БІТІМ — СОҒЫСУ Марттың 26-сында совет хүкіметінен келген телеграмда Германияның канцлері айтады:
«Россиядан жер алмай, шығын төлетпей бітім жасап отырмыз. Және қазір соғысып, жер
алып жатқанымыз алған жерлердің халқы біздің қолтығымызға кіруге өздері тіленіп отыр.
Сол себепті біздің қазіргі орыс жерлерін алып жатқанымыз бітім шарттарын бұзатын
нәрсе емес» дейді.
Алған кісі атын атап алмай қайтушы еді!
ГЕРМАНИЯНЫҢ ӨЗ ХАБАРЫ Марттың 21-нен 28-не шейінге алған тұтқындарымыз 1280 кісі, 739 құрал; бұрынғы
қолымызда тұрғандарымен қосылғанда 90 мың кісі, 1300 құрал. Және Украина жерінде
Полтова-Константиноград шойын жолында француздың 28 вагон мылтығын, тағы басқа
көп саймандарын қолға түсіріп алдық дейді. Бұл немістің бір жолғы беттегендегі олжасы.