БОЛЬШЕВИК ЖАРНАМАСЫ
Семей облысының мұжық, қара жұмысшы, солдат, казак-орыс һәм қазақ сиезі күнбатыс
Сібір депутаттарының советіне мынадай телеграм беріп отыр:
«Күншығыстан Сібірге үлкен қауіп келе жатыр. Тізбе-тізбе жаудың алдынан баруға
солдат жинаңдар. Киімі, азығы мол қару-жарақты солдаттарды Сібір ортасы Орктке
жіберіңдер. Уақ әскерлерді Омбыға, Томға жіберіңдер. Жинаған солдаттардың есебін
беріп отырыңыздар. Бұл жұмысты дереу қолға алыңыздар» дейді. Және халыққа мынаны
айтады: «Ей, қауым! Не қылса да байлар біздің тұқымымызды құртқысы келеді. Оның
үстіне күншығыстан бір пәле келеді. Біз бұл пәлеге қам қылып, қаһарланып қарсы
тұруымыз керек. Ей, қауым! Мылтықты қолға алыңыздар! Бәріңіз бірігіп, солдаттыққа
жазылыңыздар. Бұдан бөлек істейтін іс жоқ. Біздің дұшпанымыз не қылса бізге маза
беретін емес. Біздің Сібір халқының күшін байқасын. Бұл төбелеске ат-тон, азық-түлікті
не қылса да Семей облысы беру керек. Біз қанша татуласамыз десек те, төбелеспеуге
лажымыз болмады. Жаудың алдынан қарсы тұрмасақ, тұқымымызды үйде отырғанмен
құртады. Ей, қауым! Жоғарғы айтылған ретпен солдаттыққа жазылып, бар күштеріңізді
салатын уақыт жетті. Халық, туған жерді, бостандықты сақтаңыз, ел-жұртты қорғаңыз.
Өз еркімен солдат болам дегендер Семейдегі большевиктердің үйіне келіп жазылсын»
дейді.
Сиез Советтікі, президиум: Звездов, Камаров, Габриленов, Шугаев, Тросов, Батушкин,
Клеимонтов; қазақтан Әлімбеков; казактан: Кушин.
15 мартта 1918 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |