2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет194/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
«Алтайский луч» 
 
МИРАС ҚАЗЫНАНІКІ 
Совет  Хүкіметінің  жарлығы:  өлген  адамның  артында  қалған  мал-мүлкі  қазынаға  түседі. 
Еңбек  қылуға  шамасы  келмейтін  мирасқорлар  қазынаға  түскен  малдан  күн  көрерлік 
қаражатын алып тұрады. 
 
МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША ЖАЙЫ 
Жақын  арада  Мәскеудегі  советтердің  Кіндік  Комитетінде  қазына  комиссары  Гуковский 
ақша жайынан баяндама қылған. 
«Мемлекеттің бұрынғы борышын төлемейміз деп жария қылып, жылдағы төлеп тұратын 
өсімдерді  тоқтатсақ  та  мемлекет  шығыны  орта  түсетін  көрінбейді.  Қайта  күн  санап  алға 
басуда» дейді. Мысал үшін төменгі есепті келтіреді: 
1918 жылдың әуелгі алты айында мемлекеттің шығыны 80 миллиардтай (бір миллиардта 
мың  миллион  бар)  болмақ.  Кірісі  3  миллиардтан  аз-ақ  асады.  Міне,  осы  цифрлар 
мемлекеттің  ақша  һәм  шаруа  жүзінде  семуіне  үлкен  дәлел.  Мемлекеттің  мұндай  ауыр 
халға ұшырағаны тарих жүзінде болмаған іс. Мемлекеттің кірісі неден болмақ? Өзіміздің 
істеп,  шығарып  тұрған  заттарымыз  халықтың  керегінен  артылса,  сол  артылған  заттар 
ақшаға  айналып,  мемлекетке  кіріс  болып  табылмақ.  Осы  күнде  істеп  шығарып  тұрған 
заттарымыз  халықтың  керегінен  артылмақ  түгілі  әуелі  көбіне  жетпейді.  Мемлекеттің 
кірісінен  шығыны  көбейіп  отырғаны  осыдан.  Осы  күнде  иек  сүйеп,  талшық  қылып  келе 
жатқанымыз  бұрынғы  запастардың  (тас  көмір,  мақта,  жез  басқалар)  арқасы.  Фабрика, 
зауыт  машиналары  тозып,  келешектегі  жаман  күнге  сақтаған нәрселер  азайып,  қолы бос 
қалған жұмыскерлер көбейіп келеді. Қолы бос жұмыскерлер біреудің тапқан-таянғанына 
ортақ  болып,  мемлекет  шығынын  бұлар  да  көбейтіп  отыр.  Сондықтан  істеп  шығарып 
тұратын заттарымыздың мөлшері  қандай, тез арада осының есебін, кірісті  тексеруге қам 
қылу керек» деп Гуковский баяндамасын тоқтатқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет