2 Жүйке орталықтарының қасиеттері


Шартты рефлекстің тежелуі



бет10/11
Дата07.05.2020
өлшемі31,34 Kb.
#66531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сессия физио

Шартты рефлекстің тежелуі

Шартты рефлекстер бірден пайда болмайды, олар белгілі жағдайларға байланысты,Тежелу процесі рефлекстік реакцияларды ретке келтіріп, жетілдіріп отыруға жағдай туғызады.Орталық жүйке жүйсіндегі тежелуді ашқан орыстың атақты ғалымы И.М. Сеченов (1962). Ол орталық тежелуді арнайы тежеуші жүйелердің бірлестігі деп қарады . біртіндеп жасалады, тұқым қуаламайды және онша тұрақты емес.



42)Кері байланыс механизмі

Кері байланыс механизмі – қанда гормондар мөлшері артық болуы олардың бөлінуінің тежелуіне, ал жеткіліксіз болуы белсендірілуіне әкеледі.Ауторегуляция. Мысалы, қан құрамында глюкоза мөлшерінің артық болуы глюкоза метаболизмін қамтамасыз ететін инсулин бөлінуін белсендіреді

Эндокриндік бездер функциясын жасушааралық бақылауда басқа типтегі гормондық факторлар да көрнекті роль атқарады. Мұндай агенттерге көпшілік жағдайларда гормондық әсерлердің іске асырылуында функция атқаратын простагландиндер (ПГ) мен Са2+ жатқызуға болады. Простагландиндер гормондық қасиеті бар заттар тобына кіреді және олардың қазіргі кезде 15 түрі белгілі. Простагландиндер эндокриндік бездердің кейбіреулеріне гормондар түзілуі мен олардың секреторлық активтіліктеріне тікелей немесе жанама жолмен әсер етеді (гипофиз, бүйрекүсті, жыныс және қалқанша бездер). Нерв ұштарынан медиаторлар бөлінуін өзгерте отырып, синапстардан эфекторлы құрылымдарға нейрогуморальдық әсерлердің берілуін реттеуге қатысады деген болжамдар бар. Простагландиндердің жануарлар мен адамдардың репродуктивтік мүшелеріне тигізетін әсер күшті көрінеді. Егер буаз малдардың әр 100кг массасына 0,05мг ПГ енгізге бірнеше сағаттан кейін оларға туу актісі басталады.

Кальций да кейбір эндокриндік бездер функциясын реттейтін гуморальдық факторлар қатарына жатады. Кальций көптеген белокпепидті және стероидты гормондар мен катехоламиндердің секрециясын стимулдайды. Қорыта келгенде, эндокриндік процестердің өздігінен реттелу механизмдері метаболизмдік гомеостазды тұрақты деңгейге ұстауға бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет