Ғабдалхәкім Имамбекұлы Ел хабарлары ҚОСТАНАЙДАН Қостанайда январьдің 10-15-не дейін үйезный қазақ сиезі болып еді. Орынбордағы жалпы
қазақ сиезінің қаулысын өкілдер доклад қылды. Алашорда болуға жұрт өте ықылас
қылып, кесікті салықтан басқа Ордаға көмек көрсетеміз деп байлардың алды 10 мың, арты
бір жүзден 35-40 мыңдай сома жиналып еді. Сол уақытта Орынборға большевик те келіп
жетіп, советін құрып отырып еді. Біздің 5-6 болыстың бостандықтан бері болыстықтан
қалып, кіжініп жүрген азулы қасқырлары советке барып: «Жәбіршілік көріп жүрміз» деп
жылап, қалталарын түбінен кесіп беріп, әрқайсысы бір делегат болып, 5-10 кісілер
сағынып қалған мөрлерін құшақтап сүйе бастады. Мұны көрген екінші жақтары қалтаға
делегаттық табылатынын біліп, кезек-кезек шабуылдап, бірін-бірі «контр іреп алып сояр»
деп жаптырып, салықты былшылдатып салдырысып, аударысып жатыр.
Қостанай үйезіне 5 миллион шығын салды. Болыс болатын байлардың алдына 200 мың,
артына 10 мың түсіп жатыр.
Большевик кедей мен жұмысшыдан болады деуші еді. Біздің Қостанайдың байы да,
ақсақалы да, қажысы да большевик болып, елді бүлдіріп жатыр. «Қазақ сығаласа ұжмаққа
кірді десейші» деп сарт айтпақшы, біздің санасыздар «Жындыбек» бол десең бола кететін.
Большевикпен таныстырып жүрген «басшымыз» студент Әбубәкір Иманов, председатель
болып отырған Ғұмар Досжанов деген зиялы ақсақал.
Көпшілік қара шаңырақты күтуде.