2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет135/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
 
* * * * * * 
 
ЕГІННЕН ҚАМТАМА ҚАЛМАҢДАР! 
Россияның басына өмірі тумаған зобалаң туып, шаруа біткен қаусап, күнелту  қиындыққа 
айналды.  Мұны  қаусатып  отырған  жер  жүзіне  жайылған  қырғын  соғыс.  Соғыстың 
кесірінен туған қымбатшылық. Оның үстіне ішінара өзін-өзі бүлдірген әрекет. 
Бұрын тыныш уақытта бір мемлекеттің жетпегені болса, екінші мемлекеттен алып тұрушы 
еді. Астығы мол, сайманы аз жер астығын сатып, сайман алушы еді. Астығы кем, сайманы 
көп халық сайманын сатып, астық алушы еді. Жердің о шеті мен бұ шетіндегі бар нәрсе 
судай  сапырылып,  араласып,  қатынасып  жатушы  еді.  Соғыс  басталған  соң-ақ  басқа 
мемлекеттермен  қатынас  тоқталды.  Айырбас  азайды.  Жетпеген  нәрсені  алатын,  табатын 
орын  қалмады.  Мемлекеттің  өз  ішіндегі  азық-түлік  әскердің  азығына  алынды.  Әскерге 
азыққа алатын нәрсеге таксін (кесімді баға) шығарды. Бұған көнгендер көнді, көнбегендер 
ұрлады, жырлады, тығылды, өртеді — қайтсе де азық-түліктен киім тарлық күшейе берді. 
Азық азайған сайын бағасы арта берді. Мұнымен қымбатшылық туды. 


118 
 
Соғыс  басталған  соң-ақ  бұрынғы  халықтың  керек-жарақ  (сайман,  бұл-былғары, 
кездемелерін)  істеп  шығарып  тұратын  фабрика,  зауыттар  соғыс  жабдығының  қару-
жарағын істеуге кірісті. Керек-жараққа зәрулік артқан сайын баға көтеріле берді. Мұның 
үстіне  Россияда  өзгеріс  болды.  Фабрика,  зауыттардағы  жұмысшылардың  көбі  ел  билеу, 
тұрмыс  түзеу  жұмысына,  саясат  ісіне  кірісіп,  жұмыс  иесіз  қалды.  Қалаларда  бассыздық, 
аласапырандық  көбейіп,  бар  нәрсенің  көбі  ойран,  күл-талқан  болды:  таланды,  ұрланды, 
бүлінді, өртелді. Аз мұнша істеп шығарған керек-жарақ толып жатқан көп жұртты жарыта 
алмады.  Және  аз-маз  жетерлік  нәрселердің  өзін  тасып  жеткізерлік  көлік  қатынас  тағы 
азайды.  Отарбаның  бәрі  соғыс,  өзгеріс,  саясат  жұмыстардың  айдауында  болып,  шет 
жерден керек-жарақ әкелуге мүмкін болмады. Мүмкін болған жерде мойнын бұра алмады. 
Соғыс,  өзгеріс,  қымбатшылық  әрекет  азықты  да,  керек-жарақты  да,  малды  да  азайтты, 
тауысуға таяды. 
Енді мұнан не шықты? Мұнан шыққан нәрсе — шаруаның күйзелгені. Азық-түлік, керек-
жарақтың кемігені, кем нәрсені тауып алуға шаманың жоқтығы. Ал енді не болмақ? Енді 
ашаршылық, таршылық, қымбатшылық болмақ. 
Олай  болса  не  істеу  керек?  Бұрын  мұжық  көп  қылып  егін  салушы  еді.  Шығымды  болса 
орыс та, қазақ та астыққа қарық болушы еді. Бұл болмайын деп отыр. Себебі мұжықтың 
егін саларлық өгізі, аты, соқасы, тұқымы азайды, кісісі кеміді. Өзгесін бірдеме қып көрер 
еді,  көлік  пен  соқа,  тұқым  табу  мейлінше  қиын,  мүмкін  емес.  Биыл  егіншілер  жылдағы 
салатын  егінінің  жартысын  салса,  күштегені,  салғаны-ақ.  Ол  салған  егін  жақсы  шыққан 
күнде  де  қаусап  отырған  Россияның  жұмырына  жұқ  болуға  жарамайды.  Әркім  өзін 
асыраса сол-ақ. Ендеше, орыстың астығына сеніп отыруға орын жоқ. 
Егін  салатын  қазақ  биыл  шамасы  келгенше  тырбанып,  егінді  мол  салу  керек.  Егін 
салатындар  салуға  кірісу  керек.  Ертерек  қам  қылып,  соқа  іздеп,  бар-жоғымен  ұйысып, 
күшін біріктіріп, егін салуға аянып қалмау керек. Біреуге сеніп үйде отыра беретін заман 
емес  екенін  жұрт  байқайтын  шығар.  Қолдағы  қара-құраға  малданып,  бос  қалмаңдар. 
Астық  болмаса  малды  да  ұстап  отыру  қиын  болар,  онан  да  күн  бұрын  өз  қотырымызды 
өзіміз қасып, тұлыпқа мөңіремес қамымызды қылып, егіннен қамтама қалмайық, жұрт! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет