2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет133/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Басқарма:  үйездің  қара  бұқара  кедейлері  жиылып,  үйез  басы  бір  кісі  өкіл  сайлап,  елді 
совет  билесін,  комитет  біткен  жойылсын,  жұртты  жиып  құртатын  болды  дегені  — 
елдің есі кіргендігі. Адам болайын, адамдың правомды алайын дегені ғой. Бүйтіп есі кіріп, 
етегін  жабатын  ел  болса,  тегі  біз  тез  жұрт  болады  екеміз.  Ел  өзі  жұмылып  тұрса, 
жалмауыздарды  жою  оңай  ғой.  Көп  қорқытады,  терең  батырады.  Күш  —  көпте, 
бұқарада. 
Бірақ  кішкене  күдіктенеміз.  5  үйез  елдің  бұқарасы  жиылып,  5  өкіл  сайлап,  Семейге 
жіберді  ме  екен?  Тым  болмаса,  үйез-үйезінде  сайлады  ма  екен?  Және  осы  5  өкіл  басын 
қосып,  большевик  хүкіметіне  берген  арызына  түгел  қолдарын  қойды  ма  екен?  Осының 
бәрі  өкілдікке  жарайтын  адамдар  ма  екен?  Бір  облыс  елдің  бұқарасы  үйез  басы  өкіл 
сайлап  жатса,  бірі  болмаса,  бірі  естілсе  керек  еді.  Өзгеміз  мешеу  болса  да, 
ұзынқұлағымыз жатпаушы еді. 
Биыл комитет сайлағанда байдан батып, кедей ешнәрсе айта алмаушы еді. Бір облыста 
102 болыс бар, соның бәріндегі комитет неғып сыпыра жалмауыз болып кетті?! Көбі-ақ 
жалмауыз болсын, неғып қазақ бірауыз боп өкіл сайлай қойды?! 
Өкіл  сайласын-ақ,  көп  жағы  бүктеген  шығар,  неғып  Семей  үйезінен  өкіл  болуға  Шаған 
елінің қазағы (бай) буржуй Мұсатайдың жылқышысы Көпежан Маңызовтан басқа мал 
бақпай, сөз бағып жүрген бір адам табылмады?! Қарқаралы үйезі Семейде жүрген Хасен 
Ақаевтің жолдасы Жансұлтан Момыновты сайлай қойды ма екен?! Нарын елінің қазағы 
Омар  Шерубай  баласын  Зайсан  үйезі  өкіл  сайлады  ма  екен?!  Қарабұжыр  елінің  қазағы 
Сақпан  Әбділда  баласын  Өскемен  үйезі  сайлады  ма  екен?!  Сәлиман  Байтоғаевты 
Павлодар  үйезі  сайлап  па  екен?!  Көзіміз  жетпейді.  Бұл  туралы  я  сол  кісілердің  елі,  я 
өздері жауап берер. 
Біздің  айтатынымыз:  тегінде  бұл  жұмыс  қусынған  мырзалардың  бықсымасы  болуға 
керек. Заманның түріне төңкеріліп бетін бояй қою, подлог жасай қою өзіміздің қулардың 
қолынан  келе  беруші  еді.  Көнек  сұрайтын  күн  болса  кедей  бола  қап,  кедейдің  сойылын 


117 
 
соға  қап  жүрген  мырзалар  нағыз  дүмбілез  —  буржуйдың  өзі  боп  шығып,  байпағын 
қонышынан басып жүрмесе нағысын?!... 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет