2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет122/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
 


111 
 
Ішкі хабарлар 
КОММУНИСТ, АНАРХИСТ 
Петроград, Мәскеулерде большевик партиясының ішінен «анархист, коммунист» дегендер 
бөлініп шығып отыр. 
Анархист  деп  ешбір  хәкімшілікке  мойынсұнбайтындарды  айтады.  Бір  сөзбен  мағына 
бергенде  жүгенсіздер  десең  қате  болмас.  Коммунистер  деп  ортақшылдарды  айтады. 
Ортақшылдар  менікі,  сенікі  болмасын,  тапқан-таянғанды  ортаға  салып  күнелтеміз  дейді. 
Бұл  жүгенсіз  —  ортақшылдар  газеттің  хабарына  қарағанда  әр  жерде  білінетін  көрінеді. 
Біздің Семей де бұлардан сау емес. 
 
ОРТАҚШЫЛДЫҢ ЖҰМЫСЫ 
Ішкі жақтан Семейге 2 жүз ортақшылдар келді. Бұлардың мақсұты  — Семей маңайынан 
бір  жақсы  жер  алып,  орнап,  ортақтасып,  шаруа  жүргізбек.  Семейге  келген  соң 
ортақшылдар қолдарындағы бар пұлын, мүлкін ортаға салып, 20 мыңдай қазына жасапты. 
Осы қазынадан біреуді-біреу қақпай, әркім өз керегін ала бермек. 
Көшіп  келген  ортақшылдар  бізге  ерулік  айтатын  түрі  бар  көрінеді.  Семейдегі  жер 
комитетінен біздің Делбегетей елінің Өгізшапқан деген жерін сұрапты. 
Бұл жер былтыр жер министрінің бұрын қазақтан тартып алынған, әзір мұжық орнамаған 
оброчная  статья  жерлер.  «Жер  мәселесін  түпкілікті  болып  тексерілгенше,  уақытша 
қазақтың  пайдасына  болсын»  деген  әмірі  бойынша  Делбегетей  елінің  пайдасына  қалған 
еді.  Осы  әмір  әлде  болса  әмір  күйінше  қалуға  тиіс  деп  жер  комитетіне  қазақ  комитеті 
білдіріп отыр. 
Басқарма: жердің сазайы кімге болсын батқан. Алыстағы ортақшылдарды қоя тұрып, 
тұрғын  жұртты  тарықтырмайтын  жер  тапсақ  та  жетер.  Кабинет  жерінде,  казак-
орыс  жерінде  ұрандай  шулап,  босып  жүрген  қазақтарды  көре  тұрып,  Николайдың 
шабындысынан  қалған  жерін  енді  қазақ  ерулікке  оңайлықпен  беріп  отырмас.  Еңбек 
сіңіргенге жер тиетін болса, жер — қазақтікі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет