2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет199/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
«Бірлік туы» 
 
АРАМЗАЛАР 
Алтыбай  болысы  Қозыбақ,  Қойсары  деген  елдің  маңайында  үш-төрт  шақырым  жерде 
Грязнов  деген  4-5  үй  хохолдың  екі  аты  жоғалып,  Тілеуқабыл  Жарқынбековтің  жақын 
ағайыны  бір  жігіттен  көріп,  Тілеуқабылдың  ауылынан  төлетіп  алмақ  болады.  Жармақ 
қаласына Әбіш Әпсаламов деген бір ақсақал мен көрген кісілерді шақырып, төлеу бер деп 
қысады.  Ұрыны  тауып  беруге,  болмаса  мал  төлеуге  һәм  ұрыдан  өндірген  малға  олжалас 
болуға Тілеуқабыл, Әбіш уағда байлады. Ұрыны тауып береміз дегені ұрыны біледі екен. 
Малды  Тілеуқабылдың  ағайыны  бір-екі  жігіт  40  сом  алып,  тағы  бір-екі  ұрыға  шығарып 
берген екен. Әбіш пен Тілеуқабыл өз ұрыларын жасырып, алып кеткен екі ұрыны қосып, 
Ақсу елінен үш, Алтыбай елінен екі кісіні көрсетеді. Көрсетілген 5 кісіні марттың 31 күні 
(ескіше)  50  шамалы  қызыл  гвардия  шығып  айдап  алып  кетеді.  Малын,  үй-ішін  шауып 
әкетеді. 
Бесеуін  апарып  абақтыға  жапқан.  Жармақ  қаласының  орыстары  неше  жылғы  жоғалған 
нәрселерін төлетпек, шығынын айтқызбақ болып ұрған, соққан, адам көрмеген қорлықты 
көрсеткен.  Тілеуқабыл,  Әбіш  те  жанын  қинаса  шынын  айтады  деп  мейлінше  ұрғызған 
(біреуінің қабырғасы сынған). Қанша ұрғанмен ұрылар расын айтудан танбаған. Ұрлаған 
нәрселеріне  шейін  мойнына  алса  да,  ішіндегі  біреуі  нағыз  бейуаз  екенін  айтса  да, 
шығарып берген Тілеуқабылдың ағайыны екендігін білдірсе де Әбіш, Тілеуқабыл солдат 
өзіндік болған соң бет бақтырмаған. 
Бұл екі мырза мұнымен тұрмайды. Елу солдат қолында болған соң Құдайдан соңғы күш 
өзінде болып, бұрынғы қырғи қабақ адамдарын мұқатуға кіріседі. Ақсу елінде өгіз сатып 
жүретін  бай  саудагер  адам  Сәдуақас  Кене  баласын  ұрыдан  мал  сатып  алады,  ұрыға  ат 
береді деп көрсетеді. 2-ші апрельде Сәдуақасты ұстауға 20 солдатпен Әмен Нұрым баласы 
сау ете түседі. Сәдуақастың сол жабылған 5 кісіден аз мұнша өгіз сатып алғаны рас болса 
керек. Бірақ Сәдуақастың адал адам екенін 4-5 болыс қазақ һәм орыс өгіз сатушылары да 
біледі. Онымен ісі болған жоқ. Сәдуақасты арбаға көтеріп соғып, 150-дей өгізін солдаттар 
айдап кетеді, өзін апарып жауып қояды. 


165 
 
Ақсу  елінің  басшы  адамдары  барып  орыстармен  сөйлесіп,  орыстан  6,  қазақтан  6-12  кісі 
сот сайлап жұмысты тексереді. Қазақтың сөзін белсеніп сөйлеуге қара күштен қаймығып, 
жалғыз-ақ Сәдуақасты, тағы бір-екі бейуазды, Сәдуақастың 17 өгізден басқасын босатуға 
билік айтылды. Қалған үш кісінің екеуін 25  жылдан, бірін 15 жылға жер аударуға кесті. 
Орыстар Сәдуақастан өгізіңді қораға қамағаныңа деп 150 сом штраф алып отыр. 
Билік айтқанның ертеңінде ұрының малдарын һәм Сәдуақастың 17 өгізін тұрыққа салып 
сатты. Сәдуақас өгіздерінің алды тұрықта 620 сомнан сатылды. Сәдуақастан бір мыңдай 
шығын шықты. Бір-екі өгізін таныдым деп орыстар алып қалып еді. Құлмырза қуып жүріп 
орыстікі қылмай қайырып алып берді. Енді бір болыс елдің приговорымен ана малды да 
іздеп жатыр. Не болары белгісіз. 
Заманның  мынадай  аумалы-төкпелі  кезінде  қазақ  атына  күйе  жағып,  бейуаздарды 
зарлатып,  шабыншылыққа  ұшыратқан  жасы  алпыстағы  Әбіш  көк  сақалға  һәм 
Тілеуқабылға  жүрегінде  иманы  бар,  денесінде  қазақтың  қаны  бар  кісінің  бойы  сілтідей 
тұнбас  па?!  Мұнан  да  артық  арамзалық,  жүзіқаралық  болар  ма?!  Бір  қарын  майды  бір 
құмалақ шірітеді. Мұның кесірі Жармақ (Пристань) тұсындағы қазаққа тимесе жарар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет