26)Ақпаратты өңдеу тетіктері
30)Көру талдағышы
Көру талдағышы немесе көру анализаторы (analisatoris visae, гр. analysis — талдау, лат. visa - көру) - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы — көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан (көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады. Жарықты қабылдайтын рецепторлар (сезімтал фоторецепторлы нейроциттер дендриттері) көз алмасының ішкі торлы қабығында орналасқан.
Көру талдағыштың бөлімдері:1. Шеткі бөлімі: торлы қабықтағы фоторецепторлар:I. - Таяқшалар (110-115 млн);- Сауытшалар (6-7 млн).II. Биполярлық нейрондар қабаты III. Ганглиоздық нейрондар қабығы .Фоторецепторлар торлы қабық бетінде әркелкі орналасады:Шеттеріне қарай – таяқшалар;Орталығында – сауытшалар.Торлы қабықта орталық шұңқырда (fovea cenrtalis) тек қанасауытшалар болады (1 мм2 -140 мың сауытшалар)Осы ең жақсы көрінетін жерді сары дақ деп атайды.Соқыр дақ (көру нүктесінің көз алмасынан шығатын жері)жарықты сезбейді, себебі ол жерде фоторецепторлар болмайды.
2. Өткізгіш бөлімі:Көру жүйкесі (n. opticus) мидың негізінде
хиазма (көру жүйесінің қиылысқан жері) ортаңғы ми (алдыңғы жоғарғы төрт төмпешігі) аралық ми (латералды бүгелмелі денелер).
3. Орталық бөлімі:Ми сыңарлары қыртысының шүйде бөлімінде,тепкі сайының (fissura calcarina) аймағы.
Көру пигменттері:- Таяқшалар – родопсин;- Сауытшалар:- иодопсин, қызыл түсті спектрдің сәулелерін сіңіреді;- хлоролаб - жасыл түске сәйкес;- эритролаб - көк түске сәйкес.
23. Көру адаптациясы (бейімделу)- 1)Жарыққа бейімделуі - көздің жарыққа
бірте-бірте сезімталдығының төмендеуі.- 2)Қараңғылыққа бейімделуі - көру жүйесінің жарық аз қараңғылыққа икемделуі, оның механизмі: көздің қараңғылыққа жарықсезімталдығының жоғарылуы (көру пигменттерінің құрылуына байланысты)
431 бет
Достарыңызбен бөлісу: |