2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Буддизм философиясы


Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт



бет42/59
Дата17.01.2023
өлшемі482 Kb.
#165750
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
Шпор Философия 2012

41.Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.
Материя- кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.
Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория. Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза- материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте- атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның жеке түрлерiнiң әр түрлi күйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.). Материяның өмiр сүруiнiң көптеген қалыптары мен түрлерi, оның жүйе есебiнде ұйымдасуының әр түрлi материалдық деңгейлерiне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрi болады (Энгельс). Кеңiстiк пен уақыт материяның ажырамас қасиеттерi, атрибуттары; өмiр сүру формалары. әлемде қозғалыстағы материя ғана бар дедiк, ендеше ол қозғалыс кеңiстiкте және уақытта ғана iске асады, өзiн айқындайды, мәнге ие болады. Философия мен ғылымда бұл мәселеге әр түрлi қөзқарастар болды. 1)субстанционалдық тұғырнама- көне грек атомистерiнең басталған (Евклид геометриясы, Демокрит пен Эпикур кеңiстiктi атомдарды орналастыратың бос құыс деп ұқты) кейiнгi ф-тар мен ғалымдар идеяларында жалғасын тапты, олар әлем жайында механистiк көзқарысты ұстады – кеңiстiк бұл барлық заттар жойылғаннаң кейiн қалатының бәрi. Ол- бос құыс, оның қасиеттерi қашықтықта созылу және өзiнде бүкiл бар материяны сыйдыру. Ал, уақыт- ештенеге қатысы жоқ, ағым, бәрi де пайда болып және жойылып жататың бiркелкi ұзақтық. Бұл концепцияда к/у материядан тыс, дербес субстанция ретiнде қарастырылады. Әсересе, мұндай көзқарас Ньютонның классикалық механиканың заңдылықтарын ашқаннаң кейiн, одан ары нығайта түстi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет