3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады: 1.Брахмандар Абыздық варна 2.Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары 3. Вайшьялар Егінші-варналар 4. Шудралар Төменгі варна. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Веданы мойындайтын философиялық мектептер. Вайшешика– атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Санкхья– қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар. Веданы мойындамайтын философиялық мектептер. Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген: 1.Азаптану. 2. Азаптанудың себебі. 3.Азаптанудан босану. 4. Азаптанудан босануға апаратын жол. Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |