2 ҚҰЛАҚтандыру


КОМИТЕТ ЖОЙЫЛСЫН, СОВЕТ БОЛСЫН



Pdf көрінісі
бет132/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
КОМИТЕТ ЖОЙЫЛСЫН, СОВЕТ БОЛСЫН 
24  мартта  шыққан  Семейдегі  «Трудовое  знамя»  газетіне  мына  бір  сөз  басылып  отыр. 
Семей  облысындағы  5  үйез  елдің  кедей  бұқарасы  өкіл  сайлап,  обласной  советтен  тілек 
сұрауға  жіберген.  Ол  өкілдер  мыналар:  Көпежен  Маңыз  баласы,  Сәлиман  Байтоғай 
баласы, Сақпан Әбділдә баласы, Омар Шерубай баласы, Жансұлтан Момын баласы. 
Бұл  5  кісі  советке  тілек  кіргізіп  отыр.  Сөзінің  басында  Семей  облысының  советтер 
исполнительный  комитетіне  қазақтың  социал  демократ  партиясы  «Үш  жүзден»  деп 
жазады.  Сонан  кейін  мемлекет  халын  біраз  суреттеп,  бір  сыпыра  әдемі  шешен  сөзден 
айтып келіп, аяғында сұрайтын тілегі мынау: 
«Өзгеріс  болған  соң-ақ  бұрынғы  халықты  жеген,  ашқарақ  жалмауыз  болыстар  түсіріліп, 
орындарына комитет дегендер мінді. Комитет билегеннен кейін бұрынғы бір қанішердің 


116 
 
орнына  он  қанішер  пайда  болды.  Қысқасы,  қазақтың  үйезный,  волосной  комитеттеріне 
Николай тұсындағы байлар (буржуйлар) кіріп отыр. 
Халықтың игілігі, бақыты үшін, ел ішіне әділдік орнату үшін дереу бұл жалмауыздардың 
көзін  жойылту  керек.  Жоғарыда  айтылған  5  үйездің  халқы  бізге  қадала  сұра  деп  қатты 
тапсырған  себепті  біз  төменде  қол  қоюшылар  советтен  сұраймыз:  бұрынғы  халыққа 
қадірсіз, кедейге жексұрын волосной, үйезный комитеттерді жоғалтсаңыз екен. 
Біз ойлаймыз, үйезный, волосной комитеттерді  жоғалтқан соң олардың істейтін жұмысы 
солдаттың,  жұмысшылардың,  мұжықтың,  қазақтың,  казактың  депутаттар  советіне 
тапсырылу  керек  деп.  Ол  депутаттар  қазақтың  тұрмысына  қарай  тезінен  волосной 
советтерді  жасауға  қам  қылу  керек.  Үйезный  совет  пен  волосной  совет  жақындасып  іс 
қылуға волосной советтерден үйезный советке өкіл кірсе жарар еді дейміз. 
Совет хүкіметінен сұраймыз: 
Біздің бұл өтінішімізге ықыласыңызды салып, тезірек өмір жүзінде іске асатын қылсаңыз 
екен. 
Қол  қоюшылар:  Көпежан  Маңызов,  Сәлиман  Байтоғаев,  Сақпан  Әбділдин,  Омар 
Шерубаев һәм Жансұлтан Момынов. 13 мартта 1918 жылында. 
Өкілдердің тілегі осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет