КЕЛІМСЕКТЕР ТУРАЛЫ
Ішкі Россиядан көшкен, жерінен қуылған мұжықтар ай-күйге қарамай, қазақ жеріне келіп
орнай кететіні мәлім еді ғой. Бұл келімсектердің көбі өз бетімен жерден мөңіреп
қалғандар, кейі о жақтағы сұмдардың жер алып қой деп жіберген жер қараушысы
болатын. Бостандық болғаннан бері де жер халықтікі, көптікі, еңбек қылған, егін
салғандікі деген лақап талайдың емешегін құртып, Сібірге қарай шұбаған реті болатын.
Орал тауынан бері асып, темір жолдан сап тимей, қамалып жатқан хохолдар аз емес
болатын.
Семейдегі совет Мәскеуге осы келімсектер туралы телеграм берді: Сібірге келетін
переселендерді әзір тоқтат деп һәм кісілерін жіберіп, жер аламыз дегендерге хат жазылды,
тоқтат деп.
Достарыңызбен бөлісу: |