114
ҒҰЛАМАЛАР ҚАУЛЫСЫ
Большевик хүкіметі мектеп-школдарда дін сабағы оқытылмасын деп шығарған пәрмені
туралы Қазандағы ғұламалар қауымы кеңесіп, мынадай қаулы жасаған:
«Ислам дінінің бұйрығы бойынша әрбір мұсылман адамға дін үйрену һәм үйрету парыз.
Жас балаға жеті жасқа жеткен соң дін үйрене бастау керек деп пақырымыз айтқан. Егер
қазіргі пәрменмен іс қылып, мектептерде дін сабағы тоқталса, шариғаттың әмірін орнына
келтіру мүмкін емес. Және дейді басқа түрлісін түсіндіріп оқыту халқымыздың сүреңін
бұзады. Бұған шейін де талай таршылыққа шыдаған халық мұнан былай да шара тауып, әр
түрлі мектеп-медреселерде дін сабағын тоқтатпай оқыта беруге тырысу керек. Дін сабағы
тоқталса, бүкіл мұсылман һәм молла атаулы жауапты, күнәһар болмақ. Бұл туралы Қазан
ғұламалары дайым бүкіл Россия ғұламаларының кіндік ұйым ережелері де қарсы тұрмақ
жәһәтінде».
Ғұламалар қауымы
(«Ел», №35)
Достарыңызбен бөлісу: