ОРТАҚШЫЛДАР Әнеугі Семейге келген 2 жүздей ортақшылдар Зыряновский деген қалаға Земейногорский
үйезіне жетті.
ПЕТРОГРАД Петроград, Мәскеу, Нижний Новгород арасына бұдан былай почта аэропланмен
тасылады. 29 мартта бұл аэропландар жүре бастамақшы еді, күннің желі жүргізбеді.
ОРЫС СОТЫ ӨЗГЕРІЛУ Семей советінің сот бөлімі орыс соттарының бәрі жоғалып, қайтадан жаңа түрлі сот
сайланады. Қазақ соттары жоғалмай, қазаққа тиісті жұмыстарды басқара береді деп үйез-
үйезге жарлық таратты.
ОРЫНБОР ХАБАРЫ «Алтайский луч» газетінің 47 нөмерінде жазады: «Орынбордағы совет Мәскеуге телеграм
берген. Омбыда бостандық жауы көбейіп, қорқыныш болып барады. Кешікпей күш
жіберсеңіз екен» деп. Телеграмға қол қоюшылар: қызыл гвардия комиссарлары —
Баланин, Старочилов, Сократов.
МӘСКЕУ ХАБАРЫ Мәскеудегі жүгенсіздер (анархистер) хұқықты болып бара жатқан көрінеді.
Бірсыпырасының совет жағы қаруын тартып алыпты. Жанжал басталды, әзір бітетін емес.