Бейімделіс түрлері:Жеке организм деңгейінде бейімделістін темендегідей түрлерін ажыратады:1)туа біткен жөне жүре пайда болған 2)жеке жоне қауымды (түрлік) 3)жалпы жөне маманданған 4)арнамалы жөнс бейарнамалы 5)ішкі жөне сыртқы 6)шартты жөне шартсыз 7)қалыпты жөие төтенше 8)морфологиялық жөне физиологиялық 9)соматикалық жоне психикалық 590бет
38)Шартты рефлекстік әрекеттің тежелуі
Шартты тежелу бірте бірте ми қыртысында ғана пайда болады. Оны кейде ішкі тежелу дейді. Шартты тежелу кезінде бұрын пайда болған шартты рефлекстер жойылады. Шартты тежелудің пайда болуына шартты тітіркендіргіштердің шартсыз тітіркендіргіштермен күшейтілмеуі себеп болады. Мысалы, егерде итте жарықтың әсерінен пайда болған рефлексті тамақ беріп күшейтпесе, шартты рефлекс бірте- бірте жойылады. Табиғи жағдайда ағзаларда күшейтілмеген шартты рефлекстер жойылады. Олардың орнына жаңа табиғи жағдайларға сәйкес жаңа рефлекстер пайда болады. Шартты тежелудің тағы бір түрі - жіктелген тежелу. Егерде тітіркендіргіштердің бірі шартсыз тітіркендіргіштермен күшейтілмесе, сол тітіркендіргіштің әсерінен шартты рефлекс түзіледі. Күшейтілмеген тітіркендіргіштердің әсерінен шартты рефлекс түзілмейді. Жануарларға жүргізілген тәжіребиелерден жануарлар мен адам жоғары жүйке қызметінің жалпы заңдылықтарының ұқсастықтары байқалды. Адам жоғары жүйке қызметінің өзіне тән сапалы ерекшеліктері бар. Адамның ми қыртысы жүйке қозу толқындарын өте дәлдікпен талдап, қорытуға қабілетті. Сонымен бірге адамның ми қыртысы сыртқы ортаның құрылыстарын толық және саналы түрде қабылдай алады. Адамның жоғары жүйке жүйесінің басты айырмашылығы сөзге тікелей байланысты. Осындай айырмашылығына сүйеніп, И. П. Павлов бірінші және екінші сигналдық жүйе туралы ілімін жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |