2-курс студенттеріне арналған Семей 2013 ж


ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет78/181
Дата27.08.2017
өлшемі17,09 Mb.
#29905
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   181

3 ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Зертханалық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар

1. «Электрлік өлшеулер жүргізу әдістемелері, өлшеулер нәтижелерін өңдеу. Электр өлшеуіш құралдар, оларды қолдану. Қауіпсіздік техникасының ережелері»

Сабақтың мақсатыя: Студенттерді электр өлшеуіш құралдардың жұмыс принципі және олардың негізгі сипаттамалары, өлшеу жүргізу әдістері және өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерімен таныстыру.

«Электр және магнетизм» лабораториясында қауіпсіздік техникасы талаптарының Ережелерімен танысу.



2. «Электростатикалық өрісті зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: электростатикалық өрістің жұмысын зерттеу, өрістің кернеулік сызықтары мен эквипотенциал беттерін тұрғызу.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- Электр өрісінің кернеулігі деген не?

- Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін қалай есептейді?

- Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалының арасындағы байланыстың математикалық өрнегін жаз

- Электростатикалық өрісте зарядтың орын ауыстыру жұмысын қалай есептейді?

- Электростатикалық өрістің потенциалдық өріс болу шартын жаз және тұжырымда;

- Электр өрісінің кернеулік сызықтары мен эквипотенциал беттердің өзара ортогоналдығын дәлелде



3. «Конденсатордың зарядталуы мен разрядталу процестерін зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: Конденсатордың зарядталуы мен разрядталу процестерін сиымдылық және актив кедергілердің шамаларын өзгерте отырып зерттеу, өлшеу нәтижелері бойынша U=f(t) график салу.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- Электр сиымдылық деп нені айтады? Өткізгіштің электр сиымдылығы қандай шамаларға тәуелді?

- Электр сиымдылықтың өлшем бірліктерін ата

- Конденсатордың зарядталуы мен разрядталу процестерінің графигін түсіндір

- Релаксациялық тербеліс деген не?



4. «Өткізгіштің кедергісін амперметр және вольтметр әдісімен анықтау»

Жұмыстың мақсаты: амперметр және вольтметр әдісімен өткізгіштің кедергісін анықтау, тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- Тұйық тізбекке арналған Ом заңының тұжырымдамасы;

- Тізбектің біртекті емес бөлігіне арналған Ом заңының тұжырымдамасы;

- көлденең қимасының ауданы ұзындығы бойымен үздіксіз өзгеретін өткізгіштің кедергісін қалай есептейді;

- жұмыса қолданылып отырған өлшеу құралдарының кедергілірі туралы не айтар едіңіз?

- дәлдік класы төмен, не жоғары құралдарды таңдап алу өткізгіштің кедергісін өлшеу дәлдігіне қалай әсер етеді?

- «дәлдік класы» деп нені түсінесіз?

- құралдың бөлік құны деген не?

5. «Өткізгіштің кедергісін Уитстон көпірі әдісімен анықтау»

Жұмыстың мақсаты: кедергіні көпір әдісімен анықтау тәсілімен танысу.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру::



  • кедергіні Уитстон көпірі әдісімен анықтаудың амперметр және вольтметр әдісімен салыстырғанда артықшылығы неде?

  • Тізбектегі ток көзі мен гальвонометрдің орындарын ауыстырғанда көпірдің тепе-теңдігі бұзылама?

  • Кирхгоф ережелерін қолданып көпірдің тепе-теңдік шартын қортып шығар;

  • Осы лабораториялық жұмыстағы қателіктерді есептеу формуласын қортыш шығар;

  • Кирхгоф ережелерін тұжырымда;

6.«Металлдардың кедергісінің температураға тәуелділігін зерттеу» Жұмыстың мақсаты : металлдардың кедергілерінің температураға тәуелділігін эксперименттік анықтау;

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:



  • металлдардағы өткізгіштік механизмін түсіндір;

  • металлдардың кедергісі температура артқан сайын қалай өзгереді?

  • кедергінің температуралық коэффициенті деген не?

  • кедергінің температуралық коэффициентінің өлшемділігін қортып шығар;

7. « Жартылай өткізгіштердің кедергісінің температураға тәуелділігін зерттеу »

Жұмыстың мақсаты: Жартылай өткізгіштер кедергілерінің температураға тәуелділігін эксперименттік анықтау, жартылай өткізгіштің активация энергиясын анықтау;

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:



  • жартылай өткізгіштің электр өткізгіштігінің табиғаты қандай?

  • жартылай өткізгіштің электрлік қасиеттерінің металладар мен диэлектриктерден айырмашылығын түсіндір;

  • активация энергиясы деген ен? Ол қандай шамаларға тәуелді?

  • жартылай өткізгіштің кедергісінің температураға тәуелділігінің

сипаты қандай? Ол неге тәуелді?
8 «Ток көзі қуатының жүктеменің кедергісіне тәуелділігін зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: ток көзінің толық және пайдалы қуатының жүктеменің кедергісіне тәуелділігін эксперименттік анықтау;

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- электр тогының болу шарттарын ата;

- ток көзінің ЭҚК деген не?

- ток көзінің толық және пайдалы қуаты деп нені айтйды?

- толық және пайдалы қуатты есептеу формулаларын жаз;

- пайдалы қуаттың максимал болу шартын қорыт;

- максимал толық және максимал пайдалы қуаттардың өзара байланысын түсіндір;

- тізбектің берілген максимал пайдалы қуатының мәніндегі ПӘК ң шамасы;

-өзара бірдей ток көздерін тізбектей және параллель жалғағандағы ЭҚК және ішкі кедергісін анықта;

- толық тізбекке арналған Ом заңын тұжырымда;

9. «Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтау»

Жұмыстың мақсаты: электролит арқылы өтетін токтың физикалық механизмін эксперименттік зерттеу;

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- бірінші және екінші текті өткізгіштер деп қандай өткізгіштерді айтады? Олардағы ток механизмін түсіндір;

- заттың электрохимиялық эквиваленті деген не?

- химиялық эквивалент деген не?

- Фарадей саны мен заттардың электрохимиялық, химиялық эквиваленттерінің байланысы;

- ертінді арқылы айнымалы ток өткенде заттың электрохимиялық эквивалентін анықтауға болама?

10. «Соленоидтің магнит өрісін зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: соленоидтің өрісін зерттеу негізінде, магнит өрісінің сипаттамаларын милливольтметр арқылы анықтау .

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:



- и шамаларының физикалы мағанасы. Олардың өлшем бірліктерін;

- и шамаларының арасындағы байланысты көрсет ( вакуумда және әртүрлі орталарда)?

- заттардың магнит өтімділігінің мағанасын түсіндір?



11. «Кюри нүктесін анықтау»

Жұмыстың мақсаты: заттардың магниттік қасиеттерін зерттеу. Кюри нүктесін анықтау.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- магнетиктердің классификациялануын түсіндір;

- ферромагнетиктердің магнит өтімділігі шамасы бойынша үлкен. Бұл не себепті болады?

- «Кюри нүктесі» деген не?

- эксперименттік қондырғының құрылысын және жұмыс принципін түсіндір;

- үлгінің температурасы Кюри нүктесіне жеткенде екінші орамадығы индукция ЭҚК не себепті шұғыл төмендейді?

12. «Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау»

Жұмыстың мақсаты: Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- құралдың стрелкасы магнит меридианы жазықтығында орналасу үшін тангенс-гальванометрді қалай орналастыру керек?

- тангенс-гальванометрдің жұмыс принципін түсіндір;

- катушка орамы арқылы ток өткенде тангенс-гальвонометр көрсеткішінің бағдары неге өзгереді?

13. «Электронның меншікті зарядын магнетрон әдісімен анықтау»

Жұмыстың мақсаты: Виртуаль лабораторияның көмегімен магнетронның жұмысын зерттеу. Шамдағы анодтық токтың соленоидтағы токқа тәуелділігін график арқылы көрсету. Электронның меншікті зарядын есептеу.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- магнетрондық жүйенің құрылысын түсіндір;

- магнит өрісінде қозғалған электронның қисықтық радиусының басқа шамаларға тәуелділігін сипатта;

- Лоренц күші деген не, оның бағытын қалай анықтайды?

- не себепті Лоренц күші зарядталған бөлшектің кинетикалық энергиясын өзгертпейді?

- катодтан ұшып шыққан электрондардың магнит индукциясының шамасы

BBкр болса , электрондар қандай күйге көшеді?

- магнит және электр өрістерінде бірмезгілде қозғалған электрондар үшін қозғалыстың тәуелсіздік заңы орындала ма?

- кинетикалық энергиялары E1 и E2 болатын екі электрон өріске перпендикуляр қозғалады. Олардың периодтары мен радиустарының қатынасын анықта.



14. «Өшетін электромагниттік тербелістерді зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: тербелмелі контурдың жұмысын, еркін өшетін электромагниттік тербелістердің сипаттамаларын зертеу.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- қандай тербелістер периодты деп аталады? Өшетін тербелістер периодты тербеліс бола алама?

- еркін электромагниттік тербербелістерді қандай жүйенің көмегімен алуға болады?

- тербелмелі контурда электромагниттік тербелістер қалай пайда болады?

- контурдағы электромагниттік тербелістердің өшуін түсіндір;

- өшу коэффициенті контурдағы өшетін тербелістердің периодына қалай әсер етеді?

- өшетін тербелістер амплитудасын сандық тұрғыдан қандай шама сипаттайды?



15. «Айнымалы ток тізбегінің элементтері»

Жұмыстың мақсаты: индуктивтік және сиымдылық, кедергілердің айнымалы ток жиілігне және тізбек элементтерінің параметрлеріне тәуелділігін зерттеу.

Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

- айнымалы ток жиілігі артқан сайын сиымдылық кедергі неге азаяды, ал индуктивтік кедергі артады?

- индуктивтік каткушка мен конденсатордағы ток пен кернеудің фазаларының арысындағы айырмашылық қандай?

- индуктивтік және сиымдылық, кедергілердің өлшем бірліктері;

- ток пен кенеудің әсерлік мәндерінің өрнектерін жаз;



«Электр және магнетизм» пәні бойынша

практикалық тапсырмаларды дайындау және орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Машықтану сабақтарын жүргізудегі мақсат теориялық матриалдырды бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. «Электр және магнетизм» пәні бойынша есептер шығаруды төмендегі ретпен жүгізу ұсынылады:



  • тақырып бойынша теориялық материалды оқу;

  • есеп шығару процесінде мазмұнын терең түсініп, оған байланысты құбылыстарды білумен қатар есепті шығарудың қарапаыйым да түсінікті жолдары іздестіріледі;

  • есептің мазмұнына сәйкес шығарылу жолдарына түсініктеме беретін схемалар, графиктер салынып, электр тізбегі құрастырылады;

  • есептің шарты қықаша жазырып, физикалық шамалардың өлшеу бірліктері БХЖ өрнектеледі;

  • физикалық тұрақтылардың мәндері сәйкес таблицалардан жазылып алынады;

  • шығару жолдарына қысқаша түсініктеме жазылады;

  • ізделіп отырған шама жалпы түрде шығарылады, яғни әуелі жұмыс формуласы қортылып, одан кейін формуланың дұрыстығы тексеріледі;

  • формуланың дұрыстығын тексеру үшін шамалардың бірліктері негізгі бірліктер арқылы өрнектеліп жазылады да теңдіктің екі жағының өлшем бірліктерінің дәл келуі анықталады;

  • шамалардың сан мәндері формулаға қойылып ,есептеулер жүргізіледі;

алынған шаманың дұрыстығы, олардың эксеримент нәтжелерімен үйлесуі анықталады;

Көрсетілген әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып курстың жеке тақырыптары бойынша есептер шығару мысалдары қарастырылады:



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет