115
КҮНШЫҒЫС ХАБАРЫ
Харбиннен төте телеграфпен мынандай хабар алынды:
«16 мартта Пекинде Қытай, Жапон һәм Америка генералдарының кеңесі болып, кеңес
ішінде большевиктен қашып жүрген орыстың Горшков, Путляев һәм Колчак деген
адамдары да болған.
Жапония, Қытай генералдары Россияның күншығысында Орктке шейін большевиктерге
тию салып, тыныштық орнату керек екендігін сөйлеген. Большевиктерді өзінен өзгенің
бәрі жүгендеп бер деп тілек қылып отырғаны айтылған. Бұл сөз сөйленгеннен кейін
күншығыста тыныштық орнатуға міндеттеніп, сол жақтағы жерлерді былайша үлесіп
алысқан: Америкаға тапсырылған жер — Уссурийский облыс, шойын жолымен; Қытайға
тапсырылған жер — күншығыс Қытай шойын жолы; Жапонияның міндетіне артқан
жерлер — Амур өзенінің бойы, Оркт қаласы. Бұл айтылған жерлерді большевиктерден
тазартуға Жапония күш жиып бермекші болды.
Жапония
газеттерінің сөзіне қарағанда, Жапония әскер жиып жатса керек.
Достарыңызбен бөлісу: