14)Ортаңғы ми
Oртаңғы ми. Ортаңғы ми көпіршенің алдыңғы жағында орналасқан. Oртаңғы ми төрт төмпешіктен, қызыл ядродан және субстанциядан тұрады. Ортаңғы мидың жақсы дамуы бала өмірінің жасөспірім кезеңінде (16 жаста) байқалады. Мидың бұл бөлімі құрылысының күрделі болуына байланысты рефлекторлық қызметі де күрделі болып келеді.
Төрт төмпешіктің екі жұп төмпешіктері болады. Төрт төмпешіктің алдыңғы екі төбешігінде көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы бар. Артқы жұп төбешігі естудің алғашқы рефлекторлық орталығы болып есептеледі. Төрт төмпешік зақымдалса, адамның көру және есту қабілеті бұзылады.
Қызыл ядро-сұр заттың жиынтығы. Бұның негізгі қызметі-еттің тонусын тарату және қозғалту рефлокторлық реакцияның өзара бірлесуін жүзеге асыру. Қызыл ядро статикалық жұмыстың, тұру жағдайдың, жүрудің және автоматтық қозғалыстардың орындалуын реттейді. Осы ядро арқылы импульстер мишықтан жұлынға және миға барады.
Қара субстанцияның қызметі бұлшық еттердің тонусын және әртүрлі нәзік қозғалыстарды реттеп отырады. Мысалы, қол саусақтарының, шайнау және жүру сияқты күрделі рефлокторлық әрекеттердің бірқалыпты байқалуын жүзеге асыру. Ортаңғы мидың басқа ядроларына қарағанда, бұл баяу жетіледі, сондықтан реттеу қызметіне біртіндеп қосылады. Оның баяу жетілуіне меланин пигментінің жиналуы себеп болады. Жаңа туған баланың субстанциясында мұндай пигмент болмайды. Алғашқы рет ол баланың 2-4 жасында пайда болады да, 15-16 жастарында толық байқалады.
18)Аралық ми
Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан. Ол көру төмпешегінен (таламус) және төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Мидың бұл бөлімі, әсіресе, адамда жақсы жетілген.
Аралық мидың негізгі массасы-көру төмпешігі. Бұл қабаттала келіп, бірнеше ядроға бөлінеді (алдыңғы, ішкі, сыртқы және артқы). Көру төмпешігі арқылы ми қыртыстарына баратын афференттік импульстер өтеді.
Гипоталамус көру бөлімінен, емізік тәрізді денеден және меншікті аймақтан тұрады. Көру бөліміне зат алмасу мен дене температурасын реттеуге байланысты сұр төбешік жатады. Сұр төбешік клеткаларының дифференциялануы және пісіп жетілуі ертерек басталып, 6 жаста аяқталады. Клеткалары мен өткізгіш жолдары содан кейін де, әсіресе, жыныстық жетілу кезінде өседі. Емізік тәрізді денеде екі төбешік болады және ол мидың төменгі бет жағында орналасқан. 2-3 жастан жоғары кездерінде олардың ядролары баяу дамиды, сондықтан дифференциялау 7-8 жасқа дейін созылады. Ал 14-16 жаста ересек адамның ядроларынан айырмашылығы болмайды.
Гипоталамус әртүрлі және күрделі қызмет атқарады. Дене температурасының өзгеруі, зат алмасу процесі, қан тамырларының және клетка аралық кеңістігінің өткізгіштігі, ас қорыту жолдары және несеп бөлу гипоталмустың жұмысына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |