық қызмет барысында қолдануға байланысты өндеп жетіддірілген ережелер мен ұсыныстардың жиынтығы фотографиялык әдіс болып табылады.

Криминалистикалық фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда са-раптамалык зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудің тиімді әдіс-күралы. Ол іс үшін маңызы бар қылмыстын іздерін, жеке заттарды және баска да материал-дық объектілер мен заттай дәлелдемелерді көрнекі түрде бейнелеудің сенімді әдіс-күралы болып табылады. Осыған сәйкес көрсетілген фототүсірілім тергеуші, жедел-іздестіру қызметкерлері, маман және сарапшылармен орындалуы мүмкін.

Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалык қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотогра-фиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:

  1. сот-жеделдік фотография;

  2. сот-зертгеу фотографиясы.

Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалық құраддарды қол-данбай-ак кезге көрінетін әр түрлі іздер мен объектілерді бекіту мақсатында колданылатын әдіс]ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмашылықтарын аныктап бекітуге негізделген әдіс болып табылады.] Криминалистикалық бейнежазба, бейнежазбаның кұралдары мен әдіс-тәсіддері тергеу барысындағы мәселелерді криминалистикалық мақсатта ғылыми талдап қорытындылау мен криминалистикалык-ғылыми жетістіктерге сәйкес пайда-лану негізінде қалыптасады. Аталған түсірілім және бейнежаз-ба түрлері криминалистикалык техниканың бір тарауы ретінде криминалистикалық әрекет жүргізу барысында дәлелдемелерді жинау мен бекіту үшін колданылатын бейнежазба кұралдары-нын ғылыми әдістемелік өнделіп жетілдірілген жүйесінен тұрады.

Фото- және бейнежазба құралдарына кдрағанда дыбысжаз-ба техникасының ерекшелігі — ол жеке тергеу әрекеттерін жүргізу барысын дыбыстай көрнекі түрде бекіту кұралы ретінде ғана емес, сонымен катар тергеушінін кылмыстык, окиғаға бай-•ланысты алғашқы жедел акпараттарын бекіту жүмыстарын жеңілдететін техникалык, құрал болып табылады. Мысалы: құжатгарды толтыру кезінде (кейбір тергеу әрекеггерін жүргіз-генге дейінгі бағдарламалықакпаратты алу құралы ретінде, окиға болған жерді кдрау кезінде хаттамаға бекітетін ақпаратты ба-сып алу күралы ретінде, жауап алу барысын жазып алу кұралы ретінде) колданылады.

Дыбысжазба жедел-іздестіру жүмыстарын жүргізу барысын-да да кеңінен қолданылады. Әсіресе ол тындалатын телефон-дағы және баска да сөйлесулерді жазып алу кезінде пайдаланы-лады. Осыған сәйкес жаңадан қалыптасып келе жаткан кри-миналистикалык техниканың бір бөлімі ретінде дыбысжазба-лары тергеулік және жедел-іздестірушілік деп шартты түрде екіге бөлінеді.

Бейнежазбаға түсіру көбівде тергеу әрекетін жүргізу бары-сында колданылады. Бейнежазба күрделі және әр түрлі жағдай-дағы зерттелетін оқиғаның жай-күйін, оның жекеленген затта-ры мен іздерінің байланысын көрсету қажеттілігі туындағанда, кандай да бір жүргізілетін тергеу әрекетін, сондай-ак, жеке әре-кеттер мен косымша процестерді, оқиғаның немесе қүбылыс-тындаму барысын толық бейнелеп көрсетіп бекіту мақсатында қолданылады. Мысалы: қылмысты жасау әдісі мен болған окиға-ның механизмін және т.б. анықтау үшін бейнежазбаға түсіріледі.

Бейнежазбаның өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері де болады. Бейнежазбаның кино-түсірім әдісіне карағаңда ерек-шелігі түсіру кезінде магниттік лентаға дыбыс пен көріністі бір уакытга (синхрондык) бекітуге және оның сапасын колдануға мүмкіндік береді. Бейнежазба кинотүсірілім сияқты лаборато-риялық өңдеуді кджет етпейді. Сонымен қатар, кинотүсірілім-мен салыстырғанда бейнежазба жылдам ағымды оқиғаларды және олардың баяу көрінісін өндіріп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Криминалистикалык. бейнежазбаның әдеттегі фототүсірі-лімге кдрағанда ерекшелігі оның алға койған мәселесі мен бекіту әдісін қолдану мақсатында. Бейнежазба көзделген мақсатка сәйкес, композициялық және техникалык жағынан дұрыс болу үшін міндетті түрде бейнежазбаға тұсіру жоспарын алдын ала кұрып алу қажет. Жоспарда мүмкіндігінше түсірілетін объекті-лерді және оларды бекіту мақсатын, колданып отырған күрал-дардың құрылым масштабын, түсіру нүктелерін, онын техни-калук тәсілдері мен қосымша жарықтандыру әдістерін көрсе-ту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет