122
тиіп-ақ қойғаны. О. мырза мұны ести сала Р-ның төркінін шақыртып алып, Р-ға
сөйлестірсе,
бұрын малға сатып,
бір шалға бергенсіңдер, енді өзімді өзім билеймін дейді.
Сөйтіп О. мырза келіншектен айырылғанына әбден көзі жеткен соң көп сүйінші шығарып,
бағанағы ұрлатқан жылқысының ішіндегі бір атының көзін тауып, ат тұрған кісіден сатып
алады. Оның алдым деген кісісі келіншекті алған К-ның құдасы болып шығады. О. атты
әкелісімен К-ға «малымды бер» деп кісі салса, «мен ақпын, алған жерінен қусын» деп
жүре жауап берген соң, әрі қатыннан, әрі жылқыдан айырылып отырсың ба, бір түнде К-
ның қақпасын ашып, алты-жеті қара, екі-үш қойын барымта алады. Тағы ара ағайын
кірісіп, барымтаны қайтарып, ағайын берекесіне салмақ қылады. Бұл жұмыс осы күнде
осы қалыппен тұрса керек. Бірақ соттағы арыз әлі тексерілген жоқ болса керек. Оның түбі
не болады, бір Алла өзі біледі.
Бұл әңгімені жазғандағы мақсатымыз — біреуді қаралап, біреуді ақтамақ емес. Осыны
мысал қылып, еркектер де, әйелдер де ендігі ары артын байқап іс қылсын деп ғибрат үшін
жаздық.
О. аламын деп азғырмаса, Р-ның несі бар еді? Р. жер соқтыратұғынын білсе О-ның несі
бар еді? Тегінде теңдік тиді деп әйелдердің де бірден бірге салдабалана бергені жарай ма?
Еркектер де алды-артын байқамай көрсеқызарланып, ұятқа шалдыға бергені де жарай ма?
Достарыңызбен бөлісу: