ЖҰМЫССЫЗДЫҚ Сібірде қолы бос қаңғып жүрген жұмысшылар көбейіп барады. Сірә қолы бостың
көбейгені, жұмыссыз, тамақсыз жатуы тәуір ырым емес.
СОҒЫС ХАЛЫНДА Сібірде военное положение (соғыс халы) болып еді. Семейде де болды. Алаш қаласында
да военно-революционный штаб ашылды. Кешкі сағат 9-дан былай көшеде жүруге
болмайды.
Сыртқы хабар КҮНШЫҒЫС ОҚИҒАСЫ Владивостоктан алынған төменгі хабарды халық комиссарларының советі бүкіл Россия
қалаларына жариялап отыр. 4 апрельде (жаңаша) таңертең Жапонияның Владивостоктағы
«Исбида» деген конторына қару-жарақты бірталай кісі келіп, таланды жасап, Жапонияның
екі кісісін өлтіреді. Ертеңінде кідірмей Жапонияның екі рота әскері соғыс саймандарымен
Владивостокқа кіреді. Бұл әскерлердің қару-жарағын ала келуі Жапония біржола соғысуға
бетін ашып, пәле іздеп келген келісі. Жапонияның ізін басып, Англия Владивостокқа кіріп
отыр. Бұлардың кектенген нағыз жауы — совет хүкіметі. Жапонияның әскер бастығы
Катулади Восток халқына сөз таратып отыр. «Жапония бір нәрсеге қызығып келген жоқ.
Іштеріңдегі бүліншілік, бассыздықты тоқтату үшін өзіне міндет көріп келіп отыр» деп.
Екінші себебі, екі кісінің өлтірілуі депті.
Бұл кісілерді кім өлтірді? Не себеп болды? Совет хүкіметінің мұнан хабары жоқ. Жалғыз-
ақ совет хүкіметінің білетіні: Жапония газеттерінің «Жапония біресе Орктке, біресе бүкіл
Сібірге — Оралға шейін тыныштық орнатамыз» деген сөзі.