2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»


Химияның факультативтік сабақтары



бет11/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша

Химияның факультативтік сабақтары. Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей, біріңғай бағдарламалармен оқытылган кездің өзінде кейбіреулерінің жеке ғылымдар саласына деген күштарлығы, көбірек білгісі келетіні байқалап жүреді. Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылады. Бүлардың кәдімгі сабақтан айырмасы -тереңдетіп оқитын факультативтік пәндерді оқушылардың өздері тыңдайды.
Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды. Бірінші - орта мектепте етілетін химия салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар: «жалпы химияның негіздері», «Органикалық заттардың қүрылысы мен қасиеттері». Екінші - химияның халық шаруашылығында қолданылуына байланысты арнайы факультативтер: «Өнеркәсіптегі химия", "ауыл шаруашылығындағы химия», «Химиялық анализдің негіздері».
Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақытты, бағдарламасын, оқу қүралдарын Білім министрлігі бекітеді. Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғары мектептің мүғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнеркэсіп жэне ауыл шарушылығы мамандары жүргізеді.
Факультативтік сабақтар оқу кестесі бойынша өткізіледі, оларды мектеп басшылары бақылайды. Оқушылар факультативті өз қалауы бойынша таңдап алғанымен, үзбей қатысуға жэне үлгеруге міндетті. Мектеп бітіру аттестаттарында оқушының өткен факультативтері көрсетіледі.
"Атом - молекулалық ілімнің тарихы. Химияның негізгі үтымдары мен заңдары" тақырыбының мақсаты - ғылыми атоммистиканың шығу мен дамуы жөніндегі оқушылардың білімін кеңейту. Осы мақсатты орындау үшін ежелгі атомистика, М.В. Ломоносов жэне Дж. Дальтон атомистикасы туралы кең түсінік беріледі. «Атом» жэне «Химиялық элемент» үғымдарының байланысы ашылады. «Элемент» үғымы дамуының кезеңдері сараланады. Тақырып периодтық заңның химия ғылымын, ғылымның дамудағы мэнін баяндаумен аяқталады. Келесі, яғни «Атомдармен молекулалардың құрылысы» тақырыбында «химиялық элемент» үгымы дамытылып, бұрынғыдан гөрі дәлірек анықтама беріледі, элементтердің бір-біріне айналуы жөнінде түсінік қалыптастырылады.
Атомның қүрылысы негізгі курстағыдан гөрі толығырақ айтылып, s - жэне р - деңгейшелерінен басқа f жэне д. деңгейшелердің электрондармен толу ерекшеліктері түсіндіріледі. Электрондардың орналасу ретін көрсететін формулалар жазылады. Химиялық байланыстардың түрлері, түзілу механизмдері тереңірек сипатталады Жиынтық қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты қарастырылады.
Үшінші —"Химиялық кинетика және тепе-теңдік" тақырыбы химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын баяндауға арналған. Жаңадан әрекеттесуші массалар заңы жэне Ле-Шателье принципі өтіледі. Осылардың тұрғысынан химиялық реакциялардың жылдамдығына әсерін тигізетін жағдайлар және химиялық тепе-теңдіктің "үғысу" жағдайлары қарастырылады. Катализ туралы үғым кеңінен талданады. Активті малекулалар жэне активтендіру энергиясы туралы жаңа ұғым беріледі.
Төртінші - тақырып дисперстік жүйелерге арналған. Мұнда коллоидты ерітінділердің құрамы, оның бөлшектерінің құрылысы, қасиеттері жэне түрлері (лиофильді, лиофобты), ғылыми сарамандық маңызы коллоидты жүйелердің тұрақтылығы жөніндегі мәселелер толық қарастырылады. Кәдімгі ерітінділердің қасиеттері Рауль заңы, эбуллиоскопия; криоскопия жэне осмос бойынша түсіндіріледі. Электролит ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіру үшін С.Аррениус теоремасымен бірге қазіргі заманның теориялары пайдаланылады.
Бесінші — "Химиялық энергетика" тақырыбында оқушылардың термохимия негіздерінен алған білімдері кеңейтіледі. Реакцияның жылу эфектісі, заттардың түзілу жылуы, химиялық реакция кезінде бөлінетін жылу үғымдары пайдаланылып, есептеулер жасалады. Алтыншы — «Бейметалдар химиясы» тақырыбында бейметалдар түзетін жайзаттардың, сутекті жэне оттекті қосылыстардың қүрылысы мен қасиеттері сипатталады, заттардың қүрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тэуелділік ашылады.
Жетінші — «Металдар химиясы» тақырыбында металл атомдарының қүрылысы, кристалл торлары, қасиеттері, қүймалар, қазіргі техникадағы металдардың алатын орны, электрохимияның негіздері баяндалады.
Химия пәнінен жүргізілетін факультативтерді негізінен үш топқа бөлуге болады. Жоғары деңгейдегі факультативтердің мақсаты ол негізгі және міндетті курстардың мазмұнын тереңдету бағытында жүргізіледі, сондықтан да жеке сыныптар көрсетіліп, белгілі сағаттар бөлінген. Қолданбалы факультативтер ауыл шаруашылығы мен химия өндірісінің негіздерін үйретуді көздейді. Химиялық талдау негіздерінен мағлұматтар береді. Арнаулы курс факультативті химия ғылымының негіздеріне сэйкес кейбір бағыттарды, бөлімдерді тереңдетіп қарастыруды мақсат етеді.

29. Оқу мен оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер. Белсенді әдістер түрлерін сабақта қолдану. Белсенді әдістердін қолданып ҚМЖ құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет