10)Жұлын
Жұлын – ОЖЖ ең көне бөлігін құрайды. Ол омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, өткізгіш және рефлексті қызмет атқаратын ОЖЖ бөлімі. Ерекшелік белгісі: оның сегменттік құрылысы.
Адам жұлыны
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын ( СІ-СҮІІІ), 12 кеуде (ТІ-ТХІІ), 5 бел (JІ-JҮ), 5 сегізкөз (SІ-SҮ) және 1-3 құймышақ ( СоІ-СоІІІ).
Жұлынның әрбір сегментінен жұптасқан алдыңғы және артқы түбірлер шығады.
Әрбір сегментіне дененің белгілі бір бөлігі сәйкес келеді, ол метамер деп аталады.
Жұлынға қабысу принципі тән: дененің 3 метамерін жүйкелендіреді, өзі 3 метамерден ақпарат қабылдайды.
Жұлынның өткізгіштік қызметі жұлындық афферентті, эфферентті нейрондар мен интернейрондар көмегімен жүзеге асады. Афферентті нейрондар арқылы жұлынға қозу мойын, дене, аяқ пен қолдың экстерорецепторлары мен проприорецепторлары, сонымен қоса висцерорецепторлар арқылы жеткізіледі. Жұлынның эфферентті нейрондары, беттен басқа, барлық қаңқа бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Сонымен қатар, олар вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі талшықтарын құрайды. Жұлынның қатысуымен зәр бөлу және жыныс мүшелері жүйесі, тік ішектің қан тамырларын қозғалтқыш рефлекстерін , ұлпалық алмасуды реттейтін рефлекстер жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |