2 Жүйке орталықтарының қасиеттері


)Ұйқы безінің эндокриндік қызметі мен оның реттелуі163 бет



бет11/11
Дата07.05.2020
өлшемі31,34 Kb.
#66531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сессия физио

46)Ұйқы безінің эндокриндік қызметі мен оның реттелуі163 бет

Ұйқы безі аралас секреция бездеріне жатады.Яғни әрі ішкі ,әрі сыртқы секреция қызметін атқарады.Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру қызметі жатады.Ішкі сөлініс қызметіне Лангергнас аралшықтары атқарады.Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен үш жағында және аздап басқа бөлімдерінде орналасқан ерекше тін.Аралшық жасушалардың өзектері болмайды.Ең алғаш аралшықты морфологиялық жеке құрылым ретінде 1863ж Лангерганс ашты.Лангерганс аралшықтарында екі түрлі жасушалар бар олар альфа және ветта .Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%. Аралшықтардың үлкендігі 50ден 400мкм диаметрді құрайды. Лангерганс аралшықтары қантамырлармен өте бай қанданған, яғни ол ішкі секреция қызметін атқаруына байланысты, гормонды қанға бөліп көмірсу алмасуына қатысады Аралшық тіндердің салмағы аз болғанмен организмнің тірлігніне өте қажетті.Оның гипоқызметі қант диабет ауруын тудырады.

Ұйқы безінің пішіні ұшбұрышты призма тәрізді форманы құрайды. Оның қалыпты жағдайда денесі анық байқалатын үш беткейден: алдыңғы, артқы және төменгі, басы және құйрығы тек қана екі: алдыңғы және артқы беттен тұрады. Басының төменгі беткейінде он екі елі ішектің төменгі горизондалды бөлігінің жоғарғы шетінде ілмек тәрізді өсінді орналасқан. Ұйқы безінің ұзындығы 16–17см, басының ені 5см, дене бөлігінде 3. 5см, құйрығы 0. 6–2см құрайды. Ұйқы безінің салмағы 70–90г

Үйқы безінің ішкі секрециялық қызметі төрт гормон өндірумен сипатталады: инсулин, липокаин, глюкагон және каллнкреин(падутина).



Лангерганс аралшықтары глюкагон өндіретін 20–25% А жасушаларынан, инсулин өндіретін және депода сақтайтын 75–80%В жасушаларынан тұрады. D–жасушалары самостатин, ал С жасушалары гастрин өндіреді.

Қызметі: инсулин - карапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген - глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Ол суда ерімейді, сондықтан қанда болмайды. Тағамнан алынған артық мөлшердегі көмірсулар гликоген түрінде бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет