2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет121/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
АЛАШҚА АШЫҚ ХАТ 
(жылу жинайтын комитеттен) 
Жетісу, Сырдария облысындағы аштықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға жылу жинау 
үшін  Алаш  қаласында  комитет  ашылғандығы  «Сарыарқаның»  33  нөмерінде  жазылды. 
Комитеттің ережесі 35 нөмерінде басылды. 
Аштарға жұрттың беретін жылуы қандай, жылу жинау жолы қандай болмақ, бұл туралы 
комитетке қандай мағлұмат керек — осылар жайынан жазамыз. 
1)  Комитеттің  ережесі  бойынша  ел  ішінен  жиналатын  жылулар:  көрнекті  мүшелік 
жарнасы  кемінен  500  сом,  қалыпты  мүшелік  жарнасы  кемінен  10  сом.  Бұлардан  басқа 
зекет, пітір, құрбан, федия, киім, тамақ һәм жай жылулар. 
2)  Әркімнің  адамшылық,  мұсылмандық,  ағайындық  борышын  өтеу  үшін  жомарттық 
қылып  берген  жылуы  өз  алдына,  бұлардан  басқа  жылуды  өндіретін  нәрсе  —  байлар 
мойнына міндетті болған бір жылдық зекетін беру. 
Зекет,  федия  секілді  Алланың  бұйырған  садақаларын  кімге  беру  керек  екендігі,  кімге 
бергеннің  сауабы  артық  екенін,  қандай  надан  адам  болса  да  білетініне  көзіміз  жетеді. 
Бұған  талас  болмаса  керек.  Өзі  діндес,  өзі  қандас  аштықтан  қырылып,  қатын-баласын 
сатып, бірінің етін бірі жеп жатқан рулы елден артық сорлы, онан артық нашар табылар 
ма?! Садақаны нашарға, сорлыға беру керектігін білетін адам осылардан басқаға бермес. 
Ел  ішіндегі  моллалар  халыққа  мұның  жайын  ұғындырар,  баяндар.  Зекет,  федия,  пітір 
секілді  садақаларды  бұрыннан  алып  келе  жатқан  моллалар,  қожалар  бұл  туралы  өздері 
басшылық  етіп,  «біз  өлгелі  жатқанымыз  жоқ,  біздің  бала-шағаларымыз,  Құдайға  шүкір, 
әзір  сатылудан,  ашаршылықтан  аман,  бір  жылғы  зекеттеріңді,  басқа  садақаларыңды  да 
бізге бермей-ақ қойыңдар, анау бейшараларға беріңдер» деп айтар деген үмітіміз зор. Екі 
облыс  ел  қырылып  жатқанда  молла  болсын,  қара  болсын,  бай  болсын,  жарлы  болсын 


110 
 
нәпсілерін  тияр,  аштың  азығын  аузына  салып  қоймас,  Құдайды  да  ойлар,  ұят-ұжданы 
оянар деп білеміз. 
Қандай  адамға  зекет,  парыз  екенін  әркім  өзі  біледі.  Бұл  күнге  шейін  міндетті  зекетін 
жұрттың  бәрі  беріп  жүр  ме,  бермей  жүр  ме,  оны  білмейміз.  Бермейтін  кісіге  зорлап 
бергізуге  болмайды.  Бұрыннан  зекетін  беріп  жүрген  елдердің  бәрі  жылдың  мерзімді  бір 
уақытында бермейді: бір ел жазғытұрым, бір ел күздігүні, бір ел қыстыгүні беретін әдеті 
бар.  Сондықтан  бұл  туралы  айтатынымыз:  мынау  аштарға  зекетін  бергісі  келген  елдер 
жаз, күз, қыс демей, қазір беру керек. Аллаға қылған құлшылықтың көптігі жоқ. Алланың 
бұйырған ісін орындаудың ертелігі жоқ. Біз зекетімізді пәлен уақытта беруші едік, сонда 
берерміз  дегенге  ашаршылық  несиеге  қарайтын  емес,  анау  елдерді  қолма-қол  жалмап 
жатыр. 
1)  Комитет  ережесінің  10-шы  бабында  айтылған:  «Комитет  басқа  жерлерден  бөлімдер 
ашады» деп. 
Үйезный,  обласной  һәм  заштатный  қалалардағы  ұлтшыл  оқыған  азаматтарға 
тапсырармыз:  жергілікті  жылу  жинайтын  комитет  ашыңыздар.  Сіздердің  ашқан 
комитеттеріңіз мұндағы кіндік комитетінің бөлімдері болады. Бөлімдер кіндік комитеттің 
ережесін  қолданады.  Комитет  ашушылар  таза,  ұлтшыл,  жұртқа  беделді  һәм  сенімді 
адамдардан  болсын.  Бөлімдер  ашылысымен  кіндік  комитетке  тоқтаусыз  білдірсін. 
Бөлімдер істеген ісі, жинаған жылулары туралы әр айдың аяғында кіндік комитетке есеп 
беріп  тұруға  міндетті.  Бөлімдердің  қолындағы  жиналған  жылу  кімге  тапсыру,  қайда 
жіберілу еркі кіндік комитетте болады. 
2) Орынборда болған соңғы қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы бойынша бүкіл Алаштан жан 
басына  бір  сом  есебімен  (байға  байша,  кедейге  кедейше  бөліп)  ақша  жиналмақ.  Осы 
ақшаның  тез  жиналуын  һәм  қай  жерде  қанша  жиналды,  жиналған  ақша  кімнің  қолында 
соның жайын кіндік комитетке білдіруін өтінеміз. 
3) Әр үйезге, облысқа жылу жинау үшін кіндік комитет кісі шығарады. Жылу жинау үшін 
ел  аралаймын  деген  азаматтар  кіндік  комитетке  білдірсін.  Өзінің  кім  екенін,  қай  елдікі 
екенін айтсын. Жылу жинайтын кісі таза ұлтшыл, ерінбейтін болуы шарт. Кімді қай жерге 
шығару  еркі  кіндік  комитетте.  Жылу  жинайтын  азаматтар  ақысыз,  пұлсыз  қызмет  етеді. 
Олардың қолында квитанция дәптері һәм кіндік комитеттен алған (мөр басқан, қол қойған
штампы  бар)  куәлік  қағазы  болады.  Жылу  берген  кісінің  қолдарына  квитанция  беріледі. 
Қолында квитанция дәптері һәм куәлік қағазы болмаған кісіге ешкім жылу бермес. Жылу 
жинап  жүрмін  деп  жұртты  алдаушылар  шығу  ықтималы  бар.  Қолында  квитанция  һәм 
куәлік  қағазы  болмаса  да  елге  кім  екені  анық  белгілі,  қиянат  қылмасына  көз  жеткен 
сенімді,  таза  кісілер  жылу  жинамақ  болса,  сенуге  болар.  Бірақ  квитанциясы  һәм  куәлік 
қағазы  жоқ  кісілердің  қиянаты  шықса,  оның  үшін  кіндік  комитет  жауапты  емес.  Жылу 
жинауға  арналып  шыққан  азаматтарға  ел  лау  берсін,  аштарға  азық-түлік  тасуға  көлік 
берсін  деген  комитеттің  куәлік  қағазы  болады.  Қағазы  жоқ  кісіге  ешкім  лау-көлік 
бермесін. Елге кім шыққаны «Сарыарқада» басылып отырады. 
4) Жетісу һәм Сырдария облыстарының қай үйездерінде, қай болыстарында ашаршылық 
күшті, жалпы халы қандай, өлім-жітім қандай дәрежеде болып тұр, жәрдемге мұқтаж қай 
елде  қанша  адам,  көрші  аман  елдердің  күйі  қандай,  қай  жерде  қандай  жылу  жинайтын 
ұйымдар бар — осылар туралы сол жақтың көзі ашық білетін азаматтары кіндік комитетке 
кешіктірмей толық мағлұмат, хабар беруін өтінеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет